Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2362 0 пікір 18 Қараша, 2011 сағат 05:13

Арман Әлменбет. Терезедегі жапырақ

Оңтүстiк батыстан соққан ызғарлы жел сiбiрлеп жауған жаңбырды бүркiп тұр. Соққан сайын ышқына түскен. Ағашынан айырылып, қайда түсетiнiн айқындай алмай, желге қипақтай берген жапырақтарды тормен қабатталған кішкене терезенiң әйнегiне жабыстыра алмай әуреге түседі. Әйнектiң ар жағында ағаштан қиылып, шеттерi бедерленiп істелген үстелде қарама-қарсы екi жiгiт отыр. Бiрiнiң қасы қабағын түгел жапқан, жағы шығыңқы, отырысында бекзаттық байқалады, өңi ақ құба. Аты - Айдар. Екiншiсiнiң жүзi қоңырқай, қою қара шашы көзiне түскен, бүркiт тұмсық, жұқалтаң ерiндi. Ныспысы - Дулат. Екеуінің де алдарында желiнiп бiтпеген тамақтары.

Оңтүстiк батыстан соққан ызғарлы жел сiбiрлеп жауған жаңбырды бүркiп тұр. Соққан сайын ышқына түскен. Ағашынан айырылып, қайда түсетiнiн айқындай алмай, желге қипақтай берген жапырақтарды тормен қабатталған кішкене терезенiң әйнегiне жабыстыра алмай әуреге түседі. Әйнектiң ар жағында ағаштан қиылып, шеттерi бедерленiп істелген үстелде қарама-қарсы екi жiгiт отыр. Бiрiнiң қасы қабағын түгел жапқан, жағы шығыңқы, отырысында бекзаттық байқалады, өңi ақ құба. Аты - Айдар. Екiншiсiнiң жүзi қоңырқай, қою қара шашы көзiне түскен, бүркiт тұмсық, жұқалтаң ерiндi. Ныспысы - Дулат. Екеуінің де алдарында желiнiп бiтпеген тамақтары.

- Менiң бiр досым бар едi, - дедi Дулат, - бiр сыныпта оқығанбыз. Бозбала кезден бiр үйдiң баласындай болып, екi үйге кезек қонып өстiк. Бiздiң ауылдың қысы қатты болады. Сегiзiншi сынып оқып жүргенiмiзде желтоқсанның ортасына жетпей-ақ оның үйiнде де, бiздiң үйде де көмiр бiттi. Сол жылы отын түсiрмеген болатынбыз. Отбасының қорғаны екеуiмiз болып қалдық. Өйткенi, екеуiмiздiң де әкелерiмiз сол кездерде жаппай белең алған салт бойынша арақ iшiп кеткен едi. Ертеңгілік кетіп, кешкісін сүйретіліп келетін ол кiсiлерден қайыр күтуден қалғанбыз. Аман болса болды дейміз. Шешелерiмiз қанша тырысса да, қақаған суықта көмiр тасуға қайраттары қайдан жетсiн, он төртке ендi толған бiзге қарайды. Жұмыста бiрге iстейтiн, жегжаттығы бiр кiсiлермен келiсiп келедi де: «Екi қап көмiр беретiн болды», - дейдi, оған да тәубә дегендей қылып. Бүгiн бiздiң үйге әкелсек, ертесiне досымның үйiне тасимыз. Тасимыз деп айтуға қазiр оңай. Ол кезде буынымыз әлi қатпаған, зiлдей қапты көтерiп шанаға салудың өзi бiз үшін оңай емес. Тері қолғаптан өтіп кеткен суық онсыз да әлсіз саусақтарды жансыздандырып, одан сайын әлсірете түседі. Басқа достарымызға көрiнiп қалуға ұялып, түнде баратынымыз тағы бар. Қараңғыда шаңы бұрқыраған көмiрқораның iшiнде қаптың аузын байлай алмай бiраз әуре болушы едік. Ондай күндері сабақтан кейiнгi бар бiтiрген жұмысымыз сол болады. Кешке етсіз көжені әзер тауысып, төсекке құлаушы едік. Сөйтiп, сонша әурешiлiкпен келген байлығымыз екi жұмаға жетпей қайта таусылады. Темiр шананы сүйреп, тағы шығамыз. Ол жiгiт екеуiмiздi жақындатқан да сондай қиындықтар шығар. Кейiн студент болған кезде бiр-бiрiмiзге өтiнiш айта қалсақ, мiндеттi түрде орындайтын едiк. Бостан босқа мазаламайтынбыз, әрине. Бiрақ екеуіміз де қандай жағдайда да шақыра қалсақ, келетiн бiр адамның бар екенiн бiлiп жүрушi едiк. Сол досым екi жыл бұрын отау құрды. Келiншегi маған о бастан-ақ жылы қабақ танытпап еді, ақыры уақыт өте келе досым да жүзi таныс адамдардың қатарына қарай ығыса бердi. Бiр мезгiл үйiне шақырусыз барып, арқа-жарқа болып отыра алмаған соң, несi достық. Әйтеуiр, әйелiмен дұрыс болсын деп тiлеулес болып жүрiп жатырмын. Ендi ондай дос табыла ма, жоқ па?! Мен оған керегi жоқ шығармын, бiрақ ол маған сексен-тоқсанға келіп, алжығанға дейiн керек едi...
- Бiздiң ауылда бiр қария қайтыс болғанда бала кезден бiрге өскен досы өз үйiнiң артына барып ұзақ жылаған екен, - дедi Айдар аздаған үнсіздіктен кейiн, - Ол екi қарттың дос екенiн естiсем де, бiрiнiң үйiнен бiрi шықпай, үнемi бiрге жүргенiн көрген емеспiн. Әйтеуір, бірде ауылда ас берілген кезде әлгі шал қазы-қартадан кесіп, қағазға орап алып, «Кенбайға апарайын», - деп, төсек тартып жатқан досына кетіп бара жатқанын көргенмін. Мүмкiн достық деген бiр кездерi бiрге өткерген сәттер мен бiрiнiң сырын бiрi бiлу ғана шығар. Ер жеткеннен кейiнгi кезде бұрынғыдай шүйiркелеспесең де, анда-санда кездесiп қап, немесе алыста жүрiп амандығын бiлiп жүрудiң өзi бiр ғанибет-ау. Жақында әкемнiң ағасы осында келген еді. Екеуiмiз құптан намазын бiрге оқыдық. Намаздан соң мен құран оқыдым да, батасын сол кiсi жасады. «Оқылған Құран сауабын әлдилеп-әлпештеп Дәулетиярұлы Жоламанға бағыштаймыз», - дедi. Мен бала кезiмде осы ағамның үйiнен көзi күлiмдеп тұратын сұлу өңдi, жұқа мұртты Жоламан деген кiсiнi жиi көретiнмiн. Қалалық драма театрының әртiсi тұғын. Жап-жас едi. Әрине, ол кезде бұл кiсi де шашына ақ түсе қоймаған, отыздың ортасындағы дер шағы. Екеуi әзiлдесiп, Жоламанды ағам әдемi көзiне қарап, «Ботагөз» деп атайтын. Кейiн сол Жоламан суға кетiп, қайтыс болыпты деп естiгенбiз. Осыдан неше жыл бұрын... Намаздан кейiн: «әлгiнде құран бағыштаған кiсiңiз сол баяғы Жоламан ба?», - деп сұрадым. «Ботагөз ғой», - дедi бетi шалбарлана бастаған ағам, - «марқұм осы жақтың жiгiтi едi...». Қатары сиреудiң дәмiн тата бастаған бұл ағам, марқұм досының елiне келгенде «Ботагөзiне» жасап жатқан өзiнше бiр құрметi екен. Мүмкiн жанымызда жүрген соң бар достарымызға ренжи беретiн шығармыз. Қапыда айырылып қалсақ, орынын сипап қалатын да шығармыз, кiм бiлсiн.
- Лермонтовтың кейiпкерi «екi достың бiрi - екiншiсiнiң құлы» деушi едi. Сол сөздiң жаны бар ма екен әлде...
- Ардақты Пайғамбарымыз «Жұмақта әркiмнiң бiр досы болады, менiң жұмақтағы досым - Осман» деп, Хазiретi Османды көрсеткен екен. Демек, достық ешқандай да құлдық емес деген сөз.
- Мүмкiн. Бiрақ достықтың алданыш болуы да кәдiк. Жалғызсырап қалмас үшiн, бiреумен алдану. Сосын ол сенi аяғандықтан досыңның кейпiне енедi.
- Жақында оқыдым деген Хэмингуэйдiң «Шал мен теңiзiндегi» бала мен шалдың қарым-қатынасын айтып отырсың ғой. Мүмкiн алданыш пен аяныш қана емес, ол жерде адамгершiлiк те бар шығар. Өмiрге деген өшпендiлiкке талпынғанша, шама келгенше мейiрiмге ұмтылған жөн-ау...
Суи  бастаған тамақтарына қолдарын созды. Аз уақыт дамылдауға тоқтағанымен, екеуiнiң де әлi айтарлары көп екенi көрiнiп тұр.
Далада жел күшейе түскен. Iшiн тарта соққанына қарағанда, арты қарға ұласатын да түрi бар. Кiм бiлсiн... Ызғары бар, түрi жаман.
Әйнекке әр жерінен үш жапырақ жабысыпты.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502