Сенбі, 23 Қараша 2024
2804 2 пікір 8 Мамыр, 2020 сағат 11:24

Трамп пен Путин қарулануға бақылау орнату мәселелерін талқылады

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинге қарулануға бақылау орнату жөніндегі келісімге Қытайды тарту қажеттігін айтты. Бұл туралы Ақ үй хабарлады.

Бейсенбі күні Трамп пен Путин телефонмен сөйлесті. "Президент Трамп АҚШ-тың қарулануды қатаң бақылауда ұстауды қалайтынын айтып, оған Ресейді ғана емес, Қытайды да тартқысы келетінін, осы мәселеге қатысты келіссөздерді асыға күтетінін мәлімдеді" делінген Ақ үй таратқан ақпаратта.

Өткен жылы Ресей мен АҚШ Қысқа және орта қашықтыққа арналған зымырандарды жою туралы келісімді жойды. Құжатты екі ел осыдан 30 жыл бұрын қабылдаған. Келісімнен әуелі Вашингтон шықты, одан соң Ресей де бұл құжаттан бас тартатынын мәлімдеді.

Бейсенбі күні Дональд Трамп пен Владимир Путин коронавирус пандемиясын да талқылаған. Трамптың мәлімдеуінше, АҚШ билігі өз азаматтарын эпидемиядан қорғауға көп күш салып жатыр, қажет болса, кез-келген елге, соның ішінде Ресейге де көмектесуге әзір.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3243
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5395