Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 5162 0 пікір 14 Қараша, 2011 сағат 12:24

Академик Салық ЗИМАНОВ: ЕҢ БАСТЫСЫ – ХАЛЫҚТЫҢ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІНЕ ДЕГЕН СЕНІМІН ҚАЙТА ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ КЕРЕК

Алматы. 14 қараша. ҚазТАГ - Валерий Новиков. Бірнеше күн бұрын қазақстандықтар академик Салық Зимановпен қоштасты. Ол ұзақ өмір сүрді. Биыл ол 90 жасқа толып және өмірінде көп нәрсені жасап үлгеріп кетті. Ол өмірінің ұзақтығынан емес, ешбір жылды бос жібермей, өмірінің соңына дейін, науқас болып жатқанына қарамай, жұмыс істеуінің арқасында көп нәрсені үлгеріп кетті. Жұмыс ітеуге бала кезден бауланған, отбасы ерте әкесіз қалғандықтан, оған қамқорлықты өз мойнына алуына тура келді. Одан кейін соғыс болды. С. Зиманов минаатқыш болды, ал олар әр кез майданның алғы шебінде болатыны белгілі... Ол ғылымда да аз нәрсе істеген жоқ. Көптеген ғылыми еңбектер, кітаптар, оқулықтар жазып, оқушыларын қалдырды. Бүтіндей ғылыми мектеп ашты. Академик атағын ерте баста-ақ, шынымен де ғылым деңгейі жоғары болған кезде алды. Ол кезде академия біреу ғана және академиктер де аз болатын...

Шынын айтсақ, ол біздің мемлекеттігіміздің басында тәуелсіздік алудан әлде қайда ерте тұрған құқық танушы-ғалымдардың когортасының бірегейі, Конституциямыздың авторларының бірі, өзін әр кез биік ұстаған таза адам болып қалды-ау.

Алматы. 14 қараша. ҚазТАГ - Валерий Новиков. Бірнеше күн бұрын қазақстандықтар академик Салық Зимановпен қоштасты. Ол ұзақ өмір сүрді. Биыл ол 90 жасқа толып және өмірінде көп нәрсені жасап үлгеріп кетті. Ол өмірінің ұзақтығынан емес, ешбір жылды бос жібермей, өмірінің соңына дейін, науқас болып жатқанына қарамай, жұмыс істеуінің арқасында көп нәрсені үлгеріп кетті. Жұмыс ітеуге бала кезден бауланған, отбасы ерте әкесіз қалғандықтан, оған қамқорлықты өз мойнына алуына тура келді. Одан кейін соғыс болды. С. Зиманов минаатқыш болды, ал олар әр кез майданның алғы шебінде болатыны белгілі... Ол ғылымда да аз нәрсе істеген жоқ. Көптеген ғылыми еңбектер, кітаптар, оқулықтар жазып, оқушыларын қалдырды. Бүтіндей ғылыми мектеп ашты. Академик атағын ерте баста-ақ, шынымен де ғылым деңгейі жоғары болған кезде алды. Ол кезде академия біреу ғана және академиктер де аз болатын...

Шынын айтсақ, ол біздің мемлекеттігіміздің басында тәуелсіздік алудан әлде қайда ерте тұрған құқық танушы-ғалымдардың когортасының бірегейі, Конституциямыздың авторларының бірі, өзін әр кез биік ұстаған таза адам болып қалды-ау.

С. Зиманов жариялылықты онша ұнатпайтын, сұхбат беруден қашқақтайтын. Бірақ, кеңестік дәуірдің кезінде мен оның түсініктемесімен шағын мақала жазғанмын, ол сол мақаланы мақұл қабылдап, сөйтіп сол кезден есте сақтаған болса керек. Сондықтан былтыр қараша айында мен оған телефон шалып, кездесуге рұқсат  сұрағанымда ол кездесуден бас тартпай, сұхбаттасайық, бірақ әзірге жарияламаймыз, деп ескертті. «Жақында маған мерейлі 90 жас толады, сондықтан ешқандай шу шыққанын қаламаймын. Ал кейін көре жатармыз...».

Екі рет 40 минуттай мерзімге кездестік. Ол шаршап қалатын, содан «мен саған сәті келгенде телефон шаламын, тағы кездесіміз» дейтін. Бір рет телефон шалды, ал екінші рет үлгермеді...

Енді мен оған алдын ала беріп жіберген суалдарыма жауап ала алмаймын. Сөйтіп төмендегі сұхбатымыз бас-аяғы жоқ, үзінді түрінде, аяқталмай қалды. Бірақ, енді басқаша бола да алмайды...

 

-Салық Зиманұлы сізге сұхбатқа сұрану қиындау, бұрынғыдай баспасөзге назар аудармайсыз...

 

- Бұрындары баспасөздің айтқандарына тез арада жауап қайтаратынмын, өйтпесең қатаң жазалануың мүмкін еді. Ол - қуғын-сүргіндер -  әрине, жақсы, әсерлі шара тұғын, бірақ, құдайға шүкір, өтіп кетті. Бірақ, қазір баспасөзге де ешкім онша мән бермейді ғой, қоғамдық пікір жоқ. Бәлкім, журналистердің өздері айыпты шығар? Мысалы теледидаршылар келіп, сұхбат беруімді өтінеді, жоқ десем, ренжиді. Мен оларға, сендер бәрібір менің айтқандарымды жариялайсыңдар ғой, деп түсіндіретінмін! Олар үнсіз болатын, себебі эфирден не шығып, не шықпауын олар шешпейді. Немесе эфирден сен айтқаннан мүлдем басқа нәрсе айтылатын. Мені ешкім де мұқият тыңдамайтын болса керек, сондықтан сол кезден бастап мен сұхбат беруден бас тарттым. Егер ешкім баспайтын болса, немесе айтқандарыңды сүзгіден өткізіп, өздеріне ыңғайлы түрде жариялайтын болса, әуре болып не қыламын...

 

- Мен сүзгіден өткізбеуге, сөзбе-сөз жариялауға уәде беремін... Сізді, осыдан 30 жыл бұрынғыдай, орныңыздан табу қиын, жиі іссапар шаршатпайды ма? Олар сізге соншама қажет па?

 

- Қаласаң да, қаламасаң да - баруға тура келеді... Жақында Астанадан оралдым, онда әділет министрлігі мен парламент ұйымдастырған заңнаманы жетілдіру, құқықтық саясат тұжырымдамасын жетілдіру жөніндегі екі конференция болды. Баяндама жасадым. Маған бәрінен көп уақыт берді. Бәріне 5 минуттан берсе, маған 20 минут берді, ал мен 27 минут сөйледім, бірақ сөзімді бөлмеді. Одан кейін Еуразия университетінің ректоры студенттер алдында сөз сөйлеуімді сұрап, заң факультетіне апарды. Алтын медаль иелері, олимпиада жеңімпаздары жиналыпты, солардың алдында сөз сөйледім... оларға да бармаса болмайды. Оның алдында, 15 қарашада менің өтінішім бойынша, мені президент қабылдады. Бір сағат бес минут сұхбаттастық. Осы уақыттың бәрінде оңаша сөйлестік. Мен оған бірнәрсе сұрау үшін емес, керісінше, беру үшін келіп отырмын деп айттым. Ал ғалым не бере алады? Тек жаңа идеяларын, жаңа білімдерін, елге пайдасы бар, өте елеулі мәні мен келешегі бар қандай да теориялық дайындауларды береді ғой. Әңгіме тек ғылым мен жоғарғы білім беру саласы туралы болды.

Ал ертеңнің арғы күні Маңғыстауға кетемін. Академик Шарманов (Төрегелді - ҚазТАГ), ал біз өте тамаша доспыз, ол 80 жасқа толды, мен онда оның мерейтойында сөз сөйлеуім керек еді, бірақ ол аурып, ауруханаға түсіп қалды. Мен сол кезде оның отаны Қарағанды облысына да бара алмай қалдым. Бірақ уәде берген соң, сөзіңде тұруың керек. Енді Қырымбек Көшербаев, облыс әкімі шақырып отыр. Шармановпен бірге сонда үш күнге бара жатырмыз.

Желтоқсанның басында ауруханаға жатамын. Менің оң бүйрегімді 13 жыл бұрын алып тастаған. Енді тексерілу керек. 29 желтоқсанда Астанаға шақырып жатыр, Рогов (Игорь - ҚазТАГ), Конституциялық кеңес төрағасы телефон шалды - кеңестің 10 жылдығына (шақырып жатыр - ҚазТАГ), халықаралық конференция өткізіп отыр.

Көптеген елдердің конституциялық сот басшылары келеді. Уақыт сәл ыңғайсыздау, тура жаңа жыл қарсаңында, бірақ бару керек.

Мен тағы бір жұмысты аяқтап, қаңтар айында баспаға «Республика парламенті - тәуелсіздіктің қиын жылдары» атты кітабымды тапсыруым керек. Мен ол кезде депутат едім ғой. Ол жылдар менің әлі көз алдымда, барлық жазбалар мен құжаттардың барлығы қолымда бар. Мен айналысып жатқан тағы бір тақырып: «Құқық қорғау жүйесін реформалаудың кейбір мәселелері». Астанада сол мәселемен сөз сөйледім. Менің алдымда мәжіліс пен сенаттың құқық және сот реформасы комитетінің төрағасы, әділет министрі сөз сөйлеген.

Реформа жөніндегі комитет төрағалары мінбеден: «Біз президент және парламент тапсырмасымен реформаға байланысты 30-дай заң жобасын дайындадық. 4 жобаны қазір ғана қабылдадық, 6 жоба жақында қабылданатын болады, қалғандары жыл соңына дейін қабылданады», - деп аттарын санай бастады. Мен олардан кейі сөз сөйлеп, «комиеттің екі басшысын тыңдадым», деп айттым... 30 жоба! Ол жақсы! Ал сол актілерде не жетекші? Бастысы неде, жаңалығы неде? Айта алмаймын! Олардың қабылдануынан олар қандай әсер күтеді? Актілерді қабылдай салу түк те емес. Ал олар қалай жұмыс істейді? Ол ойластырылды ма?

Мен мысалы, Украинадағы Патон атындағы электрдәнекерлеу институтында болдым. Мінеки, сонда, техникалық мекемеде, философиялық проблемаларды, таным теориясын зерттейтін арнайы бөлім бар. Технарьларға ол неге керек? Керек дейді. Онсыз техникалық ой дамымай қалады дейді.

Ал бізде құқық қорғау жүйесін реформалауда - және ешқандай философиясыз, ешқандай да таным теориясынсыз...

 

- Ал сіздіңше, бұл реформада бастысы не болуы тиіс?

 

- Ең бастысы - халықтың құқық қорғау органдарына деген сенімін қайта қалпына келтіру. Екі ай бұрын мен де Астанада болдым. Ол кезде Конституцияның жылдығына орай үлкен конференция болды. Онда да сөз сөйледім. Ол кезде қазақтардың дала соттарының ерекше сот жүйесі екендігі туралы айттым. Өкінішке қарай, тарихтағы біз жоғалтып алған ең озық сот жүйесі ретінде айттым. Судья, билер қазақ даласында әр кез әлеуметтік саты бигінде болатын, шүбәсіз бедел мен абройдың иесі болатын. Ал қазір бедел мен аброй бар ма? Нашар сот жүйесі болғанның өзі айып. Мен жақында бас прокурор Қайрат Мамимен сұхбаттастым. Мен оған құқық қорғау органдарының бренді сот екенін айттым. Сотты жақсы ете алсақ, яғни заңға қатаң беріктігінде мінсіз ете алсақ, біз құқық қорғау органдарының басқаларына да ықпал ете аламыз. Михаил Иванович Калинин айтқаны есіме түсті: сотқа қарап кеңестер одағы туралы айтады, деген болатын. Айтпақшы, сотына қарап, корольдік билік туралы да айтады.

Турасын айтайық: біздегі сот жүйесі халық сеніміне ие емес. Сенімді қалай қалпына келтіруге болады? Мен осы туралы Мамимен ой бөлістім, ал ол болса маған: «... сіз ол туралы айтып жатырсыз, айтып жатырсыз, біздің өзіміздің қолымыздан ол келмейді ғой...», дейді.

Иә, мен ол туралы ашық айта аламын, мен ғалыммын, тәуелсіз адаммын. Бірақ кейде, Зиманов, жетер, доғар, деп те ойлаймын. Саған енді үш айдан соң 90 жас, ал сен бәрібір сол тырманы басып кетіп отырсың... Ал өткір сауалдар менде көп.

Мысалы, Қазақстанның мемлекеттік егемендігінің декларациясы 1990 жылдың 5 қазанында қабылданды. Ал біз тәуелсіздігіміздің бастауын 1991 жылдың 16 желтоқсанынан бастаймыз, республиканың тәуелсіздігі туралы конституциялық заң сонда қабылданған. Маған декларация меморандум сияқты, ол соншалықты маңызды емес дейді. Бірақ бұрынғы КСРО республикаларының бәрінде декларациядан есептеледі. Мен оларға былай деп түсіндіремін: Жоғарғы кеңес қабылдаған декларация жай ниет бола алмайды, ол конституциялық заңмен қатар тұрады. Тәуелсіздік декларациясының заң жүзінде қабылдануы мемлекеттік егемендіктің бастауы деген сенімдемін. Мемлекетіміздің туған күні осы! Бірақ сен әзірге жариялама, әйтпесе шу көтеріледі... кейін, туған күнімді атап өтейін, жарай ма.

 

- Сіз соғыс көрген әскери офицерсіз. Есіңізде не қалды?

 

- Ондайды ұмытуға бола ма? Өмір бойы есте болады ... Жеңістің 65 жылдығына «Казахстанская правда» газетінде мен туралы үлкен мақала жарық көрген, онда былай жазыпты: ол артполкқа қолбасшы болған. Бұл - қате. 1944 жылы менің жасым 23-те болды. Шын мәнінде мен минаатқыш дивизионнның командирі, кейін полк командирінің саптық бөлім бойынша орынбасары болғанмын. Бұл полктың екінші командирі сияқты ғой, сондықтан қате де аса үлкен емес. Кейін механизацияланған бригада артиллериясының қолбасшысы болдым. Соғыстан оралғанымда орта білімім ғана болған. Мамандығым жоқ. Бірдеңемен айналысу керек болды. Ол кездегі өміріміз қиын болды, әкеміз қайтыс болған. Мен отбасымдағы үлкенімін, бауырларымды ойлау керек. Оқуға түстім, заңгер, құқықтанушы болдым. Бұл шешімім үшін ешқашан өкінген емеспін.

Өмірімде қызықты сәттер көп болды. Көптеген адамдар, қызықты кездесулер болды. Қаншама адамға көмегім тиді! Маған көп адамдар хат жазатын! Алтынбек Сәрсенбаев та көзі тірісінде алғыс айтқан болатын. Ол Әбілевпен (Болат - ҚазТАГ), Жөкеевпен (Төлеген - ҚазТАГ) бірге маған ашық хат жазды. Олардың партияларын мемлекеттік органдар тіркеуден бас тартқан. Олар Жоғарғы сотқа арыз берген. Мен оларға көмектесіп, қолдау көрсеттім. Сот істі қарап, төмендегі сот шешімінің күшін жойып, партияны тіркеді.

Осыдан кейін олар маған алғыс хат жазды. Алайда бір апта өтпей жатып Алтынбек Сәрсенбаевты қатыгездікпен өлтіріп кетті.

Басқа да оқиға болған. Үйіме терезеден ұры кіріп, заттарымды ұрлап кетті. Мен ол кезде саяжайда тұратынмын. 600 теңге ақшаны да алып кеткен! Бір айдан кейін ол адам табылды. Ол кезде жасы 24-те болған. Жеті рет ұрлық үшін сотталған.

Оны көргім келді, бұл оқиға мені қатты ренжітті, ол ұрының қандай адам екенін көргім келді. Оған түрмеге бардым, түрме бастығы мені көргенде қатты таң қалды. Ал түрмеде отырғандар одан бетер таң қалды: ұрыдан зардап шеккен адамның өзі ұрыға түрмеге келген, ондай бұрын болмаған!

Мен онымен ұзақ әңгімелестім. Өте ақылды жігіт болып шықты. Оның айтуынша, 8 жасынан ұрлықпен айналысады екен, өйткені анасы оны 8 жасында тастап кеткен. Әкесі - бұрынғы құрылысшы, бір көзі жоқ мүгедек.

Бұл жігіт ұрлық жасағаны үшін жеті рет түрмеге түсіп, үнемі жақсы тәртібі үшін мерзімінен бұрын бостандыққа шығып отырған. Қамауда жақсы жұмыс істеген, түрменің бастығы да оған жақсы мінездеме берді.

Қарасам, Днепрдан бірге өткен майдандағы досыма қатты ұқсайды екен. Мен ол кезде минаатқыш батареяның командирі болған едім. Өзеннен өту кезінде маған штрафбаттан бірнеше адам берді, олар бұрын түрлі қылмыстар үшін сотталған екен. Қорықпаса, тірі қалса, кешіреміз деді. Көбі қаза болды, ол тірі қалды, соғыс біткенше ерлікпен соғысты. Менің ұрым соған ұқсайды екен.

Сонымен, мен түрмеге бардым. Ол менің қалай өткеніме, кім екеніме қатты таң қалды. Жағдайын сұрадым. Жаман екенін айттып, бес адамға арналған камерада 12 адам тұрады екен. Темекі бермейді. Мен күзетшіні шақырып, ақша бердім де, бәріне темекі сатып алуды тапсырдым. Сот болғанда, өзім барып, оны адвокат сияқты қорғай бастадым. Оны қамаудан шыққанына үш ай өтпей жатып, ұрлық жасағаны үшін сегіз немесе он жылға соттайтын еді.

Ол сотта мені неге қорғайсыз, бәрібір пайдасы жоқ, түрмеден шыққанда жұмысқа ешкім алмайтынын айтты. Бір құжаттары жетпейтіндіктен, төлқұжаты да жоқ екен. Ұрлық жасау ғана қалады.

Оның қолынан көп нәрсе келеді, былғарыдан неше түрлі заттар тігеді. Мен сотта сөз сөйледім, ол туралы бәрін айттым, оған ренішім жоқ екенін айттым. Судьялармен сөйлестіп, олар оның рецидивист екенін, түрмеден жаңа ғана шыққанын, 600 теңге айғақ бар екенін айтты.

Мен қалалық соттың төрағасымен сөйлестім. Ол кезде оған сегіз жылдың орнына үш жыл берді. Үш жылдан кейін маған келді. Мен оны жұмысқа орналастырдым. Кейін маған келіп, алғысын айтты.

Әріптестерім Салық Зиманұлы өз ұрысын ақтап шығарды деп күлетін! Мен естелік болсын деп, оның сот ісін сақтап қойдым.

 

- Мүмкін аздап мамандығыңызды өзгертіп, табысты адвокат боларсыз? Сіздің академик, ірі заңгер, құқықтанушы ғалым, академиялық институттың директоры, бірнеше университеттің құрметті профессоры, Конституция авторы және тағы да басқа атақтарыңызды ешкім алып қоймайды ғой ...

 

- Ха-ха! Мен адамдардың алдында сөз сөйлегенде аудиторияның зейін қойып тыңдайтынын бақылаймын. Университетте беделді, еңбегі сіңген ғалым, академик Козловский Андрей Тихонович болған. Академияда ол химия-техникалық ғылымдар бөлімінің академик-хатшысы болып жұмыс істеді. Жасы 73-те болатын. Үнемі студенттерге дәріс оқитын. Соның айтқаны: «Осы тақырыпты оқып, тақтаға формула жазғаныма қырық жылдан артық уақыт болды. Бұл жолы формуланың есіме түспей тұрғаны. Бес минут ойландым да, қағаздарымды жинадым да, студенттерден кешірім сұрап, аудиториядан шығып кеттім. Сол кездегі ректор Асқар Закарұлы Закаринға кірдім де: бүгіннен бастап мені қызметімнен босатыңыз дедім». Болды!

- Мен жақында 90-ға келемін. 80 жасқа келгенімде мерейтой жасадым, салтанатты түрде атап өттім, ауыр тиді қатты шаршадым, енді тойламаймын, деп шештім, содан кейін он жыл атап өткен жоқпын. Бірақ міне 90 таяп қалды, адамдар дайындалып жатыр, қала әкімінің орынбасары Сейдуманов (Серік - ҚазТАГ) телефон соғып, мерейтойды қалай атап өткім келетінім туралы сұрады. Не істейін? Адам әлсіз ғой, көне салдым. Бірақ енді атап өтпейтінім анық.

Сіздің шеркеш руынан шыққаныңызды білемін. Бұл рудың жігіттері сенімді және адал, қыздары мақсат қоя білетін, қайтпас деп жатады. Шеркештер көптеген қазақ хандарының оққағарлары болған. Сіз өз бойыңыздар ата-бабаларыңыздың ерекшелігін сезінесіз бе?

 

- Иә-иә, қайдан білесің? Шынымен, де шеркешпін. Біздің тармақ кавказдық черкестерден тараған дейді, бірақ далада, құмда, кең жерде өскенбіз. Бұл өте маңызды!

Әкем өмірден ерте кетті, мен мектепте оқып жүргенімде. Әкем сауатты адам болатын, гимназияда оқыған, орыс тілін жақсы білген, сауатты және әдемі жазатын. Жазуы керемет, тіпті каллиграфиялық болатын. Оның жазғандарын осы күнге дейін сақтап келемін. Қиын уақыт болатын, аштық, басқа да қиындықтар, осының бәрі сабақ болды. Оқу ой-өрісімді кеңейтіп, жаңа білімге деген құмарлығымды басатын. Маған ең көп ненің ұнайтынын білесің бе? Қарапайым, жеткілікті түрде зерттелген нәрседен де, мысалы үш белгісі бар нәрседен мен төртінші белгісін көре саламын. Ал үш белгіге төртіншісін қоссаң, мүлдем жаңа түсінік қалыптасады. Тереңірек қарауға тырыссаң болды.

Тағы. Мен адал еңбегіммен, терең оқумен, адамдарға деген сеніммен ғана қоғамдағы құрметке ие бола алатыныма сенетінмін. Қолым жеткен сияқты. Қалай ойлайсың?

2010 жылдың 23 қарашасында жазып алынды.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052