Дүйсенбі, 21 Сәуір 2025
2549 1 пікір 12 Наурыз, 2020 сағат 15:49

Алматыда әйелдер маршына қатысқан белсенділерге айыппұл салынды

12 наурызға қараған түні Алматының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты әйелдер маршына қатысқан бірнеше белсендіге айыппұл салды.

Vlast сайтының жазуынша, судья белсенді Фариза Оспанға "ұсақ бұзақылығы үшін" - 13 мың теңге көлемінде, Арина Осиповаға маршқа қатысып, "ұсақ бұзақылық" жасағаны үшін 66 мың теңге көлемінде айыппұл салған. Ақпарат бойынша, судья марш кезінде қатысушылардың гүл шоғырын өртеуін "бұзақылық" деп бағалаған.

Осиновскаяның ісі қаралған кезде ақпарат құралдарының өкілдері мен белсенділердің жақтастары сот залынан шығарылған.

Бұған дейін маршқа қатысқан өзге белсенділердің де әкімшілік жазаға тартылуы мүмкін екені айтылған еді.

8 наурыз күні акцияны бірнеше феминистік топ ұйымдастырған. Оған шамамен 200 адам қатысқан.

Маршқа қатысқандар Қазақстандағы әйелдер құқығының ахуалы мен тұрмыстағы зорлық-зомбылық мәселесін айтып, биліктен тұрмыстағы зорлық-зомбылық жазасын күшейтуді талап еткен еді.

Шеруді ұйымдастырғандар маршты өткізу үшін былтыр алты-жеті рет Алматы қаласы әкімдігіне өтініш бергенін, рұқсат ала алмағанын айтқан еді.

Қазақстанда халық қандай да бір бейбіт шеру, митингіге шығатын болса, жергілікті әкімдіктен алдын ала рұқсат алуы тиіс. Билік рұқсат берілмеген митингінің бәрін "заңсыз" деп тауып, қатысушыларын ұстайды және жауапқа тартады.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2077
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4949
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4159