Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2348 0 пікір 13 Қараша, 2011 сағат 10:29

Ерлан Қарин: Ертiсбаевтың логикасын түсiнбеймiн

Елордамыз Астанада белгiлi тележурналист Берiк Уәлидiң жетекшiлiк етуiмен "Еркiн сөз" пiкiрсайыс алаңының тұсау­кесерi өттi. Пiкiр алаңына алғашқы болып белгiлi саясаттанушы, "Нұр Отан" ХДП хатшысы Ерлан Қарин шақырылған екен. Ол Қыр­ғызстандағы президент сайлауы мен елiмiзде өтетiн Парламент Мәжiлiсiнiң сайлауы сондай-ақ, лаңкестiкпен күрес туралы өз ойларын ортаға салды. Жалпы алған­да, Алматыға қарағанда Астанада осыған ұқсас пiкiрсайыс клубтары саусақпен санарлықтай ғана. Сондықтан болса керек "Еркiн сөзден" елдiң күтерi көп-ақ. Берiк пен Ерланның арасындағы сұрақ-жауап былайша өрбiдi:

- Сәуiр төңкерiсi мен жаңа конституция қабылданғаннан кейiн өткен сайлаудың Қыр­ғыз елi үшiн маңызы қандай? Сiздiң ойыңызды бiлсек.

Елордамыз Астанада белгiлi тележурналист Берiк Уәлидiң жетекшiлiк етуiмен "Еркiн сөз" пiкiрсайыс алаңының тұсау­кесерi өттi. Пiкiр алаңына алғашқы болып белгiлi саясаттанушы, "Нұр Отан" ХДП хатшысы Ерлан Қарин шақырылған екен. Ол Қыр­ғызстандағы президент сайлауы мен елiмiзде өтетiн Парламент Мәжiлiсiнiң сайлауы сондай-ақ, лаңкестiкпен күрес туралы өз ойларын ортаға салды. Жалпы алған­да, Алматыға қарағанда Астанада осыған ұқсас пiкiрсайыс клубтары саусақпен санарлықтай ғана. Сондықтан болса керек "Еркiн сөзден" елдiң күтерi көп-ақ. Берiк пен Ерланның арасындағы сұрақ-жауап былайша өрбiдi:

- Сәуiр төңкерiсi мен жаңа конституция қабылданғаннан кейiн өткен сайлаудың Қыр­ғыз елi үшiн маңызы қандай? Сiздiң ойыңызды бiлсек.

- Бұл доданың маңыздылығының ең бiрiншi себебi - сәуiр төң­керiсiнен кейiн өткен тұңғыш президенттiк сайлауда былтырғы жылы болған төңкерiс нәтижелерiн шартты түрде бекiту керек болды. Жеңiске жеткен саяси күштер өз позициясында тұра ала ма, жоқ па деген сұрақ туындайды. Себебi осы сайлауда Бәкиевтi жасырын қолдап жүрген кейбiр саясаткерлер саяси сахнаға шығып, өз жағдайларын нығайтып жiбере ме деген қауiп те жоқ емес едi. Өйткенi өткен жылғы парламенттiк сайлауда бiрiншi орынды «Атажұрт» партиясы иелендi. Ал осы партияның жетекшiлерi Ташиев пен Кел­дiбеков ел iшiнде Бәкиевтiң жақтастары саналады. Екiншiден бұл сайлау Қырғызстанда жаңа конституцияны қабылдағаннан кейiн өтiп отыр. Аталған конституцияның ерекшелiгi - мемлекеттi парла­меттiк билеу формасына ауыстыратыны. Билiк парламентте болғандықтан жеңiске жеткен партиялар коалиция құрып үкiметтi жасақтай алады. Бүкiл әлеуметтiк-экономикалық iшкi саясатты жүргiзетiн үкiмет болып есептеледi. Бiрақ мен жаңа конституциядан парламенттiк жүйенiң айтарлықтай нышандарын байқай алмадым. Шын мәнiнде негiзгi билiк тетiктерi президенттiң қолында қалып қойды. Сондықтан да мұны парламенттiк емес, президенттiк-парламенттiк жүйе деп айтуға келер. Өйткенi бiрнеше құзырлы органның басшыларын тағайындау мiндетi президенттiң құзырына тиесiлi.

"ҚЫРҒЫЗДАР КӨШЕДЕГI КЕЗ КЕЛГЕН КӨРIНIСТЕН САЯСИ АХУАЛДЫ БОЛЖАЙДЫ" - Кейбiреулер нелiктен аталған сайлауды үшiншi төңкерiске апаруы мүмкiн деп қауiптендi?

- Әрине, мұндай қауiп болды. Қырғыздар көшедегi кез келген көрiнiстен елдегi саяси ахуалды болжауға әдеттенiп алған. Бiзге жолыққан адамдардың арасында: "орталық дүкендердiң бiрiне қоршау жасалыпты немесе тауарларын шығарып жатыр екен, демек сайлаудан кейiн бүлiк шығады" деп айтқан едi. Тiптi саясаткерлер мен сарапшылардың бұған қуанған кейпiн аңғардым. Тағы да бүлiк болады деген де қуаныш па екен? Бұл қасiрет қой. Ал шын мәнiнде мұнан кейiн төңкерiстiң бола қоюы екi талай нәрсе екенi түсiнiктi емес пе?

- Жұртшылық Атамбевтың президент болуына Ресей қолдау бiлдiрдi деп ашық айтты. Жалпы Қырғыз саясатына шет елдiң ықпалы қаншалықты деңгейде?

- Өкiнiшке қарай, Қырғыз саясатына шетелдiң ықпалы зор. Атамбаев бiр жарым айдай үкiмет басшысы бола тұрып ешқандай шешiм мен қаулы қабылдай алмады. Тек қаңтар айында ғана Алатаудағы ең биiк шыңдарының бiрiн В.Путиннiң атымен атау туралы шешiм шығарды. Сондай-ақ ол президенттiкке түсетiнiн жарияламастан, бiр күн бұрын Манас әскери базасының қолдану келiсiмшартын создыртпайтынын мәлiмдедi. Бұл - "Мен Ресейге жақтас саясаткермiн, сендердi қолдаймын" деп АҚШ-қа алдын ала берген белгiсi. Содан кейiн сайлауға түсiп, жеңiске жеткеннен кейiн берген уәдесiн көпшiлiктiң алдында растағандай болды.

 

"ТЕРРОРИЗМ ҚАУПI КҮШЕЙIП КЕЛЕДI"

- Соңғы кездерi Қырғыз елiнде де терроризм белгiлерi байқалуда. Өкiнiшке қарай, бiзде де әр түрлi жарылыстар болды. Аталған мәселенi нақты зерттеп жүрген саясаткер ретiнде мұны терроризм деп айта аласыз ба? Не болып жатыр Қазақстанда?

- Осы уақытқа дейiн "терроризм қауiп-қатерi бiзден алыс, тiкелей төнiп тұрған жоқ" деп өзiмiздi-өзiмiз сендiрiп келдiк. Шын мәнiнде мұндай қауiп баяғыдан бар. 2000 жылдардың басында террористер мен қылмыскерлер шетелден бiздiң елге қашып келе бастады. Мәселен, 2004-06 жылдары Өзбекстанға 11 терроризммен айыпталып жүрген азаматты ұстап бердiк. Ал 2000 жылдың ортасынан бастап бiздiң азаматтар шетелде әртүрлi ұйымдардың мүшелерi ретiнде ұстала бастады. 2005 жылы Пәкiстанда сондай бiр топ талқандалды. Сол топ мүшелерiнiң iшiнен 11 қазақстандық төлқұжат табыл­ған. Өкiнiшке қарай, қазiргi кезде кейбiр азаматтар шетелде емес, өз елiмiзде әртүрлi жарылыстарды жасауға ынталана бастады. ҰҚК-нiң парламентке берген мәлiметiнде 2007-09 жылдары елiмiзде бес терактiнiң алдын алған. Ең қызығы, соңғы 5 жылда Қазақстан азаматтарының терроризм айыбымен жиi-жиi ұсталу фактiсi тiркеле бастады. Жылына 10-нан 20-ға дейiн азамат терроризмге қатысы бар деген бап бойынша сотталып жатыр. Бұл, әрине, қауiптi тенденция. Ашығын айтсақ терроризм қаупi күшейiп келе жатыр, оны мойындамауға болмайды. Әйтсе де мұның екiншi бiр қыры бар. Қазiргi кезде БАҚ "Халифат сарбаздары" деген ұйым бар екен" деп қайта-қайта жарнамалап жатқан сияқты. Шын мәнiнде қандайда бiр халықаралық ұйымның Қазақ елiне қарсы күресiп жатқаны күмәндi. Өз басым "Халифат сарбаздары" деген ұйымның бар екенiн естiген емеспiн. Мәселен соңғы 10 жылда глобалдық деңгейде терроризм қауiп-қатерi өршiп тұрған тұста әлемнiң түкпiр-түкпiрiнде жарылыс, кепiлдiкке алудың барлығында "Әл-Кайда" тұр делiндi. Әйтсе де терроризм мәселесiмен айналысып жүргендердiң барлығы аталған ұйымның шын мәнiнде жоқ екенiн айтады. Кез келген террористiк актiнiң мақсаты ақпараттық назар аударту. Менiңше, "Халифат сарбаздары" деген ұйымның бар болуы да күмәндi.

- Сайлау өткеннiң ертеңiнде келесi сайлауға дайындық шаралары баста­лады дейдi ғой. Өзiңiз бiлесiз елiмiзде сайлау үнемi мерзiмiнен бұрын өтедi. Сол сияқты келесi мәжiлiс сайлауы мерзiмiнен бұрын өте ме?

- Ата заңымыздың тәртiбi бойынша мәжiлiс сайлауы парламент депутаттарының өкiлеттiлiгi аяқталуына екi ай қалғанда өткiзiледi. Қазiргi депутаттардың өкiлеттiлiгi заң бойынша 2012 жылдың қыркүйегiнде тәмамдалады. Осы қағида бойынша сайлау келесi жылы наурыз немесе сәуiр айларында жарияланып, маусым немесе шiлде айында өтуi керек. Осыны ескерсек, сайлаудың жариялануына 6 айдан да аз ғана уақыт қалды. Әзiрше сайлаудың мерзiмiнен бұрын өтуiне қандай да бiр алғы шартты көрiп отырған жоқпын. Президент кеңесшiсi Е.Ертiсбаев "Ресейде сайлау желтоқсан айында өтедi, бiз одан бұрын өткiзiп қалуымыз керек" дедi. Шынымды айтсам, мұндай логиканы түсiнбеймiн. Тағы да осы Ертiсбаевтi "Ресейде кәсiпкерлердiң "Правое дело" партиясы құрылады екен, бiздер де тезiрек кәсiпкерлердiң партиясын құрайық" деп мәлiмдедi. Әжем айтушы едi: "Жұрт терезеден секiрдi екен деп, сен де секiрiп кетесiң бе", - деп.  

Серiк ЖОЛДАСБАЙ,

Астана http://zhasalash.kz/suhbattar/5828.html

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5536