Жексенбі, 24 Қараша 2024
Өз салтың 4112 14 пікір 14 Наурыз, 2020 сағат 14:52

14 наурыз – Көрісу күні

Қазақтың ескіше есебі бойынша, 13 наурызда «қыс тоқсаны» аяқталады. Мұны «тоқсан шықты» деп есептейді, яғни алты ай қыстың ең қиын тоқсан күні бітіп, қыс мезгілі мүлдем кетеді деген ұғым. Қарапайым сөздермен айтсақ, шаруаны, тұрмыс-тіршіліктегі түрлі қарекеттерді, амал-әрекеттерді «қысып тастаған» тоқсан күндік қатты қыс мезгілі бітіп, аяқ-қол кеңейетін, жайдарлы жаз мезгілі – қайта жаңару кезеңі жер бетіне аяқ басады. Алты ай қыста ұйқыда, яғни өліара кезеңде болған табиғат қайта тіріліп, жаңа тіршілігін бастайды. Тіршілігі табиғатпен етене байланысты болған ата-бабаларымыз жер анадағы жаңаруды айрықша қуанышпен қарсы алған. Халықтың тұрмыс-тіршілігінде, дүниетанымында айрықша орны бар аталмыш дәстүр астарында терең танымы бар рәсімдер туындауына себепкер болған. Соның бірі – көрісу.

Өліара мезгілден аман-есен шыққан халықтың қуанышы – көрісу (амандасу, қауышу) ғұрпымен айшықталады. Көрісу – өткенді, яғни ескіні артқа тастап, жаңамен жанасудың, амандықпен қауышудың, қайта табысудың әрі түзу көңілдің, адал тілектің рәмізі. Көрісу 14 наурыздан басталады.

Өткен іске қайта оралмай «өткенге – салауат», алдағы күндерден үміт күтіп «болашаққа - аманат» деп белді бекем байлау - көрісудің басты танымдық философиясы. Сол танымның арнасында қалыптасқан ата-бабалар рухына дұға бағыштау, көрші-көлемін, ағайын-туғанын аман көріп, оларға сый-сыяпат жасау, тарту-таралғы беріп құрмет ету, Алла-тағала берген жастың бір жылға ұзарып келгеніне шүкіршілік ету – көрісудің басты амалдары.

Табиғаттай жаңаруды ішкі жан-дүниесінен бастайтын адамзат баласының рухани түлеуінде көрісу ырымының мән-маңызы зор. Бұл тұста санамызға мынадай ұғымдарды орнатқан жөн секілді: қайта түлеген, жаңғырған рух жаңаны, жақсылықты, табысты, достықты, махабатты, қуанышты көңілдің шеңберіне қабылдай алады. Сол арқылы адамзат баласы тылсым Жаратылыстан өзіне бағытталған сыйға да, сыбағаға да, сауапқа да, ырыздыққа да жол ашатыны сөзсіз.

Алмас Әбсадық

Abai.kz

14 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1501
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3271
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5686