Бейсенбі, 17 Қыркүйек 2026
3611 1 пікір 21 Сәуір, 2020 сағат 14:46

WTI және Urals маркалы мұнайының бағасы құлдырады

АҚШ-тың WTI маркалы мұнайының мамырдағы фьючерстері баррельіне 0,3 долларға дейін түсті.

Лондонның ICE биржасындағы сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, WTI маркалы мұнайдың бағасы барреліне 0 доллар болған. Кейін мұнайдың бағасы құлдырап кеткен.

РИА Новости агенттігінің жазуынша, WTI маркалы мұнайдың қазандағы фьючерстерінің бағасы барреліне минус 55 доллар болған. Ал маусымда ол баға 15 пайызға төмендеп, баррельіне 21,21 долларды құраған.

Сарапшылардың пікірінше, бағаның күрт төмендеуіне мұнайдың шектен тыс болуы және оған сұраныстың азаюы әсер етіп отыр.

Халықаралық энергетика агенттігінің болжамынша, биыл мұнайға сұраныс тәулігіне 9,3 миллион баррельге дейін төмендейді. Бұл көрсеткіш рекордтық болып саналады.

АҚШ мұнайының артынан Ресей мұнайы да минустық көрсеткішке кеткен. Ресейлік Urals маркалы мұнайы барреліне минус 2 долларға сауланып отыр.

Ал  KASE қор биржасында доллар қымбаттады. 21 сәуірдегі мәлімет бойынша, доллар 430,27 теңгеден сатылып жатыр. Осыған дейінгі саудада доллар 427,48 теңгеден сатылған еді.

Abai.kz
1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1281
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2825
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 929
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 875