Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
4527 5 пікір 30 Мамыр, 2020 сағат 17:15

Биыл Қазақстанға 1 млн. турист келуі мүмкін

Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары, Алакөл, Балқаш, Щучинск-Бурабай курорттық аймақтары, Каспий теңізінің Ақтау жағалауы және т. б. туристерді қабылдауға дайын,- деп хабарлайды Elorda.info.

Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында республикалық деңгейдегі 10 туристік аумақ бекітілген. Олар перспективалы және туризмді дамытудың негізгі бағыттары ретінде қарастырылады және туристік нарықтың әртүрлі сегменттері үшін өздерінің ерекшеліктері, сондай-ақ дамудың жоғары әлеуеті бар.

Оларды іріктеу критерийлеріне нысанның туристік магнит ретінде бірегейлігі және туристік ағынның әлеуетті өсуі болды.

Олардың қатарында Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының жағалауларындағы Алакөл көлі, Щучье-Бурабай, Баянауыл, Имантау-Шалқар, Балқаш, Маңғыстау курорттық аймақтары, Түркістан тарихи-мәдени кешені, MICE-туризм орталығы ретінде Нұр-Сұлтан қаласы, «Байқоңыр» туристік кешенін дамыту, сондай-ақ Алматы қаласының туристік кластерін және оған іргелес Алматы облысындағы ұлттық парктерді кешенді дамытуды қамтитын Алматы өңірінің тау кластері бар.

«Осы дестинациялардың көпшілігінің инфрақұрылымы, атап айтқанда, Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары, Алакөл, Балқаш, Щучинск-Бурабай курорттық аймақтары, Каспий теңізінің Ақтау жағалауы және т. б. туристердің жаппай ағынын қабылдауға дайын. Бұл ретте, ағымдағы эпидемиологиялық жағдай аясында туристік объектілердің жұмысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарының барлық талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылатын болады», деп көрсетті ведомствоның баспасөз қызметі.

Биылғы маусымда шетелден 1 млн және 5,1 млн отандық турист Қазақстанның көрікті жерлерін аралайды деген болжам жасалған. Алайда, коронавирустық инфекцияның пандемиясына және енгізілген карантиндік шектеулерге байланысты эпидемиологиялық жағдайға орай осы көрсеткіштердің өзгеруі мүмкін.

Қазақстандықтар мен шетелдік туристердің арасында Щучье-Бурабай курорттық аймағы, Имантау-Шалқар рекреациялық аймағы, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының Алакөл көлі, Қарағанды облысының Балқаш көлі, Баянауыл, Павлодар облысындағы «Мойылды» санаторийі, Шығыс Қазақстан облысындағы Катон-Қарағай Бұқтырма су қоймасы, Түркістан облысындағы «Сарыағаш» санаторийі, Маңғыстау облысындағы Каспий жағалауы, Алматы облысындағы «Қапшағай» су қоймасы, Қостанай облысындағы «Сосновый бор» санаторийі және өзге де курорттар өте танымал.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036