Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 9707 17 пікір 8 Мамыр, 2020 сағат 12:16

Өзбекстан тарабымен келісім жасалуы керек

Ә. Усманов Мақтаарал халқына 5- млн 200 мың доллар аударды. Бұл мәселені ресми Өзбекстанның біздің елге бейресми өтемақысы деп түсіну керек.

Бұл аз ба, көп пе?
Бұл аз да, көп те емес, Өзбекстанның өз кінәсін ішінара мойындауы.
Бірақ, келген залал бұл сомадан ондаған есе көп екендігі анық. Ол қалай шешілмек?

Сонымен бірге, бұл техногендік апаттан кейін қандай қорытынды жасалуы керек? Өзбекстан тарабымен су, электр энергиясы, газ мәселесі бойынша келісім жасалуы тиіс.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Өзбек тарабының әлімжеттік жасап, біздің оңтүстік өңірлерге газ бермей қойған кездері болған. Енді су мәселесі шығып отыр. Су проблемасы көптеген он жылдарда қордаланған, өзбек ағайынның бізге жасаған тағы бір әлімжеттігі. Табиғаттың өзі берген суды көршісінен, туысынан аяу Кеңес кезінде басталған. Соның арқасында Арал теңізі апатты жағдайға түсіп, жойылып кетті.

Бүгінде, тападай тал түсте, елімізге жұт әкелді. Өзбекстан Президенті Мирзеевтың бізді мүсіркеуі, Усмановтың бес миллионы Қазақстан тарабын мүлгітпеуі керек. Бұл аз төлем және толық кінаны мойындау емес!

Әрине, өзбек ағайынға Рахмет, біраз көмек жасап жатыр. Бірақ, тез шешімін табуы керек, принципті мәселе бар! Инфрақұрылым, су, атом энергетикасы саласындағы жобалар, барша Орта Азия мемлекеттерімен келісіліп, халықаралық сараптамадан өтіп, ратификация жасалуы тиіс. Онан кейін, Тәжікстандағы Рагун ГЭС-і мәселесіне де біздің тарап араласуы керек деп ойлаймын.

Егер ол жақтан апат келсе, катастрофаның көкесін сонда көреміз. Жалпы, осы өңірдегі экология, су, энергетика мәселелері, ОА мемлекеттерімен бірлесіп шешілуі тиіс. Бұл ең басты аспект. Қазанды жылы жауып қоймай,
біз осыған қол жеткізуіміз керек!

Айтпақшы, Ф.Шодиев неге үнсіз? Ол неге Мақтаарал халқына көмектеспейді? Мирзеевтың бұйрығын күтіп отыр ма? Әлде, Өзбек тарабына көмектесіп жатыр ма?

Ерлан Саировтың әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

17 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5404