Дүйсенбі, 30 Желтоқсан 2024
2722 13 пікір 27 Ақпан, 2020 сағат 12:53

Зеленский «Қырым оккупациясына қарсылық күнін» белгіледі

Украина президенті "Ресейдің Қырымды оккупациялауына қарсылық күнін" тағайындау туралы жарлыққа қол қойды. Бұл күн жыл сайын 26 ақпанда атап өтіледі.

Дәл осы күні 2014 жылы Симферопольде қырым татарларының митингі өтті. Олар түбекті аннексиялаудың басталуына қарсы шықты. Қырымның Ресейге қосылуын қолдайтындар оларға қарсы болды. Қақтығыс салдарынан екі адам қаза тауып, бірнеше адам жараланды. Келесі күні жергілікті парламент Ресейге қосылу туралы референдум өтетінін жариялады.

Кремль өкілі Дмитрий Песков Украина президенті Владимир Зеленский жарлығы "қырымдықтардың Ресейге қосылу туралы шешімінің шынайы жағдайы мен себебін сипаттамайды" деп мәлімдеді.

Бұның алдында, 26 ақпанда, Киевте Age of Crimea форумында сөйлеген Зеленский аннексияланған Қырым мәселесі күн тәртібінен түспейтінін, "оны Донбастағы бейбітшілікке" айырбастамайтынын мәлімдеген.

Қырым татарларының жетекшісі Мұстафа Жемилев түбектегі жергілікті тұрғындардың құқықтары бұзылып жатқанын айтты. Ол тараптарды халықаралық заңдарды сақтауға шақырды. Жемилевтің пікірінше, Ресей Қырымнан әскерін шығарып, шығынды төлеп, агрессияға кінәлілерді жазалауы тиіс.

Ресей Қырымды 2014 жылы өткен референдум қорытындысы негізінде аннексиялады. Референдум өткізу Украина заңдарына қайшы келді. Қырым аннексияланған соң АҚШ пен Еуроодақ Ресейге қатысты санкция енгізді. Мәскеу түбектің Ресейге қосылуын "тарихи әділет үстемдігі" деп есептейді.

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2096