Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4329 2 пікір 26 Маусым, 2020 сағат 13:11

Әйтенов өзінің функционалдық міндеттерін біле ме?

Әкім Әйтенов өзінің функционалдық міндеттерін біле ме? Заңды білмей немесе ұмытып отырсаңыздар, естеріңізге салайын. Әкімдік - БАҚЫЛАУШЫ орган ЕМЕС, әкімдік - АТҚАРУШЫ орган!

Екі үш күннен бері әкімдік қызметкерлерінің жазбаларын оқып отырмын. «Әкім тікелей бақылауда» дегенді қалай түсінуге болады?!

Халық ауруханалар жетіспеушілігінен, дәрі дәрмектің жоқтығынан, уақытылы көмек көрсетілмеуінен тіпті, өліп кетіп жатыр. Ал сіздер тек қана «қатаң бақылауында» деген сөзден аса алмай отырсыздар!?

Әйтенов мырза, Шымкентке бақылап отыру үшін келдіңіз бе? Бізде бақылаушы орган - ПРОКУРАТУРА болып табылады!

Бес миллиардқа салынған аурухананың лентасын қиғанын көрдік, ал ішіне адамдарды қабылдағанын естіген де, көрген де жоқпыз! Бүгін мектепке ауруларды жатқызу үшін қосымша орындардың ашылатынын осы фейсбукта оқып қалдым. Сонда ауруханаларды құрылыс жөндеу жұмыстары үшін жауып, балалар оқитын мектепті жұқпалы аурулар жататын орын етпекшісіздер ме?

Жылдың басынан әлемді өзіне қаратқан пандемия жайлы айтылып та, жазылып та жатыр. Аурухананың жөндеу жұмыстары соншалықты маңызды болды ма? Әлде ауруханаларға жүргізілетін құрылыстың тендері маңызды ма?

Өлім саны өсуіне байланысты шұғыл түрде штаб құруды талап етемін! Күнделікті отырысты ашық ұйымдастырып, нақты проблемаларды шешуін қамтамасыз ету керек! Штаб құрамына тиісті құзырлы органдармен қатар, қоғам белсенділерін қосу керек!

Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық! Яғни, бақылап, баға беруші де ХАЛЫҚ!

Айгүл Орынбектің желідегі жазбасы

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5379