КӨРКЕЙГЕН КӨКПЕКТІ
Жиырма жылдың ішінде атқарылған игі істердің арқасында әрбір өңіріміз өзгеріп, өміріміз жақсарып келеді. Төменде Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауылынан фоторепортаж беріліп отыр. (Суреттер «Егемен қазақстан» газетінің сайтынан алынды).
Сонау нарық қатынастарына өтпелі кезеңде Көкпекті ауданының тұрғындары (ШҚО) қаржы тапшылығы салдарынан қатты күйзелді. 1997 жылы оңтайландыру саясаты негізінде бұрынғы Самар ауданымен біріккен соң, «Қолы қимылдағанның, аузы қимылдайды» дегендей, экономиканы алға бастыру қамымен біршама істер тындырылды. Алайда көптеген ауылдардың тоз-тозы шығып, аудан орталығындағы бірқатар әлеуметтік ғимараттар ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетті.

Еліміз тәуелсіздік алған жылдар ішінде ауданда көп істер атқарыла бастады. Соңғы 2 жылдан бері ауданды білікті басшы Дүйсенғазы Мусин басқарып келеді. 9 жыл бойы көрші Жарма ауданын іскерлікпен басқарып ауданды алдыңғы қатарға шығарған, сол қажырлы еңбегі үшін «Құрмет» орденін омырауына таққан Д.Мусин ауданды көркейту, экономиканы өрге бастыру жолында ізденістер таныта бастады. Ол ең алдымен Көкпекті ауылының көшелерін жөндеп, асфальт төсеттірді. Иесіз қалған ғимараттарды күрделі жөндеуден өткізді. Бұдан 2 жыл бұрын облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен «Туған жерге тағзым» акциясы дүниеге келген еді. Ондағы мақсат осы жердің түлектері, кәсіпкерлікпен шұғылданып жүрген жаны жайсаң азаматтарды туған елінің экономикасын көтеруге тарту болатын. Бұл шақыруға ең бірінші болып Көкпекті ауданында кіндік қаны тамған, қазір Алматыда тұратын Нұрбек Уалиев үн қосты.
Нұрекең «Елім-ай» деген бағдарламаны дүниеге әкеліп, Көкпектіде 216 млн.теңгеге тұрғындарға қызмет көрсетуге арналған кешен салып берді. Ол ауданның 80 жылдық мерейтойы қарсаңында салтанатты жағдайда ашылды. «Елім-ай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі еліміздегі ең ірі серпінді жобаға енетін сиыр етін шетелдерге экспортқа шығаратын мал бордақылау кешенінің құрылысын бастап кетті. Оның сметалық құны 4 млрд. теңгеден асады, аяқталу мерзімі - 2012 жыл. Аталмыш кешен Көкжайық ауылында бой көтермек.
Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойын Көкпектінің тағы бір іскер азаматы Тұрарбек Ракишев өзіндік сый-сияпатымен қарсы алмақ. Ол 15 млн.теңгеге Самар ауылында «Ромат» атты фирмалық дәріхананы іске қосты. Биыл Көкпекті ауылында 90 орындық балабақша, Самар ауылында балабақшаға қосымша 75 орынды 3 топ ашылды. Балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту және тәрбиелеудің өсу қарқыны 9 ай бойынша 110,1 % құрады.
2011-2012 жылдарға 2 білім беру нысанын салу жоспарланды. Ақой және Мамай ауылдарында 80 орындық мектептің құрылысы аяқталмақ. Денсаулық сақтау саласында әлеуметтік маңызды көрсеткіштердің реттелуі бақыланды. 2010 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда сәбилердің туу деңгейі өсіп, ол 120,3 %-ды құрады, бұл облыс аудандары арасында 1-орын деген сөз.
Көкпекті ауданының барлық ауылдық округтері қазір ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығын есте сақталатындай мәнді де сәнді өткізуде. Ауылдар көркейіп, ағаш көшеттері отырғызылды. Мектептер мен мекемелер, ұжымдар мерейтой құрметіне бағдарламалар жасап, қарттар және ардагерлермен кездесулер өткізіп, қайырымдылық акциясын ұйымдастыруда. Аудан әкімі Д.Мусиннің айтуынша, биыл Көкпектіде мәдениет үйі, балабақша, оқушылар демалатын жазғы лагерь ашылыпты. Ағымдағы жылдың 9 айында 7 млрд.-қа жуық жалпы аймақтық өнім шығарылған. Қазір ауданда 70 мыңға жуық ірі-қара, 13 мыңға жуық жылқы бар, мал басы тұрақты өсіп келеді. Жыл басынан бері 1 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді.
Көркейіп, гүлденіп келе жатқан Көкпекті ауданының тұрғындары Тәуелсіздік мерейтойын осындай тартумен қарсы алмақ.