Сәрсенбі, 2 Қыркүйек 2026
4000 1 пікір 22 Маусым, 2020 сағат 13:37

Коронавируспен ауырған Назарбаевқа түркімен президенті қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа жедел хат жіберіп, коронавирус инфекциясын жұқтырды деген хабарды ауыр қабылдағанын жеткізген.

Бұл жөнінде Түркіменстанның ақпарат агенттігі хабарлады.

"Өмірлік энергияңыз бен күш жігеріңіздің арқасында бұл індетті тезірек жеңіп шығатынығызға сенемін. Қиын күндері сізге барынша қолдау көрсетіп, керек болса көмектесуге дайын екенімді жеткізгім келеді", – деген түркімен президенті Назарбаевқа жолдаған жедел хатында.

Қазақстанды 30 жыл билеп, былтыр өз еркімен отставкаға кеткен Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавирус жұқтырғаны өткен аптада хабарланған.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтан COVID-19 вирусы анықталғаннан кейін Қазақстанның бірқатар шенеуніктері оқшауланған. Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің де вирус жұқтырғаны хабарланды.

Ал Түркіменстан билігі елде коронавирус жоқ деп келеді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 266
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 716
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 277
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 267