Жексенбі, 24 Қараша 2024
2793 1 пікір 15 Сәуір, 2020 сағат 18:21

Алматы ДСБ басшысы өз кеңсесінде оқшауланып жатыр

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев өзінің жұмыс кеңсесінде оқшауланып жатыр екен. Бұл туралы басқарма басшысының өзі мәлімдеді.

"Менің дербес оқшаулануыма қатысты айта кетсем. Мен 6 күн бұрын орталық қалалық клиникалық ауруханаға барғандықтан әлеуетті байланыстағы адам саналамын, сондықтан әріптестерім қауіп-қатерге ұшырамас үшін өз-өзімді оқшаулауды жөн көрдім. Мен өз әріптестеріммен бірге карантинге алынған сәттен бастап үш рет талдаулар өткіздім. Барлығының нәтижесі теріс.

Карантин басталғалы бері үш рет тест тапсырдым. Қорытындылары оң. Инфекция белгілері жоқ", - деді Тілеухан Әбілдаев "Хабар 24" телеарнасында өткен брифингте.

Ол сондай-ақ, жұмыс орнында оқшауланып жатқандықтан, карантин кезінде жұмыс кеңсесінде түнеп жүргенін айтқан.

"Мен жуықта ауруханаға барып, бір науқастың жағдайын сұрадым. Қасымда бөлім меңгерушісі, қарапайым дәрігер мен клиниканың Бас дәрігері болған. 14 күн бойы карантинде боламын", - депті басқарма басшысы.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1502
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3273
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5711