Сенбі, 10 Мамыр 2025
3131 0 пікір 31 Наурыз, 2020 сағат 12:43

Астанада 6 адамның жағдайы ауыр

Елордада коронавируспен ауырып жатқан алты адамның жағдайы ауыр халде. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлімдеді.

«Алты адамның жағдайы ауыр. Екі адам өкпенің жасанды желдеткіш аппаратында жатыр, қалғандары емделуді жалғастыруда. Қалған науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Емдеу коронавирустық инфекцияны диагностикалау және емдеу хаттамасына сәйкес жүргізілуде», - деді Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бастығы Сәуле Қисықова.

Ал, бүгін Нұр-Сұлтан қаласында аталған індеттен тағы бір адам қайтыс болды. 

Бүгінде Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 325-ке жетті. Олардың 22-сі жазылып шыққан.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2050
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 3260