Дүйсенбі, 4 Мамыр 2026
3204 0 пікір 21 Сәуір, 2020 сағат 11:15

Өзбекстанда азық-түлік бағасының өспеуін прокуратура қадағалайды

Өзбекстанда прокуратураға халыққа арзан ұн мен картоп жеткізу жауапкершілігі жүктелді. Бұл жөнінде 19 сәуірде елдің бас прокуратурасы мәлімдеді.

«Бізге мемлекеттік ресурстардан халыққа арзан азық-түлік жеткізу жүктелді», - деді бас прокуратура өкілі Фарход Очилов.

Оның сөзінше, базар мен сауда орындарындағы көкөніс сататын орындар бақылауға алынған.

Әлеуметтік желілерде азық-түлік тапшылығы болып жатқаны жазылып жатыр. Бірақ елдің шенеуніктері мұны жоққа шығарады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 1365
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1096