Сенбі, 23 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 3854 12 пікір 22 Маусым, 2020 сағат 13:55

Үкімет 16 баласы барларға 177 792 теңге береді

Коллаж baribar.kz сайтынан алынды

Қазақстанда 16 баласы бар ата-аналар 177 792 теңге алады. «Аzattyq-ruhy.kz» сайты жазды. Биыл мамырда президент Тоқаев 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға арнайы берілетін жәрдемақы мөлшерін белгілеген Заңға қол қойған екен. Ол бойынша:

- 8 балаға - 88 896 теңге

- 9 балаға – 100 008 теңге,

- 10 балаға – 111 120 теңге,

- 11 балаға – 122 232 теңге,

- 12 балаға – 133 344 теңге,

- 13 балаға – 144 456 теңге,

- 14 балаға – 155 568 теңге,

- 15 балаға – 166 680 теңге,

- 16 балаға – 177 792 теңгеден беріледі.

Еңбек ресурстарын дамыту орталығы таратқан ақпаратта осылай деп жазылған. Сонымен, көп балалы отбасыларға берілетін көмек ақшаны өсіру алгоритмі осылай тұзіліпті.

Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап көпбалалы отбасыларға жәрдемақы тағайындалған болатын. Ол бойынша, 4-тен 15-ке дейін баласы бар отбасылар әр балаға 11 мың теңге көлемінде жәрдемақы алатын. Енді бұл санатқа 16 баласы барлар да енгізіліп отыр. Сөйтіп, 1 шілдеден бастап жәрдемақы отбасындағы балалардың санына қарай төленеді.

Естеріңізде болса, бұған дейін Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 15 баласы барларға 159 мың теңге төленетінін айтқан еді. Сол кезде желідегі біраз жұрт министрдің бұл айтқандарын күле қабылдап, «15 балаға 159 мың теңге ғана береді екен», - дескен. Ескі есеп бойынша, әр балаға 10 600 теңгеден айналған. Енді, 16 баланың әрқайсысына 11 074 теңге төлемек көрінеді.

Әлгі 15 баланың әңгімесі шыққанда, Қазақстанда кәмелетке толмаған 15 баласы бар 1 ғана отбасы бар екені айтылған. Демек, әлгі 159 мың теңге Қазақстанда бір ғана отбасына төленетін.

Енді бала санын 16-ға көтеріп, жәрдемпұлға «бақандай» 474 теңге қосыпты. Тақырыпқа тұздық үшін: Қазақстанда 177 мың теңгеге үміткер отбасы бар ма?

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5478