Мәсімовтің жауабы
Қыркүйектің 26 сында Үкімет басшысына қаратып, «Мәсімов Ахаңа ескерткіш қоя ала ма?» деген тақырыппен мақала жариялаған едік. Онда Ресей үкімет басы В.Путин П.Столыпинге арнап ескерткіш қою үшін министрлер мен мемлекеттік компаниялардың басшыларына қаражат жинауға нұсқау бергенін сөйтіп, ресейлік шенеуніктер патша өкіметін басқарған Столыпин үшін ақша аудара бастағаны айтылған еді. Біз, Ресейлік әріптесінен үлгі алып, Мәсімов мырза да кейінгі кезде өзі еңбегін зерттеп жүрген Ахмет Байтұрсынұлына ескерткіш қойса, шіркін, деп үмітке толы материал шығарып, оны прьемер министрдің блогына салған едік.
Келген жауап мынау:
Обращение № 103048 от 05.10.2011 (Өміржан) на имя Премьер-Министра РК
PRESSA pressa@astana.kz кому: мне, Nurgazina_NZh
Показать детали 10:49 (23 ч. назад)
103048
На рассмотрении
05.10.2011 15:37:47
Өміржан
abdihalyh.imanjusyp.omirjan@gmail.com
http://old.abai.kz/content/mesimov-akhana-eskertkish-koya-ala-ma
Жауап:
Қыркүйектің 26 сында Үкімет басшысына қаратып, «Мәсімов Ахаңа ескерткіш қоя ала ма?» деген тақырыппен мақала жариялаған едік. Онда Ресей үкімет басы В.Путин П.Столыпинге арнап ескерткіш қою үшін министрлер мен мемлекеттік компаниялардың басшыларына қаражат жинауға нұсқау бергенін сөйтіп, ресейлік шенеуніктер патша өкіметін басқарған Столыпин үшін ақша аудара бастағаны айтылған еді. Біз, Ресейлік әріптесінен үлгі алып, Мәсімов мырза да кейінгі кезде өзі еңбегін зерттеп жүрген Ахмет Байтұрсынұлына ескерткіш қойса, шіркін, деп үмітке толы материал шығарып, оны прьемер министрдің блогына салған едік.
Келген жауап мынау:
Обращение № 103048 от 05.10.2011 (Өміржан) на имя Премьер-Министра РК
PRESSA pressa@astana.kz кому: мне, Nurgazina_NZh
Показать детали 10:49 (23 ч. назад)
103048
На рассмотрении
05.10.2011 15:37:47
Өміржан
abdihalyh.imanjusyp.omirjan@gmail.com
http://old.abai.kz/content/mesimov-akhana-eskertkish-koya-ala-ma
Жауап:
Кешіріңіз, сіздің сұрағыңыз Астана қаласы әкімдігінің құзіретіне кірмейді.
Сөз болып отырған мақаланың Астана қаласы әкімдігіне үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Әрі материал К.Мәсімовтің жеке блогына салынған.
Ал, жауап «мұрның қайсы десе, аузын көрсетіпті». Міне, бізді билеп отырған биліктің кейпі. Қайран сөзім қор болған...
«Абай-ақпарат»
Мәсімов Ахаңа ескерткіш қоя ала ма?
Патшалық Ресей өкіметін басқарған Петр Столыпиннің 2012 жылы тойланғалы отырған150 жылдық тойын ұйымдастыру жөнінде құрылған топтың отырысында Ресейдің қазіргі прьемер-министрі Владимир Путин: «Әр министр Столыпиннің ескерткішін орнатуға кем дегенде бір айлық жалақысын аударуы тиіс», - деп өзіне бағынышты лауазымды қызметкерлерге қаратып мәлімдеме жасаған еді.
Содан бастықтарының сөзін екі етпейтін Ресей үкіметінің министрлері бірінен соң бірі айлық табыстарын ескерткішті тұрғызу қорына аудара бастаған. Алғашқы болып «Сбербанктің» төрағасы Герман Греф 500 мың рубль, оның ізін ала вице-прьемер Виктор Зубков - 203 мың, көлік министрі Игорь Летивин - 141 мың, Табиғат министрі Юрий Трутнев - 152 мың, қаржы минстрі Алексей Кудрин - 172 мың рубль Столыпиннің тас мүсініне салуға шытырлатып санап берген. Сөйтіп, П. Столыпинің мұраларын зерттеу қорының президенті Павел Пожигайлоның есебінше, аз уақыт ішінде 6 млн. рубль жиналыпты. Бұл - Ресей үкімет мүшелерінің ұлттық, мемлекеттік саналарының таза, биік екенінің бір айғағы болса керек.
Орыс елінің екі тізгін бір шылбырын қолына ұстаған билік өкілдерінің айлығын аямай, тас тұғыр орнатуға құлшынып, 150 жылдығын ұлан-асыр тойламақ болып жатқан, әрі бүгінгі Ресей ұлы реформатор санайтын Столыпин кім еді?
Столыпин 1905 жылғы Ресейдегі көтерілісті басып-жаншығаннан кейін аграрлық саясат жасап, отар қазақ даласын талауға салып, ішкі Ресейден қазақ жеріне бұрын-соңды болмаған аса көп мөлшердегі орыс шаруаларын қоныстандырды. Келімсек орыстарға қитұрқы саясатпен қазақтың шұрайлы жерлерін тартып алып беріп, қазақ халқының ата қонысын тарылтып, тоз-тозын шығарды. Дәл осы Столыпиннің жер саясатына Алашорданың аяулы қайраткерлері Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы қарсы шығып, жанын салып қазақ жерін қорғады. Елді патша үкіметінің кезекті арбауына түсіп қалмауға шақырып, жарғақ құлақтары жастыққа тимей жұмыс жасады. Соның арқасында бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның алып территориялық тұтастығы сақталып қалды.
Сол аяулы Ахаңның - Ахмет Байтұрсынұлының қызметі мен еңбегін Қазақстан үкіметінің басшысы Кәрім Мәсімов мырза зерттеп, зерделеп жүргенін tweetter әлеуметтік желісінде өз аузымен айтты. Тіпті, соның дәлеліндей бірнеше рет үкімет отырыстарында Ахмет Байтұрсынұлының алтын сөздерімен әңгімесінің шырайын келтіргенін де көргенбіз.
Ал, терістікегі көрші мемлекеттің үкімет басы Путин болса, біздің Кәрім Қажымұқанұлының кедендік одақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, еуроазиялық экономикалық одақ секілді халықаралық ұйымдардағы қоян-қолтық араласып жүрген әріптесі әрі досы.
Путиннің Столыпин үшін қандай қадамға барып отырғанын жоғарыда баяндадық. Ендеше, біздің Кәрім ағамыз да Тәңірі дәрежесін асырып, дәргейіне бағындырып берген министрлерін бір үйдің баласындай жұмылдыра отырып, айлықтарын аудартып, Столыпинге қасқайып қарсы шапқан, елі мен жерін талаудан құтқарған Ахмет Байтұрсынұлына арнап Астананың төрінен асқақтаған ескерткіш орнататын шығар.
Кәрім Мәсімов мырза ресейлік әріптесінен үлгі ала отырып, осы істі атқарып шықса, ол - Тәуелсіздіктің 20 жылдығына жасалған теңдессіз тарту болмақ.
P.S.
Егер бұл ұсынысты үкімет басшысы қабыл алып, іске кіріссе, «Абай.кз» ұжымы министрлердің шайлығына татымайтын болса да бір айлық еңбек ақыларын аударуға дайын!
«Абай-ақпарат»