Жұма, 29 Наурыз 2024
5533 6 пікір 14 Сәуір, 2020 сағат 11:32

Лукашенко: Беларусьта коронавирустан ешкім өлген жоқ, өлмейді де

Беларусь президенті Александр Лукашенконың мәлімдеуінше, елде коронавирустан ешкім өлген жоқ, өлмейді де. Президенттің мәлімдемесін мемлекеттік БелТА ақпарат агенттігі таратты. Дегенмен республикада коронавирус жұқтырған 29 адам қайтыс болған.

Лукашенконың пікірінше, COVID-19 диагнозы қойылған азаматтар коронавирустан емес, "басқа да созылмалы аурулардан қайтыс болған".

"Коронавирус – созылмалы аурулар дамитын орта", – дейді президент.

Лукашенконың мәлімдеуінше, "Беларусь билігі адамдарды құтқаратын дәрілер комбинациясын анықтады". Президенттің пікірінше, "ауруға мойынсұнбаған науқас міндетті түрде дертті жеңеді".

Коронавирус барын ұзақ уақыт мойындамай келген Лукашенко енді пандемия туралы жиі айтып жүр. Мысалы, Беларусь басшысы трактормен егістікте жұмыс істеу - коронавирустың ең жақсы дәрісі деп мәлімдеген. Лукашенко адамдардың пандемия кезінде үйде отырғанын қолдамайды. "Тар бөлмелерде адамдарды жауып қою - әдіс емес" дейді беларусь президенті.

Беларусь денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, пандемия басталғалы бері елде 29 адам коронавирустан қаза тапты, жұқпалы вирус жұқтырғандар үш мыңға жетті, олардың арасында бірнеше жүз дәрігер бар.

Беларусь билігі карантин шараларын енгізбеді, адам көп жиналатын іс-шараларға тыйым салмады. Мысалы, республикада футболдан ел чемпионаты өтіп жатыр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Беларусь билігін коронавирус эпидемиясы қауіпті деңгейге өткенін ескерткен. Бірақ Беларусь билігі кеңеске құлақ аспай отыр.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2277
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3594