Дүйсенбі, 21 Сәуір 2025
2960 5 пікір 14 Наурыз, 2020 сағат 14:13

ҰҚК: Алматыда Наурызда теракт жасамақ болған адам құрықталды

Алматыда Наурыз мейрамы қарсаңында теракт жасамақ болғандар құрықталды. Бұл туралы ҚР ҰҚК хабарлады.

"2020 жылғы 13 наурызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті жедел- іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Алматы қаласында «ДАИШ» (Қазақстанда тыйым салынған) халықаралық террористік ұйымы идеологиясын ұстанушыны ұстап, сот санкциясымен қамауға алды.

Тұтқындалған адам Наурыз мейрамын мерекелеу кезеңінде халық көп шоғырланған орындарда теракт дайындады деген күдікке ілінген. Тергеу іс-қимылдары барысында одан екі жауынгерлік граната алынды.

Көрсетілген адамға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 255 (Терроризм актісі) және 258 (Террористiк немесе экстремистiк әрекетті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де дем берушілік) баптары бойынша қылмыстық істер қозғалды", делінген ресми хабарламада.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2075
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4947
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4155