Сәрсенбі, 27 Қараша 2024
46 - сөз 4488 3 пікір 29 Маусым, 2020 сағат 14:42

Бұл Цой басқаратын министрліктің атын шығару үшін жасалып отыр ма?

Жаңа министр Алексей Цойдан жарнама үшін дәрігерлерді өлімге жібермеуін сұраймыз немесе «Саламатты Қазақстан» ұлт денсаулығының кепілі бола ала ма?

Мемлекеттің негізгі байлығы халық дейтін болсақ, сол халықтың денсаулығы қашанда бірінші орында тұрары анық. Сол себепті болар, жыл сайын шалғай елдімекендерді аралап, халықтың денсаулығын түзетуге себепші болатын «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы жүріп тұрады. Дұрыс. Қолдаймыз. Рас, аталмыш пойыздың пайдасы шаш етектен. Өйткені қазіргідей қиын кезеңде тегін медициналық көмек алу аса қажет. Дәрігерлердің құрамы да сан алуан, нақтылайтын болсақ, терапевт, офтальмолог, лор, невропотолог, хирург, стомотолог, уролог сынды қоғамға қажетті маман иелері бар. Бәрі дұрыс, бәрі жақсы.

Алайда биыл яғни қазір коронавирус індеті етектен алып, өршіп тұрған кезде мұндай пойыздың елді аралап шығуы қаншалықты тиімді екенін білмей отырмын. Қолдағы бар деректерге қарасақ, алдағы шілдеден желтоқсан айына дейін жүретін «Саламатты Қазақстан» пойызы тағы шықпақ екен. Бұл мемлекеттік тапсырысты С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті алып отыр. Бұйрыққа сәйкес 5 медициналық бригада жасақталмақ көрінеді. Әр бригадада 30 дәрігер және 50- ге тарта теміржол қызметкерлері болмақ. Пойыз екі бағытта жүрмек. Бірі Нұр-Сұлтан қаласынан шықса, екіншісі Алматыдан жүреді. Әр пойызға 250 миллион теңгеден бөлініп отыр. Бір қарасаң бәрі жақсы. Ұлт денсаулығын түзетуге жасалған қадам. Бірақ дәл қазір осы керек пе? Өйткені осы пойызбен бара жатқан дәрігерлердің өзі қаншылықты індеттен ада. Араларында пандемияны жұқтырғандар болса ше? Онда шалғайдағы едімекен адамдарына жұқтырып, елдегі жағдайды одан ары ушықтырып алмаймыз ба деген көңілде күдік туады.

Ірі қалаларда пандемияны ауыздықтай алмай отырғанда алыс ауылдарда өз қолымызбен таратып алсақ, қайтпекпіз? Мұны ойлаған адам бар ма? Денсаулық министрілігі не дейді? Әлде бұл осы министрліктің атын шығару үшін жасалып отырған жарнама ма? Әлде мемлекеттен бөлінген қомақты ақшаны игерудің төте жолы ма? Ойланатын мәселе.

Қазіргідей індет өршіп тұрған кезе дәрігерлерде айлап жол сапарға шығуға құлықты емес екені анық. Демек мұны да Денсаулық министрлігі ескерген жөн. Ақиқатын айтсақ, қазір «халықтың денсаулығын көзден таса етпей отырмыз» дейтін арзан жарнама жасайтын кез емес.

Азаматхан Әміртайдың жазбасы

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1550
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3344
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6168