Серік ҚАРАБАС. Қысқартуды кімнен бастаған дұрыс?
Алдағы уақытта мемлекеттік қызмет орындарында жаппай жұмыстан қысқарту науқаны жүргізілмек. Осыған қатысты Үкіметтің арнайы қаулысы дайындалып, премьер-министр Кәрім Мәсімовтің қарауына өткізіліпті.
Ұмытпасақ, дәл осындай штатты қысқарту қарекеті бұған дейін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорында іске асырылған-тын. Қор қызметкерлерінің жартысына жуығы жылы орындарынан босатылып, қалғандары бонус, премия сияқты толып жатқан материалдық төлемдерден қағылған. Алайда, ресми Астананың жасаған бұл қадамынан мемлекет қазанына келіп-кетер жеңілдік болмады, қыруар шығын бәзбаяғы қалпынан азайған жоқ. Дееп жүрсек, кейбір деректер көздері «Самұрық-Қазынаның» бас ғимаратында қызметтен босап қалған мамандар қордың еншілес компанияларындағы жалақысы жоғары басқа лауазымдарға орналасқанын айтады. Осыдан кейін қаражат қайдан үнемделсін?
Ендігі жерде ел үкіметі жіберген олқылықтардың орнын толтыру үшін және бір мәрте қысқарту жасамақшы. Тіпті, министрліктер мен ведомстволарға қызметке қабылдауға мораторий жарияланып, мемлекеттік қызметкерлерді мұрнынан тізіп санаққа алуға кіріскен. Отандық беделді жоғарғы оқу орындарын тәмамдаған түлектер тұрғай, «Болашақ» бағдарламасымен шетелдің білімін тауысып қайтқан дайын кадрлардың өзіне орын жоқ.

Бір қызығы бұл жағдай Парламенттегі «қой аузынан шөп алмас» депутаттардың кейбірін шабына шоқ түскендей тулатып жіберді. Айталық, басқа кезде жұмған аузын ашпайтын қалаулы ағамыз Уәлихан Қалижан мырзаның аяқ астынан батылдығы ұстап: «Болашақ» бағдарламасы бойынша бітірген 800-ге жуық жастар қайда барады?» - деген депутаттық сауал жолдауы бәрімізді таңдандырып тастады. Шамасы, биылғы жылы ол кісінің немересі ме екен, шөбересі ме екен әйтеуір бір жақыны «Болашақпен» шетелден оралатын болуы керек. Әйтпесе, біздің «ноқталы» депутаттарымыз бостан-босқа сөзін шығындамас еді ғой. Дей тұрғанмен, Қалижан мырза қанша жерден сауал жолдаса да, «болашақшыл» жастарға бұрынғыдай батпан құйрық болмайды.
«Біз өзіміздің басымыздан қиыншылықты өткерген уақытта ғана мораторийді тоқтату туралы айтуға болады. Қазір мемлекеттік қызмет орындарының ішінде айтарлықтай ауқымды қысқарту жүргізу туралы үкімет қаулысы қаралып жатыр. Былайша айтқанда, бос қызмет орындарын біз алып тастаймыз, және бірқатар адамдарды да қысқартамыз», - деп түсіндіреді премьер-министр.
Қош делік, бюджеттің бүйірін сорған арамтамақтардың қысқарғаны дұрыс. Бірақ та сол «Самұрық-Қазына» құрылған кезде, әу баста түкке қажетсіз мыңдаған адамдарды қызметке топырлатып неге қабылдады? Білмесеңіз айтайын, баяғы мемлекет қаржысына қарын тойғызу үшін. Яғни, биліктегі көкелер өздерінің жақын-жұрағаттарын, туған-туысқандарын жалақысы мол, жағдай жасалған жылы-жұмсаққа орналастырды. Қордың есебінен басына пәтер, астына мәшине әперді, ішкен-жегені, киген киіміне дейін мемлекет қалтасынан төленді. Бұдан артық қандай бақыт керек. Пәтер демекші, мұнда да байқасаңыз билікті жағалаған жақсы-жайсаңның аузы майланды. Құрылыс компаниялардың көпшілігінің иесі шенді-шекпенді екендігін ескерсек, «Самұрық-Қазынаның» өз қызметкерлеріне пәтерді қайдан сатып алғандығын білу қиын емес. Дағдарыс салдарынан жұмысы қаңтарылып, салған үйлері өтпей тұрған компаниялар дайын тауарды мемлекетке тиімді бағаға сатты. Сөйтіп, біреулері тегін баспанаға қолы жетіп қарық боп жатса, енді біреулері тұрғызған үйлерін саудалап табысқа кенелуде. Екеуінде де биліктегі қасқалардың ұпайы артты, қарашы халыққа соқыр тиын да жоқ.
Тағы да штатты қысқартамыз деп үстелді тоқпақтайды үкімет басшысы, бірақ оның нәтижесі қандай болатыны белгілі. «Самұрық-Қазынаның» майлы жілігін қос қолдап ұстаған бай-бағланның балалары, иә жақын адамдары сонда қайда барып күнелтпек? Далада қаңғырып қалмайтыны анық, ендеше басқа жерден одан да зор майшелпек әзір тұр деңіз.
«Қазақстан» апталығы. 24. 06. 09