Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3480 0 пікір 5 Қазан, 2011 сағат 08:47

Владимир Путин: «Кеден одағы - Кеңес одағына апаратын жол»

Кеден одағы құрылған сәттен бастап, бұл ұйымның Қазақстанның Тәуелсіздігіне қауіп төндіретінін және мұның соңы кеңес одағының қайта жаңғыруына алып келетінін ұлттық ұйымдар мен сарапшылар Құдайдың зарын қылып айтып еді. Енді міне, сол қауіп расқа айналды.

Кеше терістіктегі көрші елдің «Известия» газетіне Ресей үкімет басшысының «Евразия үшін жаңа интеграциялық жоба - бүгіннен баслталатын болашақ» атты мақаласы (http://www.izvestia.ru/news/502761)  жарық көрді.

Путин ТМД, Кеден одағы секілді саяси-экономикалық ұйымдардың тиімділігін айтып, мақтай келіп, осы одақтардың негізінде жаңа Евразиялық одақ өмірге келуі қажеттігін жазады.

Ол өз мақаласында бұл одақ Кеңес одағының көшірмесі болмайтынын айтқан. Алайда, евразиялық экономикалық кеңістік мәселесіне тоқтала келіп, ортақ валюта, үш ел азаматтарының еркін жүріп тұруы, жұмыс күшінің кедергісіз келуі сияқты маңызды дүниелерді Қазақстан, Ресей, Белоруссия қарым-қатынасының нығаюы және бұрыннан келе жатқан байланыстың жаңа сапада дамуы деп түсіндіреді.

Путиннің ойынша, көші-қон,  еңбек күші квотасы, ішкі шекара секілді кедергілер алынып тасталған соң үш мемлекеттің кез келген азаматы қай елде тұрамын, қай елде білім аламын, қай елде өсіп өркендеймін десе де өзі біледі.

Шиырып айтқанда, Ресей президент тағына қайта қонжимақ ниеттегі Путин Кеңес одағын қайта құрмақ ойының бар екенін ашық жеткізген.

Енді өзімізге келейік. Владимир Путиннің бұл ойын Қазақстанда онсыз да Ресей мен біздің биліктен астыртын әрі ашық қолдау тауып отырған орыс ұйымдары мен орыс баспасөзі одан әрі дамытып, өлгендері тіріліп, өшкендері жанғандай жандандыратыны сөзсіз.

Әрі Ресейдің саяси ықпалындағы бүгінгі билік Путиннің ойын қос қолдап қостап шығатыны тағы күмәнсіз. Бұған Қазақстандағы орыс тілінің мемлекеттік тіл қызметін атқарып тұрғандығын қоссақ, Евразиялық одақ құру ісін Қазақстан жағы жеделдетпесе, қарсы шықпасы шындық. Бұл аз десеңіз, ел экономикасының  негізгі әрі қозғаушы саласында Ресейлік компаниялардың үлес салмағы мол екені және бар. Демек, Ресейдің Қазақстанды отарлауының жаңа кезеңі басталды. Оны Путиннің өз ашық түрде жария етіп отыр.

«Биліктің шын келбеті  енді танылады. Тәуелсіздікті сақтап қалу үшін күреседі» деген ертегіге сену қиын. Өйткені, жиырма жылда жүріп өткен саяси жол - халықтың билікке сенімін әлдеқашан сарқыған.

Қыл аяғы, Қазақстан президентінің мақалалары кезінде «Известия» мен «Российская газета» басылымдарына шыққанының өзі көп нәрседен хабар берсе керек. Ал, Путин болса өз елінің басылым бетіне мақаласын бастырып отыр...

Айтпақшы, ортақ валюта идеясын елбасы да көтерген еді. Путиннің ойы - анау. Желдің қай жақтан соғатыны әрі оның бағы бізге өзгеріссіз жететін сияқты ма қалай өзі?!

Сөйтіп, кеден одағы кеңес одағына дедектетіп қайта сүйреп барады. Енді қайттік?..

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354