Жексенбі, 13 Қыркүйек 2026
3713 6 пікір 16 Мамыр, 2020 сағат 15:46

Министр: Қоғамдық ұйымдармен кездесулер тұрақты түрде өтеді

Кеше Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Алматыдағы жетекші республикалық үкіметтік емес ұйымдармен, беделді қоғам қайраткерлерімен және белсенді еріктілер бірлестіктерімен бірқатар кездесулер өткізді.

Отырыс барысында азаматтық сектордың жаңа заңнамалық бастамаларды, азаматтық қоғамды дамыту Тұжырымдамасын, «Еститін мемлекет» Тұжырымдамасын, азаматтық қоғамның ел Президентінің Жолдауын іске асырудағы және халықпен кері байланыс орнатудағы рөлін талқылауға қатысу мәселелері талқыланды. Министр үкіметтік емес сектордың төтенше жағдайлар мен карантин жағдайында халықты қолдау шараларын іске асырудағы үлесін атап өтті.

Аида Балаеваның айтуынша, министрлік ашықтық пен азаматтық қоғам институттарымен тығыз өзара іс-қимыл қағидатын ұстанады. Халықпен кездесулер тұрақты, әрі салалық негізде өткізілетін болады. Министрлік мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы халықтың барынша хабардар болуына және азаматтардың осы бағдарламаларға қатысуын ерекше назарда ұстайтын болады.

«Үкіметтік емес ұйымдар қатысуымен жүзеге асырылатын Мемлекеттік органдар тарапынан жоспарлаған әлеуметтік жобалар, қазақстандықтардың сұраныстары мен қажеттіліктеріне негізделуі керек.

Сонымен қатар, жоспарлау, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, мемлекеттік гранттық қаржыландыру мәселелері ашық болуға тиіс. Министрлік халықтың әртүрлі мақсатты топтарын (ерекше қажеттіліктері бар адамдар, NEET санатындағы жастар (білімі мен дағдылары жоқ), көп балалы отбасылар және т.б.) құқықтық, қаржылық, сандық сауаттылық пен дағдыларға үйретуге бағытталған жобаларды әзірлейді », - деді министр.

Аида Балаева ҮЕҰ отырыста айтылған барлық ұсыныстар ескеріліп, министрліктің жоспарына енгізілетін болады деп сендірді.

Үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды, волонтерлық және арнайы әлеуметтік қызметтер саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша нақты ұсыныстарын білдірді, Министрліктің ашық диалог пен бірлескен жұмысқа дайын екендігін атап өтті.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1124
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2659
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 777
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 743