Жексенбі, 24 Қараша 2024
4133 10 пікір 13 Наурыз, 2020 сағат 14:51

Біртанов: Екі қазақстандықтан коронавирус табылды

Қазақстанда екі адам коронавирус жұқтырған. Бұл ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі растады. 

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, аталған вирусты жұқтырған екі адам Германиядан келген. Олар 9 және 12 наурызда екі түрлі ұшақпен ұшып келген. Бір ұшақта болған 12 адамның барлығы карантинге жіберілген.

"Ұзақ тексеруден кейін екі қазақстандық азаматтан коронавирус табылды. Олар – Германиядан келген Алматы қаласының тұрғындары. Бас санитарлық дәрігердің қаулысымен, олар карантиндік стационарға жабылды. Барлық шаралар бұрынғы бекітілген алгоритм бойынша енгізіліп жатыр. Қазіргі күнде пациенттердің жағдайы жақсы", - деді министр.

Вирус жұқтырған азаматтар туралы ақпарат жарияланбайды. Бұл туралы министр Біртанов айтты.

"Біздің заңдық талаптарға байланысты азаматтардың жеке мәліметтерін жариялай алмаймын. Олар - ер мен әйел. Бірі Германиядан (ол елді бірінші категорияға қосқанға дейін) 9 наурыз күні келді. Сол бортпен бірге келген 73 адамды енді карантинге жауып, тексереміз. Қайда екендерін білеміз. Екінші азамат 12 наурыз күні ұшып келді. Ол борттағы 85 адамның бәрі карантинге бірден жабылған", - деді Біртанов.

Еске салайық, мұның алдында бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин Қазақстанға 11-16 наурыз аралығында  келетінін айтқан болатын.

"Біздің болжамымыз бойынша шамамен 11-16 наурыз аралығында біздің елде коронавирус таралады. Бірақ бұл болжам. 1-2 апта не ары, не бері", - деген еді Бекшин.

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5659