Жексенбі, 24 Қараша 2024
5321 5 пікір 21 Сәуір, 2020 сағат 14:54

Ораза кезінде туыстардың үйіне ауызашарға баруға бола ма?

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен биылғы Рамазан айына қатысты мәліметтер бойынша баспасөз конференциясында Қазақстанның Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы аталмыш сұраққа жауап берді.

«Бұл жөнінде өткенде айтылған үндеуімізде кеңес берген болатынбыз. Баршамыз жақындарымызды, көршілерімізді үйге шақырғымыз келетінін түсінеміз, бірақ өзіміздің, ағайын туыстың, көршілеріміздің амандығы үшін мына төтенше жағдайда карантин талаптарын орындауға шақырамыз. Қазір сабыр етіп, оқшауланайық. Бәрі жақсы кезде бір-бірімізді қонаққа шақырамыз», - дейді ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Бұған дейін Бас мүфти Мұқтаж отбасыларға ауызашарға кететін қаржыны аудару арқылы көмек көрсетуге болатыны туралы айтты.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5618