Жексенбі, 24 Қараша 2024
3799 9 пікір 15 Сәуір, 2020 сағат 10:34

Жат ағым өкілдерінің көбісінде рухани тәрбие жоқ

Реоблитация жұмысындағы тәжіриебемнен байқағаным – жат ағым өкілдерінің көпшілігі «ширк», «күпір», «бидғат», «тағут», «нифақ», «кәбир-муртакиб» және «жиһад» тақырыптарын ту етіп ұстайды.

Әлбетте, ақида және фиқһ пәндері бойынша аталған тақырыптар аса маңызды. Бұл тақырыптарды жан-жақты түсінбейінше, адамның исламды толық қабылдау мүмкін емес. Дегенмен, осы тақырыпты ту етіп ұстап жүрген бауырларымыздың көпшілігінен аңғарғаным, олардың ахлақ (мұсылмандық этика) туралы ілімі тым таяз. Таяз ғана емес, басым көпшілігінің мінез-құлқы қырсық, қыңыр, қара дүрсіндеу. Іштерінде өздерінің сол қара дүрсін мінездерін айнымас «пұтқа» айналдырып жібергендері де баршылық.

Осылай сол тәкәппар мінезін бәрінен жоғары қоюды жалғастыра берсе, оның соңы «ширкке», «күпірге», бидғатқа», «тағут болуға», «мүнәпықтық етуге», «үлкент күнә жасауға» итермелеуі әбден мүмкін ғой. Себебі, Алла-тағала Құран-кәрімде: «Нәпсі жамандыққа бұйырады» (Юсуф, 53) деп ескертеді. Ал, Алла Елшісі (с.ғ.с): «Ең ұлы жиһад – нәпсімен күрес» деп өсиет еткен. Алаштың алдаспан ақыны Махамбет: «Мұсылманшылдық кімде жоқ, тілде бар да, ділде жоқ» дейді. Иә бауырым, мінезіңді түземегеннен кейін сенің тіліңдегі мұсылманшылдық кімге керек?

Мұхан Исахан,

Дінтанушы. PHD докторы,

ҚМДБ жанындағы ғұламалар кеңесінің мүшесі,

(ШҚО Дін мәселелерін зерттеу орталығы).

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1502
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3273
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5700