Бейсенбі, 1 Қазан 2026
6045 8 пікір 19 Наурыз, 2020 сағат 10:55

Өзбекстанның тұңғыш президентінің қызына сот үкімі шықты

18 наурызда Ташкентте қылмыстық істер жөніндегі қалалық сотта қаңтар айында Өзбекстанның тұңғыш президентінің үлкен қызы Гүлнара Каримованың үстінен қозғалған іс бойынша сот отырысы аяқталды.

Бұл жөнінде Өзбекстанның Жоғарғы сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Үкімге сәйкес, Гүлнара Каримова бопсалау, ақшаны жымқыру, қылмыспен келген қаржыны заңдастыру баптары бойынша айыпты деп танылып, 13 жыл және 4 айға сотталды.

"Қылмыстық кодекске сәйкес, жазасын өтеу мерзімі 2015 жылдың 21 тамызынан есептеледі", - делінген хабарламада.

Сот сонымен бірге бұл іске қатысы бар деп Н.Садыкованы 20 жылға, О.Свиридованы 17 жылға, А.Эргашеваны 18 жылға, Ш.Сабированы 17 жылға, Г.Авакянды 5 жарым жылға бас бостандығынан айырды.

Ж. Абдурахманов пен Б. Тешабаев мерзімі өтіп кетуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылған.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Ғылым-білім

Наука действия – от теории к практике

Алмаз Ещанов 265
Мәдениет

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 279
Аласапыран

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 345