Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2527 0 пікір 12 Қазан, 2011 сағат 10:41

Оралман кімге олқы?

 

Алалама алашты!

 

...атылған оқ

Оралман кімге олқы?

  • «Квота туралы заңды» («Көші-қон туралы». - Ред.) өзгертеміз. Квотаға зиялы адамдарды енгізуіміз керек. Кезінде байқамай «еңбек ресурсы» деп елімізге зиян келтіретін түрлі көзқарастағы адамдарды квотаға кіргізіп жібердік. Бізге Моңғолия мамандарының түкке керегі жоқ. Мәселені қазір қарап жатырмыз. Екінші мәселе - қазаққа қазақтай көмектесіп жатқан мемлекет жоқ. Бізге қазақпен саудаласатын, қазақты тонауға келген қазақтың керегі жоқ. Ондай қазақтың бәрін жабамыз (шамасы, «жолын жабамыз» деген шығар. - Ред.)».

Хабылсаят Әбішев,

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы

(«Алматы ақшамы»,

23 сәуір, 2010 жыл).

 

  • «Қазақстанның бүгінгі өркендеп-өскеніне олардың ешқандай еңбегі жоқ... Оралмандар Отанға ешнәрсе берген жоқ».

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан

Республикасының президенті.

 

  • «Оралмандарды ұрғаным бар. Сыйласып жүрміз бе, сыйласып адам сияқты жүріңдер. Жөні жоқ есіріп, құтырмаңдар».

Талғат Мамашев,

 

Алалама алашты!

 

...атылған оқ

Оралман кімге олқы?

  • «Квота туралы заңды» («Көші-қон туралы». - Ред.) өзгертеміз. Квотаға зиялы адамдарды енгізуіміз керек. Кезінде байқамай «еңбек ресурсы» деп елімізге зиян келтіретін түрлі көзқарастағы адамдарды квотаға кіргізіп жібердік. Бізге Моңғолия мамандарының түкке керегі жоқ. Мәселені қазір қарап жатырмыз. Екінші мәселе - қазаққа қазақтай көмектесіп жатқан мемлекет жоқ. Бізге қазақпен саудаласатын, қазақты тонауға келген қазақтың керегі жоқ. Ондай қазақтың бәрін жабамыз (шамасы, «жолын жабамыз» деген шығар. - Ред.)».

Хабылсаят Әбішев,

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы

(«Алматы ақшамы»,

23 сәуір, 2010 жыл).

 

  • «Қазақстанның бүгінгі өркендеп-өскеніне олардың ешқандай еңбегі жоқ... Оралмандар Отанға ешнәрсе берген жоқ».

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан

Республикасының президенті.

 

  • «Оралмандарды ұрғаным бар. Сыйласып жүрміз бе, сыйласып адам сияқты жүріңдер. Жөні жоқ есіріп, құтырмаңдар».

Талғат Мамашев,

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының

орынбасары.

 

  • «Егер ереуілшілердің жетекшілері туралы айтатын болсақ, ол жақта Алматыдан барғандар жетекшілік етіп жүрген жоқ. Оларда өздерінің Қарақалпақстаннан бірге келген ресми емес жетекшілері бар. Ол жаққа келетін адамдар санын баяғыда-ақ шектеу керек еді».

Тимур Құлыбаев,

«Самұрық-Қазына»

қорының президенті.

 

«Қай қазақтан

кем едім...»

Тәуелсіздікке 20 жыл болса да, қазақ тіліне мемлекеттік тіл статусын алып бере алмаған болбыр, бойкүйез қазақ билігі үшін атамекенге аңсап жеткен ағайынды кемсіту «модаға» айналғандай. Майда-шүйдені есепке алмағанда, «Атамекенім!» «Қазағым!» деп келген қандастарды қақ бастан тартып жібергендей ғып айтылған сөздің өзі төртеуге жетті. Сондықтан оралман бауырларды «ұры-қары», «бәлеқор», «бүлікшіл», «сауатсыз» деп жүргендерге мына тізімді бір қарап шығуды ұсынамыз.

ҚИНАЯТҰЛЫ Зардыхан

Тарих ғылымдарының докторы, ғалым. 1940 жылы Моңғолияның Қобда өлкесінде туған. 1990-1991 жылдары Моңғолия Үкімет басшысының орынбасары, 1991-1992 жылдары Моңғолияның тұрақты парламенті «Бага хуралы» спикерінің орынбасары,1992-1994 жылдары Моңғолияның Орталық Азия мемлекеттеріндегі консулдығының Бас консулы, 1994-1996 жылдары Моңғолияның Қазақстандағы елшілігінің кеңесшісі қызметтерін атқарған. Екі мәрте Моңғолияның Халық Ұлы хуралына депутат болып сайланған. Моңғолияда 1990 жылы өрбіп жеңіске жеткен демократиялық бетбұрыстың ойсалғышы ретінде моңғол жұртына кең танымал. 1992 жылы қабылданған Моңғолияның демократиялық жаңа негізгі заңының авторларының бірі. Атамекенге 1996 жылы оралған.

МҰХАМЕДҚЫЗЫ Майра

Әнші, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, көптеген халықаралық ән байқауларының жүлдегері. 1969 жылы ҚХР ШҰАР-да дүниеге келген.

2003-2010 жылдардағы опера маусымында Францияның «Гранд опера» ұлттық театрында, 2004-2005 жылдардағы опера маусымында Вашингтон опера театрында келісім-шарт бойынша жұмыс істеген.

Майра - төрткүл дүние мойындаған, бүкіл опера әншілері армандайтын итальяндық хас шеберлер, осы саланың тірі аңызына айналған Мирелла Френи мен Плачидо Домингомен бірге жұмыс жасаған тұңғыш қазақ әншісі.

БАЙМОЛДА Досан

Физика ғылымдарының докторы, халықаралық журналист.

1980-1992 жылдары Моңғолия Ғылым Академиясының Физика-техника және химия институттарында қызмет атқарып, Халықаралық атом энергетикасы жөніндегі агенттіктің (МАГАТЭ) Моңғолиядағы халықаралық ғылыми жобасының үйлестірушісі, әрі жүргізушісі жұмыстарын атқарған. 1988 жылы Прагадағы Чехословакия Ғылым Академиясының Геология және геотехника инстиутында,1990 жылы Варшава қаласындағы Польшаның атом энергиясы жөніндегі институтында, 1992 жылы Халықаралық Атом энергетикасы жөніндегі агенттіктің (МАГАТЭ) Вена қаласындағы орталық зертханасында қызмет атқарған. Оның еңбектері Ұлыбритания, Германия,Голландия, Австрия, Польша, Чехия, Мажарстан т.б. елдердің ядролық физика саласындағы ең беделді журналдарында жарияланған. 1996-2002 жылдары Прагадағы «Азат Еуропа Азаттық» радиосының қазақ редакциясында кеңесші, редактор қызметтерін атқарған.

ЖАНАЛТАЙ Бәшір

1958 жылы Үндістанның Кашмир өңірінде дүниеге келген. 1965-1978 жылдары Кашмирде, Сринаграда Британдық СМS мектебінде, Түркияның Стамбул қаласында орта білім алған. 1996-1998 жылдары «Finma UK Ltd» компаниясының басқарушы директоры, 1998-2003 жылдары «Кайзен» компаниясының құрылтайшысы және директоры, 2003-2006 жылдары «Alon Foreign Trade & Construction Ltd» компаниясының директоры, 2006-2007 жылдары «Нұрсұлтан Назарбаев білім қоры» қоғамдық қорының Ұлыбританиядағы өкілі қызметін атқарған. 2007-2010 жылдары Дүниежүзі инновация қорының Қазақстандағы өкілі қызметін атқарған. Қазақ, ағылшын, түрік, ұрду, араб тілдерін жетік біледі. «Руханият-Жасылдар» партиясы төрағасының бірінші орынбасары.

ЗЕКЕЙҰЛЫ Жасан

Медицина ғылымдарының докторы, профессор. 1967 жылы ҚХР ШҰАР Тарбағатай аймағында дүниеге келген. 1984-1989 жылдары ҚХР Шыңжаң Медициналық университетінде білім алған. 1995 жылы тибет медицинасына сіңірген еңбегі үшін ҚХР денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен «Жоғары білікті аға-зерттеуші дәрігер» атағына ие болған. Атамекенге 1996 жылы көшіп келген. ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі, «Өтейбойдақ», «Гиппократ» медальдарының иегері. Ресей халықаралық шығармашылық академиясының академигі.

СӘРСЕКБАЕВ Бақыт

Боксшы. Бейжің Олимпиадасында Қазақстанға жалғыз алтын медаль алып келген чемпион. ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері. Азия чемпионы, Азия-Африка ойындарының жеңімпазы, Студенттер арасындағы әлем чемпионы, Қазақстан чемпионы.

ИСЛАМ Қанат

Боксшы, Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері.1984 жылы ҚХР Алтай аймағының Қоба ауданында дүниеге келген. Қытай құрамасының сапында екі бірдей Олимпиодаға қатысқан. 2010 жылы Қазақстанға біржолата көшіп келді. Қазір «Астана арландары» командасының сапында өнер көрсетіп жүр.

ҚОЖАНҰЛЫ Тілеубек

ҚР Мәдениет қайраткері. ШҰАР Өнер институтын тамамдаған. Темірбек Жүргенов атындағы Өнер академиясын қызыл дипломмен тамамдаған. Құрманғазы атындағы консерваторияның аспирантурасын бітірген. Абай атындағы опера және балет театрының әншісі.

P.S. Айтпақшы, «оралманды ұратындар» көбейген соң ба, әлде орайы солай келді ме, әйтеуір сырттан келген ағайындар бас болып, тәуелсіздіктің 20 жылдығына арнап «Тәуелсіздік жемісі» деген кітап шығарыпты. Міне, осы кітапқа елге жақсы таныс, Қазақстанның өркендеуіне, біліміне-ғылымына, экомикасына, өнеріне өлшеусіз еңбек сіңіріп жатқан 250-ден астам оралман-қандастардың тізімі өмірбаянымен бірге беріліпті. Ал ол кітапқа енбей қалғандар қаншама! Әсіресе құқық қорғаушылар, әскери сала мамандары, генаралдар кірмей қалған. Ендеше сіз кімді білесіз? Редакцияға жолдаңыз, «Қай қазақтен кем едім...» айдарымен жұртқа таныстырайық. Биліктегілер де біліп жүрсін!

кіл қаймақ

ХАЛИФА Алтай - дінтанушы, ғалым. 1917 жылы Шығыс Түркістанның Алтай аймағында туған. 2003 жылы дүниеден озды.

Абдоллақызы Гүлнәр - әнші, ҚХР-ның Еңбек сіңірген әртісі. 1958 жылы Шәуешек қаласында туған.

ӘБІКЕЙҰЛЫ Қабылаш - әнші, Моңғолияның Халық әртісі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері. 1945 жылы Моңғолияда туған.

ӨЗТҮРІК Мұстафа - таэквандодан VI ДАН иегері, әлемге әйгілі таэквандо шебері, ұлтын сүйген арда азамат. 1954 жылы Түркияда туған. 1995 жылы Қазақстанда дүниеден озды.

АДАЙ Марғұлан - таэквандодан IV ДАН иегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 1972 жылы Моңғолияда туған.

БАТЫРХАНОВ Шайхислам - медицина ғылымдарының докторы, профессор. 1950 жылы Қырғызстанда туған.

ҒАБИТХАНҰЛЫ Қайрат - филология ғылымдарының кандидаты, прфессор. 1965 жылы ҚХР Үрімжі қаласында туған.

ЕЖЕНХАНҰЛЫ Бахыт - тарих ғылымдарының докторы. 1962 жылы ҚХР ШҰАР-да туған.

ЖЕМЕНЕЙ Ислам - шығыстанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы. Иран Ислам республикасының Горган қаласында туған.

ЗИЯДАН Болатхан - биология ғылымдарының докторы, профессор. 1961 жылы Моңғолияда туған.

ЗЕКЕНҰЛЫ Тұрсынхан - жазушы, тарих ғылымдарының докторы, профессор. 1962 жылы ҚХР Алтай аймағында туған.

БАЗЫЛХАН Нәпіл - түркітанушы, филология ғылымдарының кандидаты. 1967 жылы Моңғолияда дүниеге келген.

ҚАРТБАЙҰЛЫ Нияз - филология ғылымдарының кандидаты, аудармашы. 1957 жылы Иран Ислам республикасының Гонбед Каус қаласында туған.

МӘСІМХАНҰЛЫ Дүкен -филология ғылымдарының докторы, ақын, аудармашы, шығыстанушы ғалым. ҚХР Текес ауданында туған.

МЕРХАМИТҚЫЗЫ Фарида - кәсіпкер. «Ерке-нұр» компаниясының президенті. Қазақтың ұлттық киім үлгілерін бүткіл әлемге насихаттап жүрген ел патриоты.

САРТҚОЖАҰЛЫ Қаржаубай - тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, филология ғылымдарының докторы. 1947 жылы Моңғолияда туған.

УАТҚАН Ботакөз - Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі. 1956 жылы Моңғолияда туған.

ШЕЙХ-ӘЛИ Асқар - физика ғылымдарының докторы. 1959 жылы Уфа қаласында туған.

РЫСТАН Өмірзақ - суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі. 1950 жылы Моңғолияда туған.

«Общественная позиция»

(проект «DAT» № 34 (117) 12 қазан 2011 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502