Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2975 0 пікір 23 Маусым, 2009 сағат 19:09

Алтынбек МҰҚЫШЕВ. Сары басылым. Сана сарабындағы соқырлық

Әрқашанда түрулі «ұзынқұлақ агенттігінің» ақпаратына сүйенсек, жұмыр жерден жеті қоян тапқандай жаһанды жалпағымен басып жүрген Жириновскийдің жетпіс әйелі болыпты деседі...
Қызықтырады ма, қалай?

Бірақ, қалай десеңіз де, бүгінгі күні белең алып бара жатқан бульварлық басылымдардың «ауасыз» ауласы осы. Өсек-аяңнан өрілетін осындай «өлексе газеттердің» өміршеңдігі де неғайбыл. Ал, ел үшін өлермендігі тіпті. Кезінде халқымыздың біртуар перзенті А.Байтұрсынұлы: «Газет - халықтың көзі, тілі һәм құлағы» деген екен. Ал, бұл күндері «ұстағанның қолында, тістегеннің аузында» жүрген көптеген газеттерден құлақ шалатыны алыпқашпа әңгіме мен көретініміз ұсқынсыз ұрдажық болып отыр, өкінішке орай.
Таралымы таңдай қақтырғанымен, ет ораудан әрі аспайтын айтылмыш сары газеттеріміздің тарихы сонау ХІХ ғасырдың соңында арқалы Америкадан басталады-мыс.
1896 жылы баспасөз магнаты Жозеф Пулитцер мен Уильям Рендольф Херстің Нью-Йорктағы  бульварлық басылымды көңіл көтеру мақсатында дүниеге әкелген екен. Баспа бетіне комикс кейіпкері «сары баланың» іс-әрекетін бейнелеп, оның сурет тарихын жариялай бастапты олар. Осыдан сайып келгенде, оқырманға «сары басылым», «сары газет» терминінің қайдан шыққанын табу қиынға соқтырмайды.

Қазіргі кезде осы ортаңқол газеттер «көккөз дүңгіршектерде» иелік етуде. Иә,олар-сұранысқа ие. Сонда қалай, салқынқанды халқымыздың салт-санасы сары басылымнан әрі аспағандығы ма? Әлде, қоғамдағы қордаланған мәселені қозғаған басылымнан гөрі,  Пугачеваның памадасы мен Киркоровтың балладасын жазған газетсымақтар қызықты ма?
Мәселен, көпшіліктің «көңіліне қонымды» «Сен+Мен» газетінің тақырып аясы тар.
Сөздің шыны керек, менталитетімізге жат «масқараны» басумен әлек. Осы іспеттес «Күн мен Түн», «Демалыстың» да жазары-барымта, бопсалау мен түнгі «шытырмандармен» шектеледі. «Қызық газеттің» де қызықтырары шамалы. Бірақ,таралымы...Жә, барлығын бажайламай бері оралсақ.
«Сенсация сүйгіш» саржағал басылымдардың  шатпақтары қаншалықты шыңдыққа жанасатыны да баршамызға белгілі. Ол жағын айтпаса да болады. Алайда, олардың «жақсыз» оқырмандарына аялдамада баяндама жасайтындай хабар-ошар керек қой. Өтірікті көпіріп тұрып айтатындай. Себебі, ел ішіндегі елеулі уақиғалардан гөрі,осы сарғайған газеттердегі жұлдыздардың жеке өмірі мен шам жарығымен отырып, шампан ішумен басталатын «әккі әңгімелер» әлдеқайда «өтімді».
Амал не, бүгінгі бапасөз беттерінің басым бөлігін осындай жаңсақтық жайлап барады. Кейбір басылым-жадағай мақтау жағасында жүрсе, кейбірі барлығын да жапатармағай жазғырып жатқаны. Дегенмен, оқырманның опық жеуі «суайт журналист» немесе «жандайшап редактор» күнәсінан емес сияқты. Бұл-әркімнің сана сарабындағы соқырлығынан. Әйтпесе, мардымсыз дүниелермен марқайып, мағынасыз дүниелерді місе тұтқанымыз әбестік қой.

Алтынбек МҰҚЫШЕВ
«Абай-информ»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502