Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жазылған жайдың жалғасы... 5621 3 пікір 11 Наурыз, 2020 сағат 11:37

Оразбаевты аяқтан шалу - көреалмаушылық

Кезінде Пушкин: «адамды мақтаудан гөрі даттау жеңіл» десе, Абай данышпан: «қазақтың тірісінің өсектен аманы жоқ, дүниеден өткенінің жаманы жоқ» деген екен. Аққа қара күйе жағу қашанда оңайдың оңайы. «Есепте бар жігіт өсекте де бар» дегендей, ел басқарып жүрген азаматтардың артынан қаңқу сөз еріп жүреді, «жақтым күйе, жаптым жала» деушілер табылады.

Биылғы жылдың 14 ақпанында Abai.kz ақпараттық порталында Серікқазы Нұрқасымов деген азаматтың «Оразбаев ойына келгенін істей бере ме?» деген мақаласы жарияланды.

«Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданының әкімі Ділдабек Оразбаев ойына келгенін істеуден жалығар емес. Ділдабек Оразбаев бізге басшылыққа келгелі жылға таяп қалды. Осы уақыт ішінде аудан экономикасын көтеріп, халықтың әл-ауқатын жақсартуда ешқандай пәрменді жұмыс атқарып отырған жоқ. Бұдан бұрын Тарбағатай ауданында 5 жылдай әкім болғанда көзбояушылыққа салынып, маңайына топ жинап, ел ішіне іріткі салып, жалған жарнама жасап, өзін-өзі мадақтатудан басқа түк бітірмеген әдетін мұнда да жалғастырып отыр» - дейді мақала авторы.

Ділдабек Оразбаев Аягөз ауданына әкім болып барғалы жылға жуық уақыт болса, сол кісінің басшылығымен бұл өңірде атқарылып жатқан игілікті істерді көрмеу, бағаламау жеңілдетіп айтқанда «көрмес - түйені де көрмес» дегенді еске түсіреді. Көреалмаушылық деген осы. «Жер бетінде ең әуелі жасалған қылмыс пен күнә көреалмаушылықтың салдарынан болды» дейді ғұламалар.

Тарбағатай ауданында 5 жылдан астам басшылық қызметте болғанда Ділдабек Оразбаев жергілікті кадрлармен, қарапайым халықпен ортақ тіл табысып, ауыл өміріне тың жаңалықтар әкеліп, аудан орталығынан бастап көркейтіп, көгалдандырып, мемлекеттік бағдарламалар арқылы өндірісті дамытып, елді еңбекке жұмылдырып, көптің құрметіне бөленді.

2018 жылы Ақсуатта болған халықаралық ақындар айтысында атақты Жансая Мусинамен айтысқан Шұғайып Сезімхан ел мен жерді, азаматтардың жарқын істерін жырға қоса келіп:

Ақсуат баяғыдан дүр ел еді,
Ақын, батыр туғазған ірі ел еді.
Сендегі бірлікпенен берекеге,
Дос қуанып, дұшпаның түнереді.
Бүгінгі Ділдәбектей әкімдерің,
Аудан деп аузын айға білеп еді.
Өңірдің өсіп-өніп өркенеуі,
Тікелей әкімге кеп тіреледі.
Себебі, гүлдендіріп Ақсуатты,
Қыс келсе көше қары күреледі.
Жаз келсе көшеттер мен гүл егеді.
Айтыспенен күреске қолдау болды,
Қазақтың өлмесін деп бұл өнері.
Ділдәбектей әкімің бұл қарқынмен,
Халықтың орындалып тілегі енді,
Ауылды аудан қылып жібереді,
Ауданды облыс қып жебереді,- деп шарқады.

Жоғарыда аталған мақалаға 31 пікір жазылған екен. Олардың басым көпшілігі мақала авторының айтқанымен келіспейтіндігін айтады.

Мысалы, пікір білдірген бір азамат: Мына дәйексіз, кісі күлерліктей фактілердің иесі С.Нұрқасымов кезінде ауданды сырттан келіп, басқарған Тобағабыловтай азаматтың болғанын біледі деймісің. Ділдәбек Тәжібайұлы да сонау Шымкенттен келіп, шығысты дамытуға елеулі үлес қосып жүрген азамат. Аяғынан шалып жатсаңдар да, ел азаматқа бағасын беріп отыр. Шәуілдеген кәндек сияқты болмай, игілік үшін жұмыс істеуге адамға мүмкіндік беріңдер, -депті. 

Ерғали Мырзаш 2020-02-20 18:41:43 

Осы сөздері үшін мына Серікқазы деген мәңгүртті жауапқа тартуға болады. Еш дәлелі жоқ. Жала жауып қисынсыз орынсыз әңгіме өсек ер адамға жат нәрсе. Егер нақ жігіт еркек болсаң соны аудан әкімінің халық алдында есеп беру жиынында келіп бетіне айтпадыңба! Мен сендейлерді еркектің сорлысы деп айтар едім Серікқазы..... 

Дастан Жаманов 2020-02-20 09:34:25 

Ақсуат ауылының топырағынан шыққан әкімі жасамағанды осы кісі жасады. Бұрынға Ақсуатпен қазіргі Ақсуатты салыстыру мүмкін емес. Тұрмысы да әлде қайда жақсарған. Өсек айтпайық ағайын. 

Ершаихов Асет 2020-02-18 09:48:34 

Д.Оразбаев ағамыз мында ыңғи пара алып жеп үйренгендерге ғана ұнамайтын сияқты. Ал бұрынғы аудан әкімі баяхметов не жақсылық жасады? қара қытайларды акеп нашар кірпіш жасап шығарғанда, орталық көшеге базар салып өзі ғана пайда көріп отырғаны жайлы неге айтпады 

Есен 2020-02-17 14:03:19 

Абай туралы Д.Оразбаев білмейді дегенге кім сенеді ,Абай ескерткіші Абай елінен бұрын Ақсуатта тұрғызылды. «Айттым сәлем Қаламқасты» Абай кімге арнады?, «Түйені соқыр десең Құнанбайға тиеді» деген тәмсілі сөз қайдан шықты, білмесең Д.Оразбаевтан сұрап алуыңа болады. 

Сайра Мурсамбаева 2020-02-17 12:51:55 

Дилдабек Оразбаев акиминин атына айтылып жаткан жаксы создерге мен де косыламын. Аткарып жаткан истери козге коринерлик, халык ушин истелип жаткан жумыстары неге жокка шыгу керек. Шындык кашанда женеди.Коре алаугылык па не нарсе бул.Бурынгы аким не битирипти.? 

Cәмен.Өскемен 2020-02-17 09:25:44 

Ділдәбекті Ақсуаттың жұрты қатты мақтайды, істеген шаруасы да көзге көрініп тұр. Аягөзде бұрынғының былықтарын енді түзетіп келе жатыр. Іске сәт! Аягөздіктер, мына әкімнің қадірін біліңдер, өте қарапайым, еңбеккер адам. 

Надежда 2020-02-17 09:06:13 

Кайырлы кун құрметті азаматтар бул не деген сөз. неге бір жақсы адам келсе жала жабуға дайің отырасындар. Осы статьяны жазған адам жиналысқа бір рет болсын катыстыма . Келіп қатыссің и сол кісінің бетке аитсің , əйтпесе осы жерде бəрі акылды да батыр . Құрметпен көпбаллалы ана . 

Бұл мақаладан, қолынан іс ,ел үшін еңбек еткісі келетін азаматты таза аяқтан шалуды көреміз.Ділдәбек Оразбаевтың Аягөз ауданына әкім болып тағайыдалуына әлі жыл тола қойған жоқ. Елдің ойышша бұл кісінің кінәсі, бұрыннан қордаланған былығы белшеден келетін ауданға тағайындалып, өзі жасамаған, бірақ әкім ретінде бәрібір жауап беруі тиіс проблемалардың неден туындап тұрғанына еріксізден көңіл аударуда жатқан сияқты. Өйткені жаңа әкімге тиісуді мұндағылар көп ұзатпай ақ, ол келмей жатып ақ бастап жіберген. Мұндай іс қимылдың артында қандай мүдде тұр,ол бір құдайға ғана емес, елге де аян болар. 

Anti - colorados 2020-02-16 13:19:32 

Біріншіден Анти колорадс мынау суреттің қисасайғаны!, ал шындығында барлық геометриялық тепе теңдіктері сақталған!, екіншіден мына жазылғандар шылғи өтірік Тарбағатай ауданына қатысты, ол кісінің еңбегі бар Тарбағатай ауданына! Елден естіген өтірік өсекті факты деп жазуға және жала жабуға болмайды ғой! 

Тарғыбатай 2020-02-15 00:22:08 

Ділдәбек Оразбайұлы Тарбағатай ауданында көп жақсы істерді жасады.Мектептер ремонтталды, көпірлер салынды. Барлық ауылдарда детсадттар ашылды.Мал бордақылау алаңдары жапай ашылды. Ақсуат үлгіге қоятындай аудан орталығына айналды. Суармалы егіншілік болған жерлерде ирригация жүйесі қалпына келтірілді. Егіншілікен және көкөніс өсіруд қолға алып, қанша оралман және оңтүстіктен семьялар көішрілді. Олар көкөністен аудуанды толық қамтамасыз етіп, артығын Аякөз сияқты көршілерге сатты. Айта берсе істегені көп. Өзі Шымкенттің тумасы, ісінде, "жақсы адамның жаттығы жоқ" дейтіндей адами қасиеті жеткілікті. Кемшілігі бар шығар, бірақ азаматтың жасаған істерін көрмеу көр соқырлық және әділетсіздік болады. Енді жаңа жерге барғанда адамның аяғынан шалу, қайдағыны фактіге айналдыры арыздды борату, сөз жоқ, қандай да болмасын мықты адамның жүйкесін тоздыратын, жігерін құм қылатын іс. 

Шоманова Салтанат 2020-02-14 21:16:03 

Керісінше ол кісі жаксы жұмыс істеп келеді жолдарды жөндеп аягөздің сәнің келтіруде осы жолдан таймаса екен өте карапайым кісі 

Міне, Серікқазы Нұрқасымов не дейді, ел не дейді? Салыстырып, салмақтап, көріңіздер, құрметті отырмандар.

Хамза Сәтиев

Қосымша: Abai.kz ақпараттық порталы еркін ақпарат алаңы. Мұнда ой жарыстырып, пікір алмастыруға әркім құқылы. Жоғарыдағы спикердің пікірі редакция ұстанымын білдірмейді. Алдағы уақытта мақалада есім-сойлары аталған жекелеген азаматтар редакциямызға жауап беруге ниетті болса, олардың да пікірін беруге әзірміз. 

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5625