Жексенбі, 20 Сәуір 2025
2045 0 пікір 18 Наурыз, 2020 сағат 17:27

Алматыда 22 наурызда теміржол және әуе қозғалыстары толықтай тоқтатылады

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Қожағапанов 22-наурызда қала толығымен жабылатынын мәлімдеді.

Оның айтуынша, Алматылықтарға қалаға оралуға 72 сағат берілді. Дәл осы уақыт ішінде облыс пен өзге өңір тұрғындары қаладан шығып үлгеруі керек. Ал 22 наурызда Алматы толықтай әуе және теміржол қозғалысын тоқтатады.

-22 наурызда сағат 00.00-ден бастап теміржол және әуе қозғалыстары толықтай тоқтатылады, - деді ол.

Айта кетейік, Алматыда карантин 19 наурызда сағат 00.00-ден бастап енеді. Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда 36 адам коронавирус жұқтырған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2066
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4938
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4137