Жұма, 23 Қазан 2026
4101 1 пікір 14 Наурыз, 2020 сағат 14:06

Әкімдік: Қытай жұмысын бастаса да, біз жақ жабық

"Қорғас" ШЫХО-да Қытай жағы өз жұмысын бастағанымен, Қазақстан тарабы жабық қалады. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалыммұрат Жүкел хабарлады.

"Қорғас бойынша! "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы арнайы қаулыға дейін жабық. Бұл туралы бұрын да айтқан болатынбыз. Жағдай тұрақталмай, жұмыс жалғаспайды. Қытай тарабы жұмысын бастаса да, біз жақ жабық", деді Ғалыммұрат Жүкел.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қытайда қауіпті вирустың жаппай таралуына байланысты Алматы облысы әкімдігі Үкіметке "Қорғас" ШЫХО-ны уақытша жабуды ұсынған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1155
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1607