Сенбі, 23 Қараша 2024
3231 0 пікір 27 Маусым, 2020 сағат 13:10

Қырғызстан COVID-19 бар-жоғын анықтайтын сынақты жаңа әдіспен өткізеді

Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігі COVID-19 бар-жоғын анықтайтын сынақты жаңа әдіспен өткізеді. Бұл туралы 26 маусымда министрдің орынбасары Мадамин Каратаев хабарлады.

Оның айтуынша, COVID-19 бар-жоғын анықтауға арналған зерттеу JenExpert әдісімен жасалады.

"Зерттеу Ұлттық фзитиатрия орталығында өтеді. Бұл әдіс бір сағатта 8 сынаманы 99 пайыз дәлдікпен зерттей алады. Бұған дейін осы әдіспен туберкулезді зерттейтін. Біз 6,5 мың картридж алдық. Тағы 50 мың картридж аламыз. Сол арқылы анализдерді тез анықтаймыз", - деді министрдің орынбасары.

Қырғызстанда бейсенбіде 250 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Одан бір күн бұрын 228 адамның вирус жұқтырғаны мәлім болды.

Қырғызстанда пандемия басталғалы бері 4204 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. 2162 адам ауруханадан шықты. 43 адам жұқпалы індеттен қайтыс болды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5340