Жексенбі, 24 Қараша 2024
4694 9 пікір 13 Наурыз, 2020 сағат 18:57

Біртанов: 2-3 айдың ішінде мәселе шешіледі

Қазақстанда үш адамнан коронавирус анықталды. Осыған байланысты ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов БАҚ өкілдеріне өтініш жасады.

Министр Біртанов елдегі жағдайды халыққа дұрыс түсіндіру керектігін айтты.

"Сіздерге өтінішім бар. Бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкіндігін пайдаланып, азаматтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Басқа мемлекеттерде 2-3 айдың ішінде мәселе шешіледі. Инфекция тоқтайды. Сондықтан жағдайды түсіну қажет. Гигиенаны сақтаған жөн", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Бұған дейін Қазақстанда үш адамнан коронавирус анықталғаны хабарланған. Олардың екеуі Алматыда, біреуі Нұр-Сұлтан қаласында.

Сондай-ақ, тағы бір қазақстандықтан коронавирус белгілері анықталған. Ол қазір Германияда.

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1500
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5673