Жексенбі, 10 Қараша 2024
Жаңалықтар 5734 0 пікір 31 Тамыз, 2011 сағат 06:50

ШЫҒЫС АУЫЛЫ ШЫРАЙЛАНЫП КЕЛЕДІ

Тарихи Отанына оралып, бүгінде жергілікті жұртшылықпен етене араласып кеткен қандастарымыз «Нұрлы көштің» шапағатын кеше тағы бір мәрте сезінді. Өскемен қаласының іргесінде шетелден оралған ағайындарымызға арнап салынған  Шығыс ауылының кішкентай тұрғындары үшін Білім күні қарсаңында жаңа мектеп пен балабақша пайдалануға берілді.

Міне, сол ауылдың 163 балғыны жаңа мектеп табалдырығын аттап отыр. Мектеп пен балабақшаның ашылу сал-
танатына облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ пен Ж.Ерман, Ұ.Есдәулет, Қ.Жұмәділов, Т.Молдағалиев, Г.Салық-баева, Т.Медетбек сынды танымал ақын, жазушылар қатысты.

Жаңа мектептің тұсаукесеріне  Шығыс ауылының тұрғындары мен мектептің болашақ шәкірттері жиналды. Оларды жаңа білім ордасының ашылуымен облыс басшысы құттықтады.

Тарихи Отанына оралып, бүгінде жергілікті жұртшылықпен етене араласып кеткен қандастарымыз «Нұрлы көштің» шапағатын кеше тағы бір мәрте сезінді. Өскемен қаласының іргесінде шетелден оралған ағайындарымызға арнап салынған  Шығыс ауылының кішкентай тұрғындары үшін Білім күні қарсаңында жаңа мектеп пен балабақша пайдалануға берілді.

Міне, сол ауылдың 163 балғыны жаңа мектеп табалдырығын аттап отыр. Мектеп пен балабақшаның ашылу сал-
танатына облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ пен Ж.Ерман, Ұ.Есдәулет, Қ.Жұмәділов, Т.Молдағалиев, Г.Салық-баева, Т.Медетбек сынды танымал ақын, жазушылар қатысты.

Жаңа мектептің тұсаукесеріне  Шығыс ауылының тұрғындары мен мектептің болашақ шәкірттері жиналды. Оларды жаңа білім ордасының ашылуымен облыс басшысы құттықтады.

- Осыдан бір жыл бұрын бұл жер жазық дала еді. Бүгін міне, тұрғын үйлер пайда болып, мектеп, балабақша  ашылып жатыр. Мұның барлығы - «Нұрлы көш» бағдарламасының жемісі. Біздің ең басты мақсатымыз - бұл жерде кішкен-тай қалашық тұрғызу. Бүгінде тағы 500-дей тұрғын үй салынып жатыр. Осы-ның барлығы еліміздің экономикалық қуатының арқасында жасалып жатқан дүние. Жаңа оқу жылын балаларымыз жаңа мектепте қарсы алатын болды. Оларға тек қуаныш, денсаулық тілеймін. Ұстаздары жақсы тәлім-тәрбие мен білім нәрімен сусындатсын. Ертеңгі күні олар сіздерді құттықтай келген ағаларымыз сияқты еліне елеулі, халқына қалаулы азаматтар  болсын, - деді аймақ басшысы Бердібек САПАРБАЕВ.

- Көш деген сөз менің жаныма өте жақын. Шетелде тұрып жатқан ағайындарымыздың өмірі жайлы «Соңғы көш» деген екі томдық роман жазған болатынмын. Мен де оралманмын. Тек айырмашылығым, сіздерден көп жыл бұрын шекара астым. Бірақ бүгінгі көш кешегі көштен өзгерек. Бүгінгі көштің өрісі кеңейді. Шынымен де нұрлы көшке айналды. Бүгін, міне, балаларымыз өз елінің ауасымен тыныстап, өз елдерінің мектебінің табалдырығын аттайтын болды, - деп Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмәділов ағамыз қандастарымызды тебіреніспен құттықтады.

600 орынға лайықталып салынған мектептің іші кірсе-шыққысыз. Мектеп құрылысына 875 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалған.

Оқушылардың заман талабына сай білім алулары үшін барлық жағдай жасалған. Небәрі бір жылдың айналасында салын-ып, пайдалануға берілген білім ордасының табалдырығын бұл күні 163 оқушы аттап отыр. Өскемен қаласы білім бөлімінің бастығы А.Кузнецовтың айтуынша, алдағы уақытта балалар саны ескі Ахмер ауылының  балалары мен қоныстанушылар есебінен көбеймек.

Еңбекпен қамту мәселесі қандастары-мызды біраз мазалаған еді. Алайда бүгін
бұл мәселе де ретімен өз шешімін тапқан сыңайлы. Мұндағы еңбекке жарамды халық-тың 80 пайызы еңбекпен қамтылған екен. Жаңа мектепке де негізінен қандастарымыз тартылды. Мектеп директоры Доғдырбек Асаубаевтың айтуынша, мұнда еңбек ететін 35 адамның 32-сі -  қандастарымыз. Бір айта кетерлігі, олардың дені Қазақстанның оқу орындарын бітірген мамандар.

Мектептің іргесінде бой көтерген «Нұр шуақ» балабақшасы бүлдіршіндерге есігін айқара ашуға дайын. 280 орынға арналып салынған балабақшаға әзірге 118 бүлдіршін барады екен. Бұл ауыл тұрғындарының қазіргі күнгі санына байланысты. Бірақ «Нұрлы көштің» аясында мұнда әлі талай жас отбасы қоныс тебетіндігін ескерсек, ертеңгі күні балабақша тәрбиеленушілерінің саны күн санап артатындығы рас.

Ауыл тұрғындарының, әсіресе кішкентай бүлдіршіндердің қуанышында шек жоқ. Себе-бі, ертең олар әсем ғимарат ішінде асыр салып ойнайды, балалық бал дәуреннің қуанышына кенеледі. Ал балабақша балаларға қуаныш сыйлауға барлық жағынан әзір.

- Қызым алғаш рет балабақшаға бармақ. Қазіргі күннің өзінде балабақшаға қашан барам деп сұрап әлек. Менің ел ағаларына алғысым шексіз. Отанымызға оралып, ел қатарына қосылып жатырмыз. Басымызда баспанамыз бар. Енді, міне, дәл үйіміздің іргесінде әсем балабақша ашылды. Енді балаларымызды еш алаңсыз сонда апарып, қолымыз да босап қалатын болды. Бұл жұмыс істеуге мүмкіншілік тудырып отыр, -  дейді қандасымыздың бірі Гүлмира Сайран.

Алыста жүрген ағайындарын бір шаңырақ астына топтастырып, қандасым деп бауырына тартқандығы «Нұрлы көштің» ғана емес, қазақтың да  қасиеттілігі болар.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1156
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 2622
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 2652