Бейсенбі, 29 Шілде 2021
Жаңалықтар 1999 0 пікір 2 Тамыз, 2011 сағат 08:45

“ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ-2020" халықтың әл ауқатын жақсартады

Бағдарлама негізінен үш бағыт бо-йынша жұмыс істейді. Бірінші, өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды оқыту және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу болса, екіншіден ауылда кәсіпкерлікті дамытуға көмектесу, сондай-ақ, еңбек ресурсының ұтқырлығын арттыру.
Үкімет Елбасы тапсырмасын және   қаулыны  орындау мақсатында Семей қалалық еңбекпен қамту мекемесінде де   біршама жұмыстар атқарылуда. Мекеме қызметкерлері қалаға қарасты  ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп тұрғындар арасында түрлі түсінік жұмыстарын, семинар-тренингтер өткізіп, бағдарламаның берер пайдасы жайлы тақырыптық әңгімелер жүргізуде.  Бүгінгі күнде 81 бизнес жоспарға 81 миллион шағын несие беру жоспарлан-ған. Іс жүзінде басымды бағыттар бо-йынша 196, 65 миллион теңге сомасында шағын несие алуға 141 бизнес –ұсыныстар келіп түскен. Бұл жайында Семей қалалық жұмыспен қамту мекемесінің жұмыспен қамту бөлімінің маманы Мәулет Қилыбаев:

-Бағдарламаның пайдасын түсінген тұрғындардың   несие алуға құлшынысы басым. Бірақ, несиенің қайтарымы да болуы керек. Сондықтан,  оның мақсатты жұмсалуы да назарда болуы тиіс деп есептеймін. Ауыл тұрғындарына қаражат жағдайларын түзеу, тұрмыстарын оңдау үшін беріледі. Көбіне, ақшаны  төрт түліктің басын көбейту,  жыл-қы ұстап, қымыз өндіруге жұмсауды мақсат еткен азаматтардың алғысы келеді.  Мұндай ұсыныстар әсіресе, Приречный ауылдық округінен көптеп түсуде. Бизнес –жоспар алдымен ауыл округі әкімі арқылы бекіп, өтеді. Бес жылға жеті пайыз өсіммен берілетін несиенің ауылдықтардың жағдайын жақсартуға тигізер үлесі қомақты болмақ,- дейді.
Абыралы өңіріне қарасты Ақбұлақ ауылдық округінен келген Сәуле Орынханова  қарамағындағы «Орынхановтар» шаруа қожалығындағы мал басы санын ұлғайтуды  көздеп отырған көрінеді.
- Шаруашылығымызда қазір 100-ге жуық ұсақ мал, алты  бас жылқы, бес бас ірі қара мал бар. Осылардың санын өсіру мақсатында несие алсам деген оймен жұмыспен қамту бөліміне келдім. Елбасы тапсырмасымен қолға алынған бағдарламаның біз сияқты жандарға жәрдемі көп деп ойлаймын. Мемлекет пен үкімет өз - өзіңді жұмыспен қамтуға жағдай жасап отырғанда, мүмкіндікті пайдалану дұрыс деп есептеймін. Қолға алғалы отырған ісіме сенімді болғандықтан, несиені толықтай ақтауға тырысамын. Мекеме мамандары мен ауыл әкімі берген кеңестерінің арқасында бағдарламаның артықшылықтарын ұғындық. Балаларыма да ұнады бағдарламаның шарттары. Енді, құжаттарымызды    даярлап, алып келіп отырмыз. Қаражат мәселесі шешілсе, қожалықта қызу еңбек бастал- ғалы тұр. Қарапайым халыққа жағдай жасап,   осындай мүмкіндік берген Елбасына үлкен алғыс айтамын,- дейді  ауыл кәсіпкері Сәуле Орынханова.  
Приречныйлық Лидия Андрущак та мал  басын көбейтуді армандайды.
- Қорадағы мал - ауыл тұрғынының негізгі табыс көзі. Мен де табысымды молайтуды ойлаймын. Сол себепті «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының ұтымды ұсыныстарын пайдалана отырып, үш миллион несие алсам деймін. Оған симменталь тұқымды сүтті сиырлар сатып алып, сүт өнімдерін сатуды жоспарлап отырмын. Оған қоса, екі жұмыс орындарын ашып, 20-25 мың теңге көлемінде еңбекақы төлеу де ойда бар,- дейді Лидия Александровна.
Біздің өз тарапымыздан айтарымыз,  шаруасын шалқытуға жасалып отыр-ған қамқорлықты дұрыс түсінгендердің еңбегі жанып, табысы артпақ.

Ләззат ҚАСЕНҚЫЗЫ,
«Семей таңы»

http://akimsemey.gov.kz

0 пікір