Сәрсенбі, 23 Қыркүйек 2026
4328 4 пікір 27 Ақпан, 2020 сағат 11:38

Перуашев «Парламенттік оппозиция туралы» заң жобасын Үкіметтік комиссияға таныстырды

Кеше Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Заң шығару қызметі жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы әзірлеген «Парламенттік оппозиция туралы» заң жобасы талқыланды.

Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының жетекшісі, депутат Азат Перуашев заң жобасының негізгі ережелерімен таныстырды.

Қызу талқылауға ұласқан отырыс барысында мемлекеттік органдар жобадан кейбір ережелерді, оның ішінде бюджет шығыстарына қатысты немесе Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделмеген ережелерді алып тастауды талап етті.

Алайда комиссия мүшелері оппозициялық парламенттің заң жобасына қолдау білдірді.

«Ақ жол» партиясының бастамасымен әзірленген заң жобасы бойынша ведомствоаралық комиссияның ресми қорытындысы күтілуде.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1410
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2989
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1057
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 992