Дүйсенбі, 21 Сәуір 2025
2936 2 пікір 20 Мамыр, 2020 сағат 15:01

«Бейбіт жиналыстар туралы заң жобасы қоғам талабына сай келеді»

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева «ҚР-да бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң жобасының әзірленуіне белсенді атсалысқан депутаттар мен азаматтық қоғам өкілдеріне алғысын білдірді.

«Парламент Мәжілісінің депутаттары мақұлдаған «ҚР-да бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң жобасы – Президенттің саяси реформалары пакетіндегі басты бастамалардың бірі. Бейбіт жиналыстарды өткізу еркіндігі біздің елдің Конституциясымен бекітілген. Бұл құқық – демократиялық қоғамның негізгі элементтерінің бірі. Заң жобасы әртүрлі қоғамдық алаңда талқыланып, жұмыс тобының отырысы көп жерде өтті. Парламентте ҮЕҰ өкілдерінің, ғалымдар мен сарапшылардың қатысуымен ашық түрде және кеңінен талқыланды», - деді Аида Балаева заң жобасына қатысты білдірген пікірінде.

Министр заң жобасының ашық талқылаудың арқасында Парламент Мәжілісі мен Сенаты қабырғасында заң жобасы едәуір концептуалдық өзгерістерге ұшырағанын айтып өтті.

«Мақұлданған жобалар халықаралық үздік тәжірибелермен бірге, біздің қоғамның талабы мен сұранысына сай келеді. Заң жобасының әзірленуіне белсенді атсалысқан депутаттар мен азаматтық қоғам өкілдеріне, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне алғысымды білдіремін», - деді министр.

Айта кетейік, Мәжіліс депутаттары бүгін «ҚР-да бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң жобасына Парламент Сенаты енгізген өзгерістер мен толықтыруларды қолдап, дауыс берген болатын.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2068
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4939
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4145