Жексенбі, 20 Сәуір 2025
2832 6 пікір 11 Мамыр, 2020 сағат 15:07

Қазақстанда биологиялық қауіпсіздік жөніндегі кеңес құрылады

Қазақстанда биологиялық қауіпсіздік кеңесі пайда болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қазіргі дағдарыс бүкіл әлемге медицина, білім беру, әлеуметтік қорғау сынды әлеуметтік салалардың қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Бізге денсаулық сақтау жүйесінің сапасын арттыруға, медициналық мекемелерді толық технологиялық қайта жарақтандыруға, медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға бағытталған түбегейлі өзгерістер қажет. Бейімделу жүйелері кез келген сипаттағы төтенше жағдайларға жедел ден қою үшін қажет", - делінген Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесінде.

Сондай-ақ, демографиялық бақылау, телемедицина мен қашықтан диагностиканы енгізу тәсілдері әзірленуі тиіс.

"Ұлттық санитар-эпидемиологиялық қызметті түбегейлі нығайту қажет. Жалпы, COVID-19 және осындай вирустар бір жолғы оқиға емес. Сондықтан біз тек практикалық тұрғыдан емес, ғылыми тұрғыдан да үнемі дайын болуымыз керек. Үкімет беделді ғалымдар мен сарапшыларды тарта отырып, биологиялық қауіпсіздік кеңесін қалыптастыруы тиіс", - деп мәлімдеді Президент.

 

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2068
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4939
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4140