Сенбі, 23 Қараша 2024
4848 0 пікір 21 Мамыр, 2020 сағат 13:34

Армян көліктеріне қатысты Қазақстан Үкіметі арнайы Қаулы шығарды

Кеше Үкімет Қазақстан азаматтарының Армения Республикасында тіркелген жекелеген көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуі мен пайдалануының кейбір мәселелері туралы Қаулы қабылдады. 

Қаулыға сәйкес, Арменияның уәкілетті органдарында Қазақстан азаматтарының атына тіркелген және Қазақстанға 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелінген, жүргізу органдары сол жақта орналасқан көлік құралдары тіркеледі.

Сонымен қатар, азаматтар көлік құралдарын бастапқы тіркеу немесе Қазақстан аумағынан тыс жерлерге шығару туралы шешім қабылдаған жағдайда оған қатысты тіркеу іс-әрекеттерін жасауды қамтамасыз ету бойынша шаралар ҚР Салық кодексінің 615-бабына сәйкес мемлекеттік баждар төлей отырып іске асырылады.

Аталған қаулыда Үкімет бірнеше министрліктерге міндеттер артқан. Ол бойынша:

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі көлік құралын тіркеуді жүзеге асыру кезінде Армения Республикасының уәкілетті органдары берген көлік құралдарын тіркеу құжаттарының түпнұсқаларын және мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін меншік иелері сұрағанға дейін сақтауды қамтамасыз етеді.

ҚР Қаржы министрлігі мен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері тіркелген көлік құралдары меншік иелерінің салық міндеттемелерін төлеу және міндетті техникалық қарап-тексеруден өту мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі осы Қаулыда көрсетілген тіркелген көлік құралдарын пайдалануға шектеулердің жоқ екені жөнінде түсіндіру жұмысын жүргізуді қамтамасыз етеді.

ҚР Қаржы министрлігі мен ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрліктері тіркелген көлік құралының меншік иесі оны бастапқы тіркеу туралы шешім қабылдағанға дейін кедендік баждарды, бастапқы тіркеу үшін алымдарды және өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері шеңберінде қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру үшін төлемді төлеу қажеттігінің жоқ екені жөнінде түсіндіру жұмысын жүргізуді қамтамасыз етеді.

ҚР Қаржы және Ішкі істер министрліктері ЕАЭО құқықтары мен ҚР заңнамасын бұза отырып, Қазақстанға 2020 жылғы 1 ақпаннан кейін көлік құралдарын әкелуді жүзеге асырған адамдарға қатысты заңнамада белгіленген шараларды қабылдайды.

ҚР Бас прокуратурасы және Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2021 жылғы 1 желтоқсанға дейін ішкі істер органдарының басқа елдердің уәкілетті органдарында тіркелген көлік құралдарымен ҚР Мемлекеттік шекарасын кесіп өту туралы мәліметтерге, олардың иелері және оларды жүргізетін адамдар туралы деректерге қолжетімділігін ұйымдастыру үшін «Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі» және «Бүркіт» ведомстволық ақпараттық жүйелерін интеграциялауды қамтамасыз етеді.

ҚР Ішкі істер, Қаржы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Экология, геология және табиғи ресурстар, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктері заңнамада белгіленген тәртіппен осы Қаулыдан туындайтын шараларды қабылдайды.

Аталған қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434