Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3158 0 пікір 5 Қазан, 2011 сағат 09:15

Әбдірашит Бәкірұлы. Үш тұғыр - бір тіл

«Егер билiк жүргiзiп отырған саясат ұлттың (мемлекеттiң) ұлы мұратын мақсат етпесе, бүгiн өзекті (актуалды) болып тұрғанымен, ертең  мәнiн жоятын өткiншi эпизодтық жалған құндылықтардан тұрса, онда бұл елде ұзақ мерзiмге бағытталған, халықты жұдырықтай жұмылдыруға қабiлеттi идеология өмiрге келедi деп үміттену бос қиял болып қала береді. Кез келген мемлекеттік идеология билік жүйесінің «ұлттық арманға» (национальная идея), ұлттың түпкiлiктi мақсатына арқа сүйегенде ғана түзiледі немесе, түзiлуi мүмкiн».

(Әбдірашит Бәкірұлы)

Қазір саяси алаңның төріне өзге мәселелермен қатар тіл мәселесі көтерілді. Қазақстандағы қазақ тілі төңірегіндегі 20 жылдық тарихы бар тартысты нонсенс десе болады: өйткені, негізін қазақ ұлты құрған мемлекетте оның ана тілі өгей баланың күйін кешіп отырғаны, қазақ тілі конституциялық мәртебесіне сай толыққанды мемлекеттік тілге айнала алмай отырғаны - ешбір елде кездесе бермейтін жайт. Сондықтан қазақтың ұлттық мүдде жолында күресуші зиялы қауымы қазанның 2-сі күні өздерінің көшбасшысы, ақын Мұхтар Шахановпен бірге Алматыда үлкен митингі өткізді.  5000-нан астам тіл жанашыры да сол жерден табылды. Неге? Енді осы сұрақтың астарына үңіліп көрейік:

Тiл мәселесi жөніндегі талаптарын қазақтың нағыз зиялы қауымы (ұлттың стратегиялық болашағын өз тағдырынан ажыратпайтын азаматтар) жиырма жыл бойына көтерумен келедi. Себебі, ұлт болашағы тiлмен тығыз байланысты болғандықтан оны (тiлдi) тез арада дамыту, қолданыс аясын кеңейту қажеттігін, яғни, тіл  ұлтық даму стратегиясының ең маңызды бөлiгi екенін олар сол кезден-ақ дұрыс түсінді...

Бiрақ билiк тарапынан жасалған шаралар оның (билiктiң) бұл мәселеге стратегиялық тұрғыдан қарамайтынын аңғартты. Сөйтіп, билік тарапы бұл мәселені «қазақ қазақпен қазақша сөйлессiн» деген қарабайыр тезис деңгейіне дейін түсіріп жіберді (Қазақ қазақпен қай тілде сөйлесуі керек? Әрине, бұл жерде, билiктiң тiлi - орыс тiлi екенін ескере келе, билiк тiлге тек қана «қатынас құралы» ретiнде қарайтыны, басқаша қарай алмайтыны - әуел бастан белгілі нәрсе екенін ескертеміз).

Алайда, кезінде айтылған бұл сөзден тiлдiң дамымай отыруының басты себебiн тiл субъектiсi - қазақтың (ұлттың) мойнына жүктей салу әрекетiн байқаймыз. Солай деген билiк қазір  қазақ тiлiн қоғам дамуының қатаң бәсекесiне тастады. Бұл - онсыз да кеңес заманынан «қансырап» шыққан тiлдi алқымнан алды. Ондай жағдайда өзге дамыған тiлдер (ағылшын, орыс) қоғамдық қатынастар жүйесiнде әлдеқайда тиiмдi құралға айналып, қазақ тілін бәсекелесу аймағынан ығыстырып шығаратыны түсiнiктi.

Қазiргі өзiмiз өмір сүріп отырған «идеологиясыз» қоғамда әлеуметтiк құндылық ретiнде «қалай да байлыққа кенелу» принципi алда тұр. Мiне, осы жағдайда кенжелеп қалған қазақ тiлi бұған өзге тiлдердей тиiмдi қызмет ете алмасы анық. Сөйтiп, бәсекелестiкке төзе алмаған тiл орта жолда қала береді.            Осы және басқа саяси себептерден қазақ тiлi мемлекеттiк идеологияның тармағына айнала алмай отыр. Шын мәнісінде, олай болмас үшін билік өзінің барлық ресурстарын іске қосып отыр. Қазiр тiлдiң ақсап тұрған кезiнде көптеген зиялы тұлғаларымыз ұлт тiлiнің мемлекеттік идеологияға айналуы былай тұрсын, оны ең болмағанда өзге тiлдермен терезесi тең қатынас құралы жасау үшiн және оның қолдану аясын кеңейту үшiн күресуде. Әрине, бұл дәл қазiргi билiктiң ықыласы өзге арнаға кетіп тұрған жағдайда тiлге жеткiлiктi мән бермей отырған тұста -  тактикалық дұрыс қадам. Бiрақ тактикалық қадам ешқашан түпкiлiктi мақсатқа айналмайды (олай болуы мүмкiн емес).

Түпкiлiктi мақсат,  өзгеше айтсақ,  ұлттық арманның  мазмұны: тiлді ұлт дiлін қалыптастырудың  өзегі деп білу, ал содан нәр алып жетілетін ұлттық діл (болмыс) - ұлттың әлемде өзiн-өзi идентификациялауының бiрден-бiр тетігі.

Тәуелсiздiк алғаннан берi билiк тiл функциясын осы, "ұлттық арман" мағынасында ұғып, оны елiмiздегi барлық ұлттар мен ұлыстарға ортақ мемлекеттiк идеология ретiнде ұсынғанда - бүгiндерi ол жемiсiн берер едi, осы қажеттікті қамтамасыз етуге қоғамды жұмылдыратын күш болып шығар еді... Осы уақытқа дейiн қазақ тiлi мемлекеттiк идеологияның ең маңызды құрамдас бөлiгiне айналар едi. Бірақ оны қамтамасыз етуге біздің биліктің жүрегі дауалар емес...

Билiк олай жасамады. Сондықтан қазақ тiлi  баға жетпес рухани байлық ретiнде идеологияның құрамдас бөлiгi бола алмады. Қазiр тек тiлдiң өмiр сүруi-сүрмеуiне ғана қатысты күрес жүрiп жатыр. Яғни, бұл мәселеде бiз алғашқы сатыдан аса алмаудамыз. Оған қазақ ұлты мен оның зиялы қауымы кiнәлi емес.

Ал билiктiң «үш тiлдiң бiрлiгi» (тұғыры демей-ақ қоялық) мәселесiн жалаулатып жүруiнiң өзi - оның осы мәселенің түпкiлiктi мағынасын ұғуға тырыспай отырғанының белгiсi...

Әбдірашит БӘКІРҰЛЫ,

философ-публицист

«Абай-ақпарт»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354