Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 2902 4 пікір 24 Наурыз, 2020 сағат 13:19

Мұнай, Коронавирус, Экономика...

Соңғы күндері өте актуалды тақырыптардың бірі еліміздің экономикасы.

Экономикамызға соққы болып тиіп отырған салдарлардың біріншісі, мұнай бағасының төмендеуі. Бағаның төмендеуі мұнайға деген ұсыныстың көбеюіне, яғни керекті деңгейден мұнайдың көп шығарылуында болып отыр.

Екіншіден үлкен проблемаға айналған “Коронавирус” әлемді шарпып жатқандықтан, мемлекеттер арасындағы сауда-саттық азайым және өндірістің тоқтауына алып келіп отыр. Не себепті еліміздің қаржы ұйымдары дабыл қағуда? Теңгенің долларға қатынасы 400 теңгеге жуықтайтындай не болды?! Доллар бағамының көтерілуі біз үшін танысық емес, алайда теңгеміздің әлсіздігінің өзінін себептері бар.

Біріншісі, елімізде өндірістің әртараптанбауы, шикізат өндірісіне ден қоюымыз болып табылады. Елімізде потенциалды экономикамызды дамытатын салалар болсадағы, шикізат өндіруге және өндіре беруіміз қысқа мерзімде ғана пайдалы.

Екіншіден, сырттан келетін заттарды тұтынуда сауда-саттықты доллармен жасаймыз. Жоғарыда айтып кеткендей, әлемдік деңгейде сауда жағдайы мәз емес болғандықтан, ол бізге тікелей әсер етеді. Сауда жасау үшін долларды көбірек сатып алуға мәжбүр боламыз. Бұл дегеніміз, қор нарығының жұмыс жасауы бойынша, саған керекті болатын долларыңды нарық көрсе, сенің қалайда сатып алатыныңды біліп бағаны көтереді. Бұл жерде сұраныс-ұсыныс заңы орындалады.

Мұның әсері неге алып келуі мүмкін?!
Теңгеміздің одан әрі құнсыздануына, елде инфляцияның жоғарылауына алып келеді. Тиісінше, инфляцияны жоғарылауы халықтың байлығына (wealth) негативті әсер етеді.

Бүгінгі күнде Ұлттық Банк тарапынан өктемдік саясаты орындалып, теңгені нығайтуға жұмыс жасап жатыр. Нығайту үшін Ұлттық Қордағы ақшаны шығарып, Базалық мөлшерлемені көтерді. Екі жағдайда, қуанатын нәрсе емес, Ұлттық қордағы ақша біздің келешек ұрпағымызға арналса, екіншісі Екінші Деңгейлі Банктердің несие беруіне тікелей әсер етеді.

Жалғасбек Ақболаттың әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1498
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3268
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5641