Қазақстанда жаңа мұнай өңдеу зауыты салынады
Қазақстанда 200 адамды жұмыспен қамтамасыз ететін тағы бір зауыт пайда болады,- деп хабарлайды LS сайты.
Атап айтқанда, Маңғыстау облысында көмірсутекті қайта өңдеу кешенін салу жоспарланып отыр. Кешеннің құны 12,1 млрд теңге.
Жобаны қазақстандық компания жүзеге асырады. Ол 2021 жылдың II тоқсанында іске қосылады деп жоспарланған.
«Жобаның құны - 12,1 млрд.теңге. Компания 200 адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр», - делінген хабарламада.
Зауыттың қуаттылығы жылына 350 мың тонна дизель отыны мен АИ-92, АИ-95 бензинін құрайды.
Естеріңізге сала кетейік, елімізде осындай үш жобаны іске қосу жоспарланған. Олар: Батыс Қазақстан облысында құны 420 миллион долларды құрайтын мұнай өңдейтін зауыт. Екіншісі - Түркістан облысында 114 миллиард теңгеге мұнай өңдеу зауыты салынуда. Оның қуаттылығы - жылына 1 миллион тонна өнім. Сонымен қатар, Қызылорда облысында 4,1 млрд теңгеге осыған ұқсас жоба салынбақ. Зауыттың қуаттылығы жылына 300 мың тонна шикі мұнайды құрайды.
Abai.kz