Жексенбі, 24 Қараша 2024
3055 2 пікір 10 Наурыз, 2020 сағат 11:40

Кабулда екі үміткер бір мезгілде Ауғанстан президенті қызметіне кіріскенін жариялады

Ауғанстан астанасында президенттің қызметіне кірісуіне орай бірден екі шара өтті. Бұл жөнінде Азаттықтың аймақтағы тілшісі хабарлайды.

Президент сарайында қазіргі мемлекет басшысы Ашраф Ғани ант берді. Дәл осы уақытта көрші сарайда президент сайлауында жеңіске жеттім деп санайтын премьер-министр Абдулла Абдулланың таққа отыру шарасы өтіп жатты.

Ауғанстанда президент сайлауы былтыр 28 қыркүйекте өтті. Нәтижесі тек бес ай өткенде, 18 ақпанда жарияланды. Елдің Орталық сайлау комиссиясының мәлімдеуінше, Ашраф Ғани 50,64 процент дауыс жинап жеңіске жеткен. Оның жеңісін әлем қауымдастығы мойындады.

Ресми мәлімет бойынша, екінші орынды 39,52 процент дауыспен Абдулла Абдулла алған. Ол сайлау нәтижесін мойындаудан бас тартып, өзінің жеке үкіметін құратынын мәлімдеген.

Ауғанстанда екі үкіметтің құрылуы "Талибан" радикалды қозғалысымен келіссөз жүргізу аясында жүріп жатыр. 29 ақпанда АҚШ "Талибан" қозғалысымен бітімге келу жөнінде келісімге қол қойды. Тәлібтер террористерді қорғамауды міндетіне алып, үкіметпен соғысты тоқтату бойынша келіссөз жүргізуге келісім берген.

Келісімге қол қойылғаннан кейін NBC телеканалы дереккөзіне сілтеме жасап, америкалық барлаушылар тәлібтер келісім шартын орындамайды, Америка әскерін шығарғаннан кейін, үкіметке қарсы соғыс ашады деп болжап отыр деп хабарлады. Қазір қозғалыс ел аумағының тең жартысын бақылауында ұстап отыр.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3265
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5602