Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
Билік 5752 3 пікір 21 Мамыр, 2020 сағат 12:50

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысы қашан өтеді?

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысы 27 мамыр күні өтеді. Бұл туралы Президент кеңесшісі Ерлан Қарин өзінің Telegram парақшасында жазды.

Оның айтуынша, кезекті отырыс онлайн форматта өтеді, оған түрлі өңірлер қосылады деп жоспарланып отыр.

- Ұлттық кеңес мүшелерінің ұсынысы бойынша алдағы отырыстың күн тәртібі адами капиталды дамыту, атап айтқанда білім саласын дамыту мәселелеріне арналады, - деп жазды Ерлан Қарин.

Ақпан айынан бері Ұлттық кеңес мүшелері елдегі білім жүйесін дамыту бойынша ұсыныстар мен кеңестерді қарастырып келеді. Оның барлығы алдағы отырыс барысында талқыланады.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 851
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2239
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 568
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 547