Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3609 0 пікір 1 Қараша, 2011 сағат 07:46

Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ. Алтынбек Сәрсенбайұлының өлімі бойынша сотталған шенеуніктің түрмедегі өмірі

Қоғамдық белсенді Кәрібай Құсайынов Алтынбек Сәрсенбайұлының өлімі бойынша ұзақ жылдарға сотталған бұрынғы шенеунік Ержан Өтембаевтың бостандықта жүргенін жоққа шығарады.

Қоғамдық белсенді Кәрібай Құсайынов Алтынбек Сәрсенбайұлының өлімі бойынша ұзақ жылдарға сотталған бұрынғы шенеунік Ержан Өтембаевтың бостандықта жүргенін жоққа шығарады.

Ержан Өтембаевтың аты-жөні қазанның 19-ы күні «Взгляд» газетінде құқық қорғаушы Вадим Курамшинге байланысты мақалада аталды.

Вадим Курамшин астаналық колонияда тәртіпті қадағалау кеңесінің төрағасы, 25 жылға сотталған Сергей Потоловтың «жайлы орындар» үшін ақша жинайтынын, оған тапсырманы сол түрмеде отырған бұрынғы шенеунік, Алтынбек Сәрсенбайұлының өлімі бойынша сотталған Ержан Өтембаевтың өзі беруі мүмкін екенін айтқан еді.

«ТЕК БОСТАНДЫҚ ҚАНА ЖЕТПЕЙДІ»

Сенат аппаратының бұрынғы жетекшісі Ержан Өтембаев 2006 жылы Алтынбек Сәрсенбайұлының өлімі бойынша істе басты тапсырыс беруші ретінде танылып, 20 жылға бас бостандығынан айрылған болатын. Ол содан бері Астана қаласындағы ЕЦ 166/10 қатаң тәртіптегі колонияда жазасын өтеп жатыр.

Осыған дейін Ержан Өтембаевтың бостандықта жүргені туралы түрлі сыбыстар тараған еді. Бірі оның Алматының шетіндегі вилласында екенін, енді бірі Дубайда демалып жүргенін айтқан болатын.

Астана қаласында орналасқан осы колонияда жазасын өтеп, бостандыққа

Астана қаласындағы түрмеден жазасын өтеп шыққан Кәрібай Құсайынов. Алматы, 26 қазан 2011 ж.

​​шыққан Кәрібай Құсайынов Ержан Өтембаевтың бостандықта емес, түрмеде екенін айтады.

– Мен кеше зонаға хабарластым, оның сол жақта екенін айтты, – дейді Кәрібай Құсайынов.

Кәрібай Құсайынов Азаттық радиосына Ержан Өтембаевтың түрмеде қандай жағдайда «жазасын өтеп жатқанын» айтып берді. Астананың бұрынғы шенеунігіне ерекше қолайлы жағдай жасалғанын айтқан Кәрібай Құсайынов «оған тек бостандық қана жетпейтінін» айтады.

– Ержан Өтембаевқа санаторий не курорттағыдай жағдай жасалған. Ол қазір №1 отрядта тұрып жатыр. Онда негізінен шаруашылық қызмет атқаратындар – асхана жұмысшылары мен түрмедегі тәртіпті қадағалау кеңесінің мүшелері тұрады, – дейді Кәрібай Құсайынов.

«VIP-ҒИМАРАТ»

Кәрібай Құсайынов Ержан Өтембаев тұрып жатқан түрме ішіндегі «VIP-ғимаратты» былайша сипаттайды:

– Бұл жарық екі қабатты ғимарат. Еденге кілем төселген. Онда

" Ол тексеруге бармайды. Бір жыл бойы жазамды сол колонияда өтеген уақытта оны тексеруден бірде-бір рет көрмедім. "
аппаратуралар, мысалы, теледидар, кондиционер бар. Әрине, басқа жатақтарда бұл жоқ.

Кәрібай Құсайыновтың айтуынша, түрменің ішкі ережелері де бұрынғы шенеунікке жүрмейді. Оның ойынша, Ержан Өтембаев бұл міндеттен босатылған болуы мүмкін.

– Ол тексеруге бармайды. Бір жыл бойы жазамды сол колонияда өтеген уақытта оны тексеруден бірде-бір рет көрмедім. Ал тексеру – сотталушылар үшін маңыздының маңыздысы. Таңертеңгі және кешкі тексерулер өте көп уақытты алады, ыстықта да, суықта да, жаңбыр болса да, ашық аспан астында да сотталушылар тұрады. Бұл ішкі ереженің ажырамас бөлігі. Егер қарапайым сотталушы тексеруге шықпаса, әкімшілік тәртіппен жазаланады, – дейді бұрынғы тұтқын.

ЖАЛҒЫЗ ЖҮРМЕЙТІН ТҰТҚЫН

Оның айтуынша, Ержан Өтембаев түрмедегі басқа тұтқындардан оқшауланған, жеке тамақтанады.

– Оның жанында өзі үшін және тәртіпті қадағалау кеңесінің төрағасы Потолов үшін тамақ әзірлейтін сотталушылардан сайланған аспаз тұрады. Яғни, ол сотталушылардың негізгі массасымен кездеспеуге тырысады, –  дейді ол.

Кәрібай Құсайынов сотталушылар мен Ержан Өтембаевқа берілетін тамақ

" №1 отрядтың жатақханасы басқа отрядтардан алшақ орналасқан. Сондықтан ауласында кәуап жиі қуырылып жатады. Ол өзін-өзі ештеңеден шектемейді. "

сапасындағы айырмашылықты да атап өтеді. Қарапайым сотталушыларға екінші сортты еттің өзі жетпей жатса, Өтембаев тұратын жатақхана ауласында кәуап жиі қуырылып жатады екен.

– №1 отрядтың жатақханасы басқа отрядтардан алшақ орналасқан. Сондықтан ауласында кәуап жиі қуырылып жатады. Ол өзін-өзі ештеңеден шектемейді, – дейді бұрынғы тұтқын.

Оның айтуынша, өзге сотталушыларға үйінен сәлемдеме дорбамен жетіп жатса, Өтембаевқа қойды тірідей көлікпен әкеледі.

Кәрібай Құсайыновтың айтуынша, түрмедегі ең жайлы жұмыс – кітапханашы болу да Ержан Өтембаевқа бұйырған.

– Мен оның газонокосилкамен (көгал шабатын құрал) кітапхана

Қазақстан қылмыстық атқару жүйесі комитетінің ғимараты. Астана, тамыз, 2010 ж.

​​маңындағы шөпті орып жүргенін бірнеше мәрте көргенмін. Себебі, кітапхана маңында арнайы шөп түрі өсірілетін, – дейді ол.

Оның айтуынша, кітапхана мен жатақханаға еуро үлгідегі жөндеу жұмысы жасалған. Бұл жұмыстарды Ержан Өтембаевтың өзі жеке қаражатына жөндеткені турасында сотталушылардан естігенін айтады.

Ержан Өтембаев «қауіпсіздік мақсатында ма, әлде басқа себептен бе – ешқашан жалғыз жүрмейді» екен.

Кәрібай Құсайыновтың айтуынша, басқа тұтқындарға ереже бойынша үш айда бір рет туыстарымен кездесуге рұқсат етілсе, Өтембаев айына бір рет әйелімен кездесіп тұрады.

– Өтембаевқа соңғы бөлме берілген. Отбасымен тек сол жерде ғана кездеседі. Бұл - өте кең бөлме. Онда да үлкен теледидар бар, кілем төселген. Кондиционер де орнатылған, – дейді Кәрібай Құсайынов.

ҚОЙҒА – РҰҚСАТ

Ержан Өтембаевтың жұбайы Людмила Өтембаева күйеуі туралы түрлі сыбыстардың бәрін жоққа шығарды.

– Кәуап қуырды деген не сөз? Мысалы, мен кездесуге барған кезде палау, мәнті, тағы басқа тамақ пісіремін. Оның не айтып отырғанын білмеймін.

" Үлгілі әрекеті үшін берілетін кездесулер де болады. Ол бұған лайықты. Оның енді террорист емес екенін білесіздер ғой. "
Жалпы рұқсат етілген. Өз басым Құрбан айтта барған кезде тірі қой алып кіру үшін адамдардың кезекке тұрғаны есімде. Рұқсат берді. Оларға қой алып кіргізуге рұқсат етілді. Себебі, бұл мемлекеттік мейрам ғой, – дейді Людмила Өтембаева.

Ол Ержан Өтембаевтың туыстарымен қаншалықты жиі кездесіп тұратынын нақтыламаса да, «заңды» кездесулерден бөлек «қосымша кездесулер» де бар екенін сездірді.

– Заңды кездесулер бар. Тоғыз айдан кейін заң бойынша жеңілдетілген режим берілген. Ынталандыруға бағытталған кездесулер бар. Үлгілі әрекеті үшін берілетін кездесулер де болады. Ол бұған лайықты. Оның енді террорист емес екенін білесіздер ғой, - дейді Людмила Өтембаева.

«ҮЛГІЛІ ТҰТҚЫН»

Ержан Өтембаев отырған Астана қаласындағы ЕЦ 166/1 колониясының бастығы Ақылбек Әбдірахмановтың  айтуынша, Ержан Өтембаев түрмеге түскеннен бері жазалау мекемесінен ешқайда шығып көрмеген.

Колония басшысы Азаттық тілшісімен әңгімеде Ержан Өтембаевқа «ешқандай артықшылық жасалмағанын», тіпті оны өзге сотталушылардан айырудың өзі қиын екенін айтты.

– Мен ойлағанмын, ол кісі келгенде қандай да бір артықшылықтар... Ештеме болған жоқ. Тұтқындардың арасында жүр. Неше жыл болды. Тіпті ұмытып кетуге болады, – дейді ол.

Ақылбек Әбдірахмановтың  айтуынша, Ержан Өтембаев түрмеге түскеннен бері бірде-бір рет режимді бұзып көрген емес, соның арқасында 2007 жылдан бері жеңілдетілген режимге көшірілген, мұндай режимде жазасып өтеп жатқандар үш айда бір рет туыстарымен кездеседі.

– Үш айда бір рет әйелі келіп тұрады. Онда соңғы рет қысқа мерзімді кездесу (4 сағат) 4 тамызда болса, ұзақ мерзімді кездесу (үш күн) 7 шілдеде болған, – дейді Ақылбек Әбдірахманов.

«БӘРІ – ӨТІРІК»

Оның айтуынша, «жеңілдетілген режимнің» өзге режимнен артықшылығы – тек туыстармен кездесу жиілігінде ғана. Сондықтан Ержан Өтембаев өзге сотталушылармен бірге тұрып, бірге жұмыс істейді.

– №1 отрядта 56 адам бар. Солармен бірге тұрады. Күндіз кітапханада жұмыс істейді. Түнде сол жаққа барып жатады, – дейді түрме бастығы.

Ол Ержан Өтембаевтың жеке тамақтанатынын, түрменің ішкі ережелеріне

Қастандықпен өлтірілген саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның екі көмекшісі – Бауыржан Байбосын және Василий Журавлевтің денелері. Алматы маңы, 13 ақпан 2006 жыл. (Сурет Рахат Әлиевтің "Өкіл қайын ата" кітабынан алынды)

​​бағынбайтынын да жоққа шығарды:

– Бірге тұрады, бірге жатады. Сағат 10-да жатады. Сағат 6-да тұрады. Колония ішіндегі барлық шараларға қатысып тұрады.

Ақылбек Әбдірахмановтың айтуынша, 5-6 жылдан бері түрмеде «ашық есік күні» өткізіліп келеді. Ол тамыз айына белгіленген. «Бұл күні сотталушылардың туыстары олар тұратын жерлерді, тамақ ішетін орындардың бәрін көріп кетеді» дейді ол.

Оның айтуынша, бұл колония Астана қаласында орналасқандықтан тексерулер жиі болып тұрады. «Сондықтан бұл түрмеде бәрі ашық» дейді.

– Ай сайын комиссия келіп, тексеріп кетеді. Бізде бәрі ашық. Бізде біреуге жағдай жасау деген сияқты нәрселер жоқ. Телевизорда, газеттерге айтылып жатқан нәрселердің бәрі – өтірік, - деді Ақылбек Әбдірахманов.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354