ИРАН: толқу өзгерістерге ауысады
Алматы-Тегеран. 25 маусым. ҚазТАГ – Расул Рысмамбетов. Иран Ислам Республикасының бірқатар қалаларындағы, соның ішінде ел астанасы Тегерандағы ахуал күрделі күйі қалып отыр. Сайлаудың қорытындысы жария етілген соң басталған митинтер жалғасуда және оларға көп адамдар қатысып жатыр.
Шетелдік дипломаттар мен бизнесмендердің отбасылары толқуларға және жазғы демалысқа байланысты ИИР аумағын тастап кетіп жатыр.
Демонстранттар мен полиция арасындағы қақтығыстардың азайғанына қарамастан, бірқатар сарапшылар осы аптаның бейсенбі және жұма күндері наразылық білдірушілердің тағы бір толқынын болжап отыр.
24 маусымдағы жағдай бойынша, Таяу Шығыстың ең ірі қаласы – Тегеранда ИИР тарихындағы ең үлкен толқулар болды.
Иранның қазіргі билігі адам қазасын барынша азайтуға тырысып, жағдайды бақылауда ұстауға тырысып отыр. Алайда батыстың бұқаралық ақпарат құралдары және бірқатар дереккөздердің ақпаратына сенсек, демонстранттардың арасында қаза болғандардың саны 22 маусымда 130 адамнан асып түсті.
Алматы-Тегеран. 25 маусым. ҚазТАГ – Расул Рысмамбетов. Иран Ислам Республикасының бірқатар қалаларындағы, соның ішінде ел астанасы Тегерандағы ахуал күрделі күйі қалып отыр. Сайлаудың қорытындысы жария етілген соң басталған митинтер жалғасуда және оларға көп адамдар қатысып жатыр.
Шетелдік дипломаттар мен бизнесмендердің отбасылары толқуларға және жазғы демалысқа байланысты ИИР аумағын тастап кетіп жатыр.
Демонстранттар мен полиция арасындағы қақтығыстардың азайғанына қарамастан, бірқатар сарапшылар осы аптаның бейсенбі және жұма күндері наразылық білдірушілердің тағы бір толқынын болжап отыр.
24 маусымдағы жағдай бойынша, Таяу Шығыстың ең ірі қаласы – Тегеранда ИИР тарихындағы ең үлкен толқулар болды.
Иранның қазіргі билігі адам қазасын барынша азайтуға тырысып, жағдайды бақылауда ұстауға тырысып отыр. Алайда батыстың бұқаралық ақпарат құралдары және бірқатар дереккөздердің ақпаратына сенсек, демонстранттардың арасында қаза болғандардың саны 22 маусымда 130 адамнан асып түсті.
Жергілікті тұрғындардың болып жатқан оқиғаларға берген түсініктемесі бойынша, қарсылықтың өршігені сонша, билік ислам төңкерісі күзетінің белсенділері – «басидждарды» тартуға мәжбүр болған. Кейбір дереккөздердің хабарлауынша, шығу тегі ирандық басидждар толқуларды басуға қатысудан бас тартқан, сондықтан билік палестиналықтар мен ливандықтардан құралған жалданушыларды тартқан. ҚазТАГ агенттігіне дереккөздерден белгілі болғанындай, жалданушылардың бірінен жауап алынып, бейнекамераға жазылған. Бейнетаспадан жауап беріп отырған адам фарси тілін білмейтіні, тек арабша ғана сөйлейтіні байқалады. Көптеген азаматтар жалданған басидждар бақылаудан шығып кетті деп есептегенімен, ирандықтар бұған қатты ашуланды.
Бұл жолы Ирандағы сайлауға шетелде - АҚШ-та, Ұлыбританияда, басқа елдерде тұрып жатқан көптеген ирандықтар келді. ИИР билігінің өкілдері Тегерандағы жаппай тәртіпсіздіктерге шетелдік мемлекеттердің қатысы бар деп отырғаны да сондықтан.
Сонымен қатар, мемлекеттік органдардағы дереккөздер наразылық шараларына өте көп адам қатысып жатқанын мойындады және ықтимал демонстрациялар туралы ақпараттың болғанына қарамастан, олар мұндай көлемдегі толқуларға дайын болмағанын айтып отыр.
Ресми биліктің дәстүрлі діңгегі болып табылатын елдің аграрлық аудандарында да наразылық шаралары болғаны аталып отыр. Солтүстік және шығыс аймақтар шамадан тыс тыйымдардан еркіндікті қолдайды. Сонымен қатар, агенттікке сұхбат берген кейбір ирандықтар Мир Хосейна Мусави үшін дауыс бергенде, олар клерикалық топтардың ел саясатына ықпалын әлсірету үшін дауыс бергендерін айтты. Қазір аятолла Хаменеи Ахмадинежадтың сайлануын қолдаған соң, діни басқарманың әрекеттеріне наразылық күшейе түсті.
Демонстрациялар өтіп жатқан аудандарды ескермегенде, Тегерандағы ахуал айтарлықтай тыныш. Полиция күштері адамдарды арандатпау үшін тыныш көшелердегі тәртіпті қадағаламауға тырысуда. Кешкі уақытта қаланың барлық жеке меншік секторларында Мусавидің жақтаушылары «Аллах Акбар!» ұранын естуге болады. Полиция мен биліктің наразылығын тудырмау үшін бірқатар аудандардағы азаматтар ұрандары үйде отырып, терезеден айқайлайды.
Бірқатар БАҚ пен дереккөздердің хабарлауынша, Махмұд Ахмадинежад, ашық саясаткер және патриот ретінде елдің келешегі үшін алаңдаулы және сайлаудан кейін орын алған азаматтардың толқулары үшін қатты мазаланып отыр.
Ел үкіметі бірте-бірте тыйым салу саясатын қолдануға тырысып жатыр, яғни толқулардың далаға шығып, сол жерде өшуіне мүмкіндік беріп отыр.
Қазіргі уақытта оқиғалардың дамуына қатысты болжам жасау қиын.
Бұл ахуалдан жасауға болатын жалғыз қорытынды – Иран өзгеріп келеді. Қарапайым азаматтар шамадан тыс тыйымдар мен шектеулерге көнбейді. Әлемдік экономика мен саясаттың жаһандануы, Интернет пен спутниктік телевизияның кең таралуы оқшаулау мен сыртқы шектеуге кедергі жасайды, Иранның оқшаулануы ең алдымен, ИИР-мен тікелей, үшінші елдер және оффшорлық аймақтар арқылы сауда жасайтын американдық, еуропалық, ресейлік және қытайлық компанияларға тиімді.
Иран азаматтарының көпшілігі үкіметке білдіру үшін көшеге шығып, жағдайды өзгерту керек және өзгертуге болады деп сенеді. Бұл тұрғыда, Иран шығыс демократиясының жаңа үлгісі болып отыр, мұнда демонстранттар ұйымдасқан, ал үкімет пен оппозиция жетекшілері Таяу Шығыстың кез-келген елінде туындауы мүмкін зорлық толқынын басуға қабілетті.
Қазіргі уақытта Ахмадинежад та, Мусави де негізгі тұлғалар емес. Бұдан да маңызды дерек – халықтың өзінің саяси еркін көрсетудегі ұйымдасқандығы. Қазақстанмен салыстырғанда, Иран халқы өз кандидаттарының саяси бағдарламасын жақсы біледі және олардан осы бағдарламаның орындалуын қатаң талап ететін болады. Бұл кезеңде Мусави – жақын уақытта ИИР-да болатын өзгеріс нышаны ғана.
Наразылық білдірушілер сайлау қорытындысының қайта қаралуына қол жеткізбесе де, Ахмадинежад үкіметі әлеуметтік және саяси саладағы реформалар арқылы әлеуметтік қарсылықты жұмсарта түседі. Шектеу шараларын ары қарай жалғастыру мүмкін емес және бұл азаматтардың ел өміріне деген қызығушылығын әлсіретуі мүмкін, мұны бәрі түсініп отыр.
Осылай бола тұра, Иран азаматтарының барлығы қазіргі режимнің еңбегін бағалайды, бұл режим 30 жылда ИИР-ді экономикалық, технологиялық, қаржылық базасы мықты, денсаулығы сау, ұйымдасқан ұлты мен тәуелсіз идеологиясы бар аймақтағы дамыған мемлекеттердің біріне айналдырды.
Ирандағы өзгерістер аймақтағы және әлемдегі елеулі өзгерістерге алып келеді.
Жақын уақытта біз Таяу Шығыстың аймақтық жетекшісінің көтерілуін бақылайтынымыз еш күмәнсіз. Ол геосаяси және экономикалық ахуалға түзетулер енгізеді. Оның мүдделері АҚШ пен Еуропаның үлкен қолдауымен Таяу Шығысқа да, Орталық Азияға бағытталатын болады.
Қазақстан осыны ерте түсінсе, біз өзіміздің сыртқы саяси және экономикалық доктринамызды алдағы өзгерістерге тезірек бейімдей аламыз. ҚР қалыптасқан жағдайдан пайда табуы да мүмкін, алайда бұл қазақстандық шенеуніктер мен қаржылық-өнеркәсіп топтардың ішкі проблемаларға ғана назар аударуы және аймақтық бастамалардың әлсіз тәжірибелік қайтарымдығы салдарынан жүзеге асуы екіталай.