Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2293 0 пікір 9 Қараша, 2011 сағат 04:59

Ноябрь Кенжеғараев. Қазақстан көшелері отаршылдық атаулардан қашан құтылады?

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтің,

Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағанбетовтің,

«Нұр Отан» ХДП-сы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматуллиннің назарына!

 

Еліміз Тәуелсіздік алғанына жиырма жыл толғанын бөркімізді аспанға атып, жарыса қаумаласып, мақтана жазып жер-көкке сыймай жатырмыз. Алайда, санамыз бен руханиятымызда толық тәуелсіздік  нышандарына үйлесе алып жатырмыз ба? Саяси-экономикалық мәселелерді айтпағанда, руханият пен ұлттық сана серпілісі көңіл жұбатпайды. Еліміздің кезіңде талай жыл астанасы болған, қазіргі мәдениет пен ғылымның ошағы Алматы қаласындағы көше атауларына көз жіберсеңіз, таптаурын болған сеңнің әлі күнге сөгіле қоймағанына куә боласыз.

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтің,

Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағанбетовтің,

«Нұр Отан» ХДП-сы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматуллиннің назарына!

 

Еліміз Тәуелсіздік алғанына жиырма жыл толғанын бөркімізді аспанға атып, жарыса қаумаласып, мақтана жазып жер-көкке сыймай жатырмыз. Алайда, санамыз бен руханиятымызда толық тәуелсіздік  нышандарына үйлесе алып жатырмыз ба? Саяси-экономикалық мәселелерді айтпағанда, руханият пен ұлттық сана серпілісі көңіл жұбатпайды. Еліміздің кезіңде талай жыл астанасы болған, қазіргі мәдениет пен ғылымның ошағы Алматы қаласындағы көше атауларына көз жіберсеңіз, таптаурын болған сеңнің әлі күнге сөгіле қоймағанына куә боласыз.

Еліміздегі солтүстік облыстарда отаршылдық атаулардың оның ішінде Ресей империясы мен Кеңестік дәуір тұсындағы жер-су атауларының, көше атауларының әлі мызғымай тұрғандығы тәуелсіз елдің азаматы ретінде кез-келген адамды қынжылтады. ХХ ғасырдың басында Алаш идеясы - Азаттық, Тәуелсіздік идеясы төңірегінде біріккен қазақ зиялыларымен қатар, 30-шы жылдардағы саяси қуғын-сүргін құрбандарының, еліміздің нығаюы мен дамуына үлес қосқан мемлекет пен мәдениет, ғылым қайраткерлерінің ұшы-қиыры көрінбес галереясының аттары  ескеріліп, ұрпақтар сабақтастығымен қатар Тәуелсіз отанымыздың тарихын жаңғыртып, жас буын жадына ұлттық идея үшін күрескен жандардың сарабдал есімдерін сіңіріп, мәңгі есте сақтау шаралары немқұрайлы жасалуда. Өңірлердегі жер-су атауларының тарихи қазақы атауларына қайта оралуымен қатар, ұлт пен мемлекеттің жолында аянбай еңбек етіп үлес қосқан, сол жолда жазықсыз құрбан болған есімдердің берілуі Қазақстан Республикасының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында қарқынды іске асылуы керек еді, олай болмай шықты. Ел тұтқасында отырған азаматтар осы мәселесені қалт жіберіп алғанға ұқсайды.

Алматы қаласында Алаш зиялыларының атына көше есімдері бұйырылмай жатқанын ұлт зиялылары талай айтып жүр. Десе де Алматы көшелері Ресей империясы мен Кеңестік дәуірлердегі атаулармен лықсып толып тұр. М.Кутузов, Суворов, Б.Хмельницкий, Донбасская, Кузбасская, Гвардейская, Фурманова, Ю.Гагарин, Тимирязов, Верненская, Черкасская, т.б. ұшы-қиыры көрінбейтін саяси және моральдық тұрғыдан Қазақстан мемлекеті үшін маңызы ескірген, ұлттық, мемлекеттік идея үшін танымдық және тәрбиелік, идеологиялық маңызы жоқ атаулар өмір сүріп келеді. Джордано Бруно, Н.Коперник, т.б. сынды көшелердің болуы да космополиттік сананың, евроцентризмнің сарқыншағы, алайда қаламызда гелиоцентрзим заңдылығын Н.Коперниктен  3 ғасыр бұрын ғылыми түрде дәлелдеп ашқан шығыс ғұламалары Ә.Бирунидің, медицинаның  атасы Ибн-Синаның атаулары неге жоқ деп дабыл қақпай-ақ қоялық.

Еліміздің Тәуелсіздігінің алтын бесігі болған қаламыздың көшелеріне ел тарихында азаттық үшін күрескен батырлар мен билердің, ұлттық идея үшін қызмет еткен Алаш зиялылары мен күнәсіз жапа шеккен репрессия құрбандарының, ел Тәуелсіздігі тұсындағы өмірден өткен мемлекет пен мәдениет, ғылым, спорт қайраткерлерінің атауларын беру ісі кешеуілдемей жалғасын тапса, Тәуелсіздік мерейтойына тартылған үлкен сыйлық болар еді.      Алаш пен азаттық, мемлекеттік идеясының қайнар көзі Абай мұрасы, Абай шығармашылығы десек, Абай ұрпақтарының тоталитарлық саясаттың құрбанына айналып, қуғын-сүргінге ұшырағаны белгілі. Қазақ халқын Ел болуға үндеп, оятқан Абай шығармашылығы болса, ақын өлеңдерінің жариялануына мол еңбек еткен Кәкітай Ысқақұлы мен Тұрағұл Құнанбаевтардың атына қаладан көше беруін көтерген бастамаларымыз қала әкімдігінің құлағына жетсе дейміз. Кутузов көшесінің Тұрағұл Құнанбаев, Суворов көшесінің Кәкітай Ысқақұлы көшесі атанғаннан еш қазақ ренжімесі анық. Сондай-ақ қазақ әдебиетінің алтын ғасырына, қазақ поэзиясының алтын кезеңіне баланатын Қадыр Мырза Әли, Тұманбай Молдағалиев есімдері, қазақ өнерінің жұлдыздары Роза Бағланова, Әмина Өмірзақова, Хадиша Бөкеева, Райымбек Сейтметов, Фарида Шәріпова, Қасым Жәкібаев, Мыңжасар Маңғытаев, Құдайберген Сұлтанбаев,т.б., 80-шы жылдардың аяғы мен 90-шы жылдардың басында жазықсыз жазаланып, өлім жазасына кесіліп, шығармалары тұтқындалған алаш зиялыларын ақтауға және шығармаларын қайта жарыққа шығарып, оларды монографиялық тұрғыда зерттеуге елеулі үлес қосып, ұлттық сананы, ұлттық рухты қалыптасыруға, Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының рухани тұғырнамасын жетілдіруге еңбек еткен академик Рымғали Нұрғалиев, Манаш Қозыбаев, Кеңес Нүрпейісов, Салық Зиманов, Ғайрат Сапарғалиев, Бақытжан Майтанов т.б. ғалымдар, спортшылар Шәміл Серіков, Бекзат Саттарханов, еліміздің спорт саласын талай жыл басқарған азамат Аманша Ақпаев, кеше еліміздің басына түскен нәубет заманда елден зорлықпен көшуге мәжбүр болған ұрпақтың перзенттері, шеттегі қазақ ұлтының ұйысуы мен аман қалуына, шеттегі қазақтардың бірлігі мен ұлттық мәдениеттен ажырамауына ғана емес, қазақтың ұлттық мәдениетінің нығаюына мол еңбек етіп, осы күндері бақилық болған Халифа Алтай, Хасен Оралтай, Қажығұмар Шабданұлы, Мұстафа Өзтүрік т.б. сынды азаматтардың есімдері Алматы, Астана қалалары көшелері мен аймақтарда беріліп жатса ел рухының бір серпіліп, жастарымыздың санасында ұлтты сүю мен ұлтқа, мемлекетке қызмет ету сезімдері оянып, отансүйгіштік қасиеттері арта түсері хақ.

«Нұр Отан» ХДП-сы бастайтын көп науқанның бірі ретінде Тәуелсіздіктің 20 жылдығында еліміздің әр өлкелері мен қалаларында 20 көше, елді-мекен атауы тарту ретінде өзгертіліп жатса, қалалық, аудандық мәслихаттар мен онамастикалық комиссиялар мүлгімей, осы акцияны қолдаса, нұр үстіне нұр болар еді.

Ноябрь Кенжеғараев

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің

доценті, ф.ғ.к.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475