Болат Дүйсенбі. Тәуелсіздік үшін күрес сабақтары (жалғасы)
Мысалы, 1990 жылдың 13 қыркүйегінде өтетін сессиясына шақыртуға арналған 1083 тиражбен шығарылған үнпарақта: «... На сесии предлагается в строгом сосответствии с Законом СССР «О свободном национальном развитии граждан СССР», приныть решение о создании на территории г. Усть - Каменогорска и прилегающих районов национального, административно -территориального управления и проведение референдума по этому вопросу среди населения. Информируя Вас об этом, приглашаем принять участье в обсуждении этого вопроса. Сессия открывается 13 сентября в г. Усть - Каменогорске в 9.00 в доме культуры строителей.» деп жазды. Соңынан іле - шала 1990 жылдың қазан айында тағы бір кезектен тыс біріккен сессия шақырып автономия құру туралы шешім қабылдауды іске асырмақ болды. Бірақ оларынан ештеңе шықпады. Бес сағатқа таяу жұмыс істеген сессияның үш сағаттан астамы автономия құру мәселесін күн тәртібіне қою төңірегіндегі тартыспен өтті. Бұл мәселе күн тәртібіне қойылса да екі жаққа бөлінген депутаттар біраз айтыстан кейін дауысқа салып ұлттық әкімшілік басқармасын құру туралы шешім қабылдауына жол бермеді. Сонымен Головковтар тобы алғашқы үлкен жеңіліске ұшырады. Бұл облыста бас қосып Головков тобына қарсы жұмыла жұмыс істеген азаматтардың алғашқы жемісі еді.
Мысалы, 1990 жылдың 13 қыркүйегінде өтетін сессиясына шақыртуға арналған 1083 тиражбен шығарылған үнпарақта: «... На сесии предлагается в строгом сосответствии с Законом СССР «О свободном национальном развитии граждан СССР», приныть решение о создании на территории г. Усть - Каменогорска и прилегающих районов национального, административно -территориального управления и проведение референдума по этому вопросу среди населения. Информируя Вас об этом, приглашаем принять участье в обсуждении этого вопроса. Сессия открывается 13 сентября в г. Усть - Каменогорске в 9.00 в доме культуры строителей.» деп жазды. Соңынан іле - шала 1990 жылдың қазан айында тағы бір кезектен тыс біріккен сессия шақырып автономия құру туралы шешім қабылдауды іске асырмақ болды. Бірақ оларынан ештеңе шықпады. Бес сағатқа таяу жұмыс істеген сессияның үш сағаттан астамы автономия құру мәселесін күн тәртібіне қою төңірегіндегі тартыспен өтті. Бұл мәселе күн тәртібіне қойылса да екі жаққа бөлінген депутаттар біраз айтыстан кейін дауысқа салып ұлттық әкімшілік басқармасын құру туралы шешім қабылдауына жол бермеді. Сонымен Головковтар тобы алғашқы үлкен жеңіліске ұшырады. Бұл облыста бас қосып Головков тобына қарсы жұмыла жұмыс істеген азаматтардың алғашқы жемісі еді. Бірақта, Жоғарғы Совет депутаттары Васильева мен Петрушенконың қолдауын тапқан Головков тобы 1991 жылдың наурызнан қазан айының аралығында қаланың екі аудан депутаттары бірігіп бірнеше дүркін кезектен тыс сессиялар өткізіп мемлекеттік тілге, егемендік туралы декларация қабылдауға қарсы және автономия құруға байланысты мәселелер төңірегінде талқылаулар ұйымдастырып жүрді. 1991 жылдың қыркүйек айынның 4 күні кезектен тыс өткізілген сессиясында Өскемен қалалық депутаттар Советінің мәлімдемесі қабылданды. Ол мәлімдемеде Қаз. ССР Жоғарғы Кеңесін тарқатуды, Қазақ СС Р - ның мемлекеттінің егемендігі туралы декларациясын қайта қарап, өзгерістер енгізуді және «Тілдер туралы заңның концепциясын өзгертіліп, қазақ және орыс тілдері мемлекеттік тіл болуын ұсынды. Бұл ұсыныстары өткен 1990 жылғы қазан айында кезектен тыс өткен біріккен сессиясындағы жеңіліс табуының есесін қайтаруға бағытталған соңғы қадамдары еді. Олар жан - жаққа өздерінің көтеріп отырған автономия құру туралы мәселесін Өскемен қаласы мен маңайында тұратын аудан тұрғындарының басым көпшілігі қолдайды деген ақпарат таратып билік басындағылардың үрейін алып және жай халықты алдаумен болды. Ал ақиқатына келетін болсақ Депутаттар Васильева, Петрушенко, Головковтардың беделдерін салып Глубоки, Шемонайха, Зырянов аудандары мен Ленинагор және Серебрянск қалаларында жүргізген насихаттары олардың күткен нәтижесін бермеді.Ешбір аудандық, қалалық, селолық депутаттар кеңесі оларды қолдап шешім қабылдамады, керісінше олардың беттерін қайтарып тастады. Ал, Өскемен қаласындағы жағдайларына келетін болсақ олардың көзқарасын қолдаған ірі өндіріс орындары болған жоқ.. Сол кезде облыс орталығы Өскемен қаласында 52 кәсіпорын болған болса соның 8 інің ішінен аздаған адамардың қолдау көрсеткені белгілі. Олардың өздерін өндіріс орындары мен мекмелер қолдап отыр деп таратқан деректеріне(жиналыс хаттамалары мен жеке хаттар) сүйенетін болсақ , тек, қорғаныс саласымен тығыз байланысты Үльбі металлургия заводының(директоры В.Л.Метте) қосалқы цехтарын қосқанда 30 мыңнан аса адам жұмыс істеген ұжымынан бар жоғы 1022 адам қолдаған жиналыстардың хаттамалары болды. Яғни, жұмыс істейтін адамдардың 99 пайызы қазақтар емес кәсіпорыннан алған қолдаулары 0.034 пайыз ғана болып отыр..Ал, бірнеше мың адамдар жұмыс істейтін Өскемен машина жасау заводынан қолдаған адамның саны 16 - ақ болған. Өте ірі Титан - магнии комбинатының тек 46 алты адамы қолдаған. Головков топтарының пікірін ашық қолдаушыларының барлық саны 2187 адам болған. Өскемен қаласында ол кездегі тұрған адамдардың саны 322781 болса, ал автономия құруды қолдап, тіл саясатына және қазақ елінің егемендік алуына қарсылық білдірушілер барлығы 2187 адам , яғни - 0.007 пайыз ғана болған . Соның ішінде автономия құруды қолдаушылар 388 адам, басқалары тіл саясатына қарсылық білдірушілер. Егер, біз адам психологисына тән жағдайды ескеріп, өз пікірін ашық айтуға бармаған , бірақ бүйректері бұратындар санын тіпті 100 есеге өсіргеннің өзінде қала тұрғындары ішіндегі қолдаушылардың мөлшері 0.7 пайыздан, ал облыс бойынша алып қарасақ қолдаушылар саны 0.2 пайыздан аспас еді. Егер, осы мәселені қолдаушылар санын облыста тұратын славян халықтарының санына шағатын болсақ - 0.003 пайызды, ал, Өскемен қаласында тұратындарының - 0.008 пайызын құрайды. Бұл сараптама көрсеткіші сол кездегі биліктің жігерсіздігінен және халық арасында ашық жұмыстар жүргізе алмай, олардың бір топ депутаттардың айғайынан ығып «ойбай, тек у - шу шықпаса екен, халық көтеріліп кетпесе екен» деген үрейлерінің салдарынан арандатушылардың қалалық атқару комитеті мен депутаттар Советіне өз ықпалын жүргізуіне әкелгенін көрсетеді. Билік те, кейбір саясаткерлер де еліміздегі тәуелсіздік үшін болған күрес Қазақ елінің егемендігі декларациясы мен тәуелсіздігі туралы заң қабылдаған күнмен шектелетінін айтып жатады. Ал, шығыс өңірінде тәуелсіздік үшін күрес 90 - шы жылдың ортасына дейін ұласты. Жақтаушыларының көмегімен М.Н.Головков, А.И.Черкашина тағы басқа олардың әректтеріне бүйрегі бұратын адамдар республиканың жоғарғы Кеңесіне, Парламентке депутат болып сайланып бұрынғы істерін жалғастыруға мүмкіншілік алды. Бүкіл Қазақстанға белгілі Өскемен қаласындағы болған шешендер оқиғасын, ұлтаралық қатынасты шиленістіруге бағытталған пиғылдарын іске асыруға Головковтар тобы құлшына кірісті. Өкінішке орай, жергілікті билік(облыс басшысы А.Бектемисов) олардың ығында кетіп, қаладағы шешендерді Кавказға күштеп көшіру туралы облыстық Кенесінің шешімін(заңсыз қаулысын, өйткені ешбір халықты сот шешімінсіз жауапқа тартауға болмайды) қабылдауға жол берді.Өскемен қаласында шешендерге қазақтарды қарсы қою үшін орталық алаңға бүкілқалалық митингіге халықты жинап және ұйымдастырған түрде оларды шешендер тұратын ауданға арнайы көлікпен тасырғандарға бұйрық бергендердің кім екені жұмбақ күйінде қалды. Қозғалыстың араласуымен дереу, өкіметтің мемлекеттік комиссиясы(комиссия төрағасы Мырзатай Жолдасбеков) құрылып бұл сорақы қадамды уақытында тоқтатқан болатын. Ал, кейін осы қылмысқа байланысты тергеу жұмыстары төрт қазақ азаматының өліміне бірде бір жергілікті шешен азаматтарының қатысы болмағанын анықтады. Ол қылмысты жасағандардың бәрі Ресей азаматтары екені, олардың сол түні қашып кетуіне жергілікті белгісіз біреулердің көмектескені белгілі болған. Өкініштісі, осы оқиғаны тудырған Ресей азаматтарының бәрінің заң алдында қандай жауапқа тартылғаны жөніндегі мағлұматардың бүркемеленіп қалғандығынан, әлі күнге дейін осы оқиғаға жергілікті шешендерді кінәлау қылаң беріп тұратыны. Содан кейінгі «Жоғарғы Ертіс казактар одағының» атаманы Черепановтың жоғалуына байланысты оқиғада тағы депутат Головков барша жұртты дүрліктіріп, атаманды ұрлап кеткендер қазақ ұлтшылдары деп шығыс өңіріндегі орныға бастаған ұлтаралық қатынастарды тағы шиленістіруге бағытталған әрекетімен жұрттың көңілінде алаңдатушылық тудырды. Бірақ, аз күндерден кейін атаман Черапановтың өз әріптестерінің көмегімен тығылып жатқаны әшкереленді. Бұл оқиғаның елді елеңдеткеніі сонша, оны 1994 жылғы 23 - 24 қарашада Алматы қаласында арнайы жабық түрде өткен Жоғарғы Кеңестің мәжілісінде депутаттар Ж. Қуанышалин, Қ.А. Аубакиров, А. Асқаров және т.б. сөйлеген сөздерінен - ақ түсінуге болады. Осы екі оқиғаның да көп ушықпай тоқтауына бағытталған Қозғалыстың қимылына жедел қол ұшын беріп көмек істеген белгілі қоғам қайраткерлері А.А. Гунашев пен О.О. Сүлейменовтер еді. . Өйткені 1992 жылдан бастап «Халық конгресі» партиясы шығыстағы саяси ахуалға көңіл бөліп қоғамдық ұйымдармен қарым - қатынас жасап, Қозғалысқа көмек көрсетті.Бұл жерде әдейі айта кететін бір нәрсе, Шығыс өңірінде болып жатқан саяси жағдайдан республика тұрғындары хабарсыз болды. Тіпті күні бүгінге дейін ол туралы кезінде де, қазір де нақтылы ақпарат таратуға тиым салынғанба деген ой келеді. Ал, қазіргі кезде саясатта болсын, мәдени сала мен журналистік бағытын да болсын ұлт мәселесіне үн қосып жүрген, зыялымыз деген азаматтар сол кездерде тек шығыс емес, барша елдің келешегі үшін арпалысып жатқан өңірдің жағдайына бүйректері бұрып, жандары ашымағаны әлі күнге дейін түсініксіз. Сол кезде, ел арасына шынайы ақпарат таратуға көмек болама деген үмітпен орталық басылымдар мен Республикалық телерадио басшыларына(көбі атақты жазушылар) келгенде қолдау болмады. Егерде, сол жылдары шығыс өңірінде автономия құрылып, қазіргі Молдавияның(Приднестровьяға байланысты) кебін кисек не болатын еді. Бірақ, ата - баба аруағы қолдап ел іргесі берік сақталды.
Қоғамдық ұйымдарының белсенділігі жергілікті биліктің арандатушы топтың істеріне қарсы жұмыстарын жүргізулеріне үлкен септігін тигізіп қимылдарында бір ізділік пайда бола бастады. Шығыс өңірінде қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар мен халыққа беделді азаматтардың пікірімен санасып, бәрінің ерікті бас қосып, жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіншілік жасауды жүйелі жолға қойып, ұлтаралық қатынасқа байланысты мәселелер талқылауда ашық пікірлерді ортаға салып, Головков топтарының белсенділігіне тұсау сала білген облыс басшысы Ю.Лавриненко болды. Ал, облысқа В.Л. Метте басшылық еткен 90-шы жылдың аяғында шығыста келеңсіз жағдайдың туындауына қайта әкеліп, «Казимирчук - Пугачев» ылаңы болғаны аян.Облыс басшысының ықпалымен осыған қатысы бар біраз адамдардың жауапкершіліктен құтылып кеткені белгілі.
Шығыс өңіріндегі тәуелсіздік жолындағы азаматтардың өткен жолы қазіргі билік үшінде үлкен саяси сабақ.. Ұлтаралық қатынасқа байланысты келеңсіз жағдайлардың шиленісуіне апармау жолына бағытталған қимылдарға тек әкімшілік ресурстарды ғана пайдаланбай, ыждаһатты батыл түрде басқа этнос өкілдерімен бірігіп қоғамдық күшті пайдаланудың тиімділігін көрсетті. Қарапайым адамдар үшін көршілерімен тату болу әрқашан бірінші орында тұрады. Олар өздеріне құрмет көрсеткен жерлестеріне ешқашанда сатқындық жасамайды. Ал, олардың ұлттық сезімдерін пайдаланып теріс пікір таратушыларға батыл тойтарыс беруден себеп іздеп қашқалақтау ұтылысқа әкелетіні белгілі. Ұлтаралық қатынасына байланысты мәселелерге келгенде неғұрлым ашық пікірлесіп, ауыр да болса шындыққа жүгінгенде ғана жеміс әкеледі. Саяси сауатсыздық әр қашанда, қандай да бір туындаған келеңсіз жағдайды асқындырмай әуел басында тоқтату жолын жіберіп алып, жағдайлардың асқынуына жол береді. Тәуелсіздікті сақтау үшін қазіргі кездерде де саяси аренаға шығып, ұлтаралық қатынастарды арандатуға жол беретін мәселелерді ойдан шығарып, халықтар атынан сөз сөйлеп ұпай жинайтындар аз емес.Заң жүзінде елімізде бірде бір қоғамдық ұйымның, саяси партияның, ұлт өкілдерінің, жеке тұлғалардың және ақпарат құралдарының халық атынан сөйлеуіне құқы жоқ , ондай құқық тек сайлау арқылы Президентке ғана берілген. Біз зайырлы, демократиялық мемлекет құрып жатқан елдің азаматы болған соң заңды мойындау бұлтартпас міндет. Қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар, басқа да субъектер барша халықтар(этностар) атынан сөйлеуге құқыларының жоқтығы, олар тек мөлшерлі топтың ғана мүддесін қорғайды. Қоғамдық ұйымдар мен партиялар өз мүшелерінің, ұлт(этнос) өкілдері тек нақтылы ұйымдасқан топ атынан ғана сөлеуге құқылы. Өкініштісі, біздің елде әлде бір этнос өкілі өзінің эмоциясына ие болмай айғайлап шыға келсе, ақпарат құралдары, жергілікті билік өкілдері үрейлері ұшып олардың әрекетіне тоқтау болатын қадам жасап заң шеңберінде баға берудің орнына «ойбай, ұлтаралық қарым - қатынастарға көлеңке түсірмейік, дегені болсын» деп қазақ халқының ар, намысына кей кездерде тіпті мүддесіне нұқсан келтіретін қадамдарға барып жатады. Бұл ешқандайда кеңпейілдікке, ұстамдылыққа, парасаттыққа жатпайды. Бұл мемлекет құрушы халқтының келешегі мен абройына нұқсан әкеледі. Бір қоғамда өмір сүріп жатқан соң, әлемдегі тарихи қалыптасқан заңдылыққа сәйкес, сол мемлекеттің ұлт мүддесін сақтайтын ерекшелігі мен шарттарының қатаң сақталуына билік тармақтары жауап беруге тиіс. Ал, бізде осы қағиданы орындауға келгенде биліктің құлықсыздығы орын алып, қоғамда кейбір мәселелердің келешекте шиленісуіне жол берілетіні де бар.Әлемдегі қоғамның тарихи даму заңдылығына сүйенсек кейбір мемлекеттерде орын алатын этносаралық немесе азаматтар арасындағы туындайтын шиленістерді тек билік саясатының жіберген қатесінің немесе әлде бір топтардың әрекеттерінің нәтижесі екеніне көз жеткіземіз. Яғни, Қандай да болмасын этносаралық қатынастардағы туындаған келеңсіз жағдайларға ешқашан бірде бір халықты кінәлауға болмайды(тіпті тұмыстық қарым - қатынаста басқа халықтың атына ғайбат сөз айту надандық), бұндай жағдайларға әкелетін тек сауатсыз саясаткерлер мен пиғылында тазалық жоқ өресі тар адамдар. Ұлы Жаратқан, барша адамдарды, халықты тең жаратқан. Ұлтаралық келеңсіз жағдайларға ешқашанда халықты кінәлауға болмайды, оған біліктілігі мен тазалығына күмән тудыратын биліктегілер, саясаткерлер және нақтылы бір көздеген пиғылы бар топ кінәлі. Сондықтан құлағымыздан сүйреп кеден одағына кіргізген соң, келешекте тәуелсіздігімізді сақтап қалудың басты қағидасы биліктің ұлт мүддесін қорғауда адалдық, жігерлілік, біліктілік пен табандылық көрсетуі, ал азаматтардың білімді болумен қатар, немқұрайдылық пен құлдық мінезден арылып, өр мінез, белсенді болуы қажет. Олай болмаған күнде баба жері, қазақ елі азулының аузында, тегеуріндінің табанында қалама деген ел арасындағы алаңдаушылық келешекте ұрпағымыздың йығына ауыр жүк артып жүрмесіне кім кепілдік бере алады. Біз кереметпіз деп осы пікірмен келіспейтіндердің табылатынын білемін. Айтарым, қоғамның даму заңдылығы саяси элиталық топтардың қолында емес, өйткені олардың ғұмыры өз дәуірімен шектеледі, ал келешекке олардың әмірі жүрмейді. Өмір өзгеріп отырады, тек халықтың мүддесін қорғау талабы өзермейді. Халқына адал, көрегенді(атаққұмар, дүниеқұмар емес), ұлтының мүдесін өз мүддесінен жоғары қоя алатын, елі үшін құрбан болуға даяр адам ғана жол сала алады(Кемал Ататүрік, Жовахарлал Неру, Ден сяо пин сыяқтылар).
Шығыстағы сепаратизм тудырған келеңсіз жағдайдың көрінісін бір мақалаға сыйғызу мүмкін емес. Оны терең зерттеп, сараптама жасап тарих бетінде қалдыру ғалымдар мен журналистердің үлесінде болар. Өкініштісі, сол кездердегі облыстық газеттердің қазақ тіліндегісі болған жағдайлар туралы шындықты жазуға бармады, жүрексінді, ал орыс тіліндегіледің бәрі арандатушы топтпардың желеуін көтергені белгілі. Және де тек бір тілдегі баспаларға сүйеніп сараптама жасау үлкен қателікке апарады. Бұлай деуге себеп, осыдан екі жыл бұрын «Алтынбек Сәрсембаев қоры» конференция өткізіп Шығыс Қазақстандағы болған жағдайға баға беруге тырысқан еді. Бірақ баяндама жасаған қазақ тілді азамат болған жағдайды тыңдаушыларға мүлде теріс жеткізіп, ешқандай сепаратистікке қадам жасалмаған дегенге дейін барды. Баяндамашының ондай көзқарасқа баруына, оның мағлұматтарды тек орыс тілді газеттер мен азаматтардан алғаны белгілі болды. Және оның сол кездерде осы келеңсіз жағдайды тоқтатуға қатынасы бар адамдармен мүлде кездеспегендігі, тіпті сондайлардың болғанын білмейтіндігі ашылды. Өкініштісі, осындай шала зерттеулер басылып, келешек ұрпақ тәрбиелеуге пайдаланама деген алаңдау туады. Тағы бір алаңдаушылық, ол көптеген мағлұматтардың жоғалып кетуі де мүмкін. Мысалы: Өскемен қалассындағы депутаттар Советінің 1990 - 0991 жылдарда біраз шақырылудан тыс ұйымдастырылып автономия мәселесін өткір талқыланған сессия хаттамаларының облыс мұражайында болмай шыққаны кезінде шығыс өңірінде орын алған келеңсіз жағдайды тоқтатып, өз ерліктерімен елінің намысын, жерінің тұтастығын қорғап, отанының ішінен отау тігеміз дегендерді тізе бүктірген шығыстың барша азаматтарына бас иіп, аттары аталмаған жүздеген азаматтардан кешірім сұраймын. Алла бұйыртса ешкімде, еш уақытта ұмыт қалмас.
Соңы
Болат Дүйсембі,
Республикалық «Ұлт тағдыры»
қозғалысының Басқарма мүшесі
«Абай-ақпарат»